Көшбасшы болу үшін

Әлемде миллиондаған ақылды адам бар. Бірақ олардың бәрі бірдей беделді болып, қоғамға пайдалы дүние ойлап тапқан жоқ. Адам ақылын шығармашылық ойлау қабілетімен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ұштастыра білгенде ғана көздеген биігіне жетпек. Әлемге әйгілі көшбасшылардың өмір жолына көз салып, өнеге алайық.

Стив Джобс Apple өнімін шығарарда бала шағында болған мына жай әсер еткен екен. Бірде Стивтің әкесі үй сыртына аула салуды тапсырады. Ауланың ішкі бөлігін ешкім көрмей-ақ, сыртын көргеннен тамсанып, іші де дәл сондай керемет екеніне күмән келтірмейтіндей ұқыпты да әдемі жасалуын қатаң қадағалайды......
Кеңестер
Толық

Ми жұмысын арттыру үшін

1. Жаңа орын
Ешқашан көрмеген немесе өте сирек баратын жерлерді аралаңыз. Ол үлкен саябақ, көрме немесе зергерлік дүкен болуы мүмкін.

2. Жаңа иіс
Эфир майы құйылған кішкентай флаконды немесе хош иістендірілген кез келген зат сатып алыңыз. Әр таңда ояна сала, сол жаңа иісті иіскеп жүріңіз – бұл миды «оятуға» көмектеседі.

3. Жұмулы көз
Кешке үйіңізде жарықты жақпай, біраз нәрсені ойша тауып көріңіз. Бұл жаттығу зейініңіз бен есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, душқа түскенде де көзіңізді жұмып алыңыз. Ештеңе көрмегендіктен басқа мүшелеріңіздің сезгіштігі арта түседі......
Кеңестер
Толық

Жақсы жар

Ер адамның әйелімен қарым қатынасында көптеген міндеттері бар:
?1-Әйелімен Пайғамбарымыздай (ﷺ ) мейірімді, жұмсақ болуы тиіс.♡
?2-Үйге кіргенде әйелімен сәлемдесіп, қал-жағдайын сұрауы керек.♡
?3-Оның көңілді екенін көріп, әзілдесіп, шашынан сипап, құшақтауы керек.♡
?4-Ал егер әйелі көңілсіз жүрген болса, себебін сұрап, жақсы көретінін айтуы тиіс.♡......
Кеңестер
Толық

Бет тазалаудың кешкі ережелері

Кешке макияждан тазарту да бет күтімінің маңызды бір бөлігі. Өкінішке орай бетті тазартуға мән бермейтін не сабындап жуа салатын құрбыларымыз кездесіп қалады. Бетті дұрыс тазалау – әжімнің ерте түспеуінің бір кепілі болып табылады.

Кейбір бикештер «боянған жоқпын, сондықтан бетімді тазалаудың да қажеті жоқ» деп есептейді. Бұл – қате түсінік, себебі ауадағы шаң-тозаң тері бездерін бітеп, уақыт өте келе бет ажарының бүлінуіне әкеп соғады.

Ертеректе сабыннан басқа лосьонмен тазартқан болса, қазір сүт, тоник, гель сияқты түрлері өте көп. Тек дұрыс пайдалана білу қажет......
Кеңестер
Толық

Әйелдер туралы қызықты деректер

✅ 1. Қол беріп амандасқанда, қыздар көбіне қолды қыспайды.

✅ 2. Қыздар көп жағдайда қолын бос қалдыруды жөн көрмейді. Сондықтан қолына міндетті түрде сөмке ұстап жүреді. Сөмке болмаса, гүл, қолғап, т.б. ұстайды.

✅ 3. Қыздар отырған кезде, екі аяғын бір-біріне параллель етіп қояды немесе аяғын айқастырады.

✅ 4. Әйелдердің жүрегі ер адамдардың жүрегіне қарағанда 20%-ға кіші.......
Кеңестер
Толық

Тіс пастасының кереметтігі

✅ 1. маса не одан басқа шаққан жəндіктердің, кесілген жердің ауырғанын қайтарады.

✅ 2. күйген кезде қолданады.

✅ 3. терінің кемшілігін жасырады. Безеуді кетіргеннен кейінгі қалған орынды өз қалпына келуін тездетеді.

✅ 4. Қол тырнақтарының жылтырауына көмектеседі.

✅ 5. Бүлінген шаштың қалпына келуін тездетеді.......
Кеңестер
Толық

Қыз баланың қадірі

Қыз бала туылғанда ренжу, әсіресе анасын айыптау – үлкен қателік. Құран кәрімде «Аллаһ қалағанына қыз, қалағанына ұл бала береді. Біреулерге әрі ұл, әрі қыз бала береді, ал қалағанын тумайтын қылады. Барлық нәрсені хаққымен білетін және бүкіл нәрсеге күші жететін тек қана Аллаһ» делінген. (Шура 49, 50)

Сүйікті пайғамбарымыз «Қыз балаларды қор қылмаңдар» деген. Қор қылу, дінді білмеуден туындайды. Қайырлы перзент сұрау керек. Қайырлы болмайтын болса, қыз немесе ұл болуының қандай айырмашылығы бар?......
Кеңестер
Толық

Көз айналасындағы әжімдерге қарсы маскалар

Көз айналасында мимикалық әжімдер ерте пайда болады. Жастайынан көз айналасындағы теріні күтіп, әжімдердің алдын ала білу ләзім. Қолдан жасалған маскалардың бір ерекшелігі, құрамына қосылатын ингредиенттердің сапасына сенімді бола аласыз. Сіздерге бірнеше маскалардың жасалуымен таныстырмақпыз:

✅ Ақжелкен (Петрушка) маскасы. 1 кішігірім ақжелкен шоғырын ұсақтап турап, 1 ас қасық қаймақпен араластырасыз. Түзелген қоспаны көз айналасындағы теріге жағып, 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Ақжелкен маскасы теріні құнарландырып, ұсақ әжімдерді жазады.......
Кеңестер
Толық

Бойыңызды өсіргіңіз келсе

25 жасқа дейін адамның бойы өсетінін жақсы білетін шығарсыздар. Ал одан кейін бойыңыз отырмаса, өсуі екіталай. Ал егер сіз 25 жасқа толып, ұсынғалы отырған қағидаларымызды ұстансаңыз, сіздің ағзаңызда үлкен өзгеріс пайда болып, бойыңызды бір қалыпта ұстай аласыз. Белтемірге көп тартылатын адамның бойы тез өседі деген сөзді жиі естиміз. Алайда бойдың өсуі тек белтемірге байланысты емес. Егер салауатты өмір салтын ұстанып, денеңіз бен бұлшықетіңізді қатайтатын жаттығулар жасасаңыз, бойыңыз өзгелерден ұзын болып өседі.......
Кеңестер
Толық

Қонақ күту ережелері

Үйде қонақ күту – ғанибет саналғанымен, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Келген қонағыңыз өзін жайлы сезініп, риза болып кету үшін не істеу керек? Мұндайда күтіп алатын үй иесі мен оның әрекеттеріне көп нәрсе байланысты.

Үйімізге қонақтарды біз түрлі себептермен шақырамыз: әдетте Жаңа жыл, Наурыз сияқты мейрамдарда, мерей той, туған күн деген сияқты атаулы даталарда немесе жай кездесіп, әңгімелесіп қайтуға. Себебіне байланысты қонақтарды да соған сай шақыру керек.......
Кеңестер
Толық