"Бар-бар": Ерке Есмаханның атышулы әніне отандық әнші жауап берді (видео)

Серік Ибрагимов қаралым жағынан рекордтық көрсеткішке жеткен Ерке Есмаханның "Қайдасың" әніне жауап ретінде "Бар-бар" әнін шығарды. Әнші ол жерде Ерке сынды "жоғын" іздеген қыздарға елімізде лайықты жігіттердің көп екенін айтады. Аталған ән Instagam желісінде тарады, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?

Адамдарды біріне бірін жақындастыратын ең маңызды жайт – екеуара ұқсастығы. Өмірге деген көзқарастары ұқсас болса, ой-пікір бір жерден шығып отырса, жігіт қыздың анасына, қыз жігіттің әкесіне ұқсайтынын байқаса, арадағы байланыс беки түседі. Ұқсастықтар жақындатқан қос ғашық бір-бірінен не тілейді? Алға бірге жоспар құрып, болашаққа бағыт алған соң, жай ғана жанында жүруі жеткіліксіз. Қыздар мен жігіттердің пікіріне сүйеніп, ортақ мынадай нәтиже шығардық.
Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Оқыған, жұмысы бар қазақ қыздары неге теңін таппай отыр?

Қазіргі қоғамдағы мәселенің бірі – оқыған-тоқыған, жұмысы бар қыздардың теңін таппай отырғаны. Кейбір деректерге қарағанда, еліміздегі 18-бен 35 жас аралығындағы 700 мың тұрмысқа шықпаған қызға 300 мың бойдақ келеді екен. Осы орайда Астана арнасы мұның себебін білу үшін бірнеше қызды әңгімеге тартты, деп хабарлайды NUR.KZ.
Жаңалықтар
Толық

"Жігіттердің" сүр бойдағы Мырзахан үйленді

"Жігіттер" квартетінің әншісі Мырзахан Маханов орда бұзар шағында отбасын құрды.

"Жігіттер" тобының сүр бойдағы Мырзаханның аяғына тұсау салынды. Әнші қараша айының оныншы жұлдызында сүйікті жары Гүлім есімді астаналық аруды қолына қондырды. Гүлімді ата-анасы қазақы салт-дәстүрге сай ұзату тойын жасап, қыздарын сері жігітке сеніп тапсырды.

Топтағы әнші жігіттердің айтуынша, Мырзахан үлкен тосын-сый жасаған. Өйткені, ол өзінің үйленетіні туралы алдын-ала тіс жарып ешкімге айтпаған көрінеді.

Ендеше, бізде өз тарапымыздан өнер иесіне шаңырағыңыз шаттыққа толсын деген тілек білдіреміз.

Жаңалықтар
Толық