Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты....
Қазіргі уақытта барлық посткоммунистік елдерде экономикалық парадигманың ауысуы, шаруашылықты жүргізу теориясыиен тәжірибесінде гуманистік даму бағыттарының дами түсуі болып жатыр. Жақында өткен заманда экономикалық өсу қайнары басты түрде материалды-техникалық базаның қалыптасуына байланысты қарастырылды. Елдің даму деңгейі өндіріс көлемінің өсу дәрежесіне сәйкес анықталды, және адам капиталдың түпкілікті элементтері сияқты тура сондай қор ретінде болғанда, тиімділік критерийлері өндірістің негізгі элементтері қайтарымының түрлерімен ұштастырылды. Жаңа экономикалық парадигмада акценттер ығыстырылады. Оның орталығында – экономиканың тиімді сапалы түрленуге және құрымдылық ығысуға қабілеттілігін бағалау тұрады. Экономиканың даму дәрежесі туралы аса толық түсінікті халық шаруашылығының құрылымы береді, ол нарықтық жағдайларда жеке салалардың ілгері дамуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек. Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен және материалдық өндірістің әлеуметтік-экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылық және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындарды орналастыру арқылы үйлеспеушіліктер жойылады, олар қоғамның мұқтаждықтарын есепке алумен қажетті пропорцияларды белгілейді. Ішкі құрылыстағы ығысулар да салалардың даму қарқындарына, табиғи ресурстарды және қолда бар өндірістік аппаратты пайдалануға байланысты болады (46,47). Сонымен, бір аймақтың дамуы меншікті міндеттерді шешуді ескермегенде басқа аймақтардың мұқтаждықтарын қанағаттандырумен анықталды. Оның экономикасы тиімсіз құрылымдық саясаттың салдары болып табылған, бірқатар ерекшеліктермен сипатталады: - ауыр өнеркәсіптің шамадан тыс дамуы, соңғы емес, аралық өнімді шығаратын материал сыйымы салалардың басым болуы; - тұрғындардың қажеттері үшін өндірілетін өнімнің төмен үлесі; - өндірістік аппараттың технологиялық артта қалғандығы (өнеркәсіптің негізгі қорларының тозуы – 60 % -тен артық, оның шамадан тыс көп үлесі металлургиялық, отын-энергетикалық комплекстерде); - экологиялық проблемалар – Орталық Қазақстан қоршаған ортаның ластану және құлдилау дәрежесі бойынша, табиғатқа антропогенді жер етудің жиынтығы бойынша республикада алдыңғы орындардың бірін алады (ол атмосфераға зиянды заттардың лақтырыстары бойынша – бірінші орын).....
Әрбір халықтың тарихы бар. Тарихта адамзат тағдыры мен тылсын дүниеміздің бастауын аламыз. «Қазақ» атты ұлы халқымыздың орта ғасырдағы мәдениетін бізге жеткізген де сарқылмас деректер. Орта ғасырдағы Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, т.б. өмірі мен өнерін осы жұмыста ашып айтылған. Сан ғасырлар бойы сақталып, асыл қазына болып қалған ол ұлы ұлы ғұламалар бізге болашаққа бағыт-бағдар беретін сөзсіз. Сол заманмен бүгінді байланыстыратын – тарих.....
Қазіргі кезде қақтығыс теориясы қосымша нақтылауды иеленді. Қақтығыстану мәселенамасы шамалы нақты сипаттаманы иеленді. Қақтығысты зерттеуде теориялық аспектіні өңдеуде американдық социолог Толкатт Персонспен жүйеленген ұйымның құрылымдық – функционалды үлгі маңызды орын алды. Спенсердің артынша, Соркинннің әсерінсіз (ол 1922 ж. Ресейден кетуге мәжбүр болды, АҚШ – та орнықта, 1930 ж. Гарвард университетінде өзі құрған әлеуметтік факультетті басқарады). Ол қоғамды адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесінде қарастырды, оны байланыстырушы буын қалып пен құндылық деп есептеледі. Парсонс келесі жағдайларды зерттейді: а) кез келген әлеуметттік жүйе беріктік, тұрақтылық және жақсы интегралданған құрылымды ұсынады. б) бұл жүйенің әр элементінің белгілі қызметі бар, соның әсері оның тұрақтылығына үлес қосады; в) әлеуметттік құрылымдары функциялау одақ мүшесінің құнды келісіміне негізделеді, олар қасиетті тұрақтылық пен интеграцияны қамтамасыз етеді. Парсонстың пайымдауынша, әлеуметтік әрекеттің нормативті компоненттері төрт деңгейде айналады: организм, тұлға, әлеуметтік жүйе, мәдениет. Қақтығыстың мүмкіншілігі әлеуметтендіру процесінің өзінде жатыр, нәтижесінде адам тек әлеуметтік жүйе функционалдық әдісіне ғана қатысты емес және сәйкес мәдениетінің құндылықтары мен қарым – қатынастағы организмнің ішкі физиологиялық қасиеттері мен адамның қасиеттіліктерінің әлеуметтендіру нәтижесінде сәйкестікке, белгілі кернеуге өсуі мүмкін. Парсонс әлеуметтік жүйені белгілі типтегі ұйым есебінде түсінеді, ол төрт функционалды тараптарды ұсынады: сыртқы объектілерге бейімдеу мақсатқа жету, жүйені интеграциялау, нормативті – құндылық үлесіндегі құрылымдық формаларды өндіру. Және де, бейімдеу экономикалық қарым – қатанаста мақсатқа жету – саяси жағдайды, интеграция - құқықтық нормалар мен салт – дәстүрлерді, құрылымдарды өндіру әлеуметтік институттар, сенушілік және ізгілікті қамтамасыз етеді деп есептеді. Әлеуметтік Жүйенің ішкі кериарлықтары ауқымды болды, нәтижесінде қақтығыстар пайда болды. Жалпы Парсонс жүйедегі элементтер арасындағы қақтығыссыз «үндісті» қарым – қатынасты жақтаған. Оған қақтығыс әлеуметтік анология, өздігінше дерт , оны жеңу керек деп санаған. ....
Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады. «Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді.Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделі-Байсын тайпасының нақты аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкіл қазақтық көлемге көтереді. «Алпамыс батыр» жыры баспа жүзін алғаш рет 1899жылы («Қисса-и-Алпамыш», Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың қолжазбасынан алған. /3.297/ Басқа да батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жыры да Кеңес үкіметі тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскийдің «Түрік батырлық эпосы» туралы монографиясын атап өтуге болады. «Алпамыс батыр» жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың жазған еңбектерінің пайдасы зор болды. «Алпамыс батыр»жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар болып табылады. Әсіресе, Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы ең толық, әрі көркем түрі. /3.297/ ....
«Алпамыс батыр» жыры қазақ халқының ауыз әдебиетіне жатады және жырдың қазақша бірнеше нұсқалары бар. М. Ғабдулин «Алпамыс батыр» жырының жиналуы мен зерттелуі тураы былай деп жазады: «…«Алпамыс» қазақ еліне, әсіресе оңтүстік қазақтарына, ертеден таныс, көп заман бойына ауызша айту арқылы тараған көне жырдың бірі бола тұрса да, тек өткен ғасырдың аяқ кезінде ғана хатқа түсіп, баспа жүзіне шықты. Жырдың бір вариантын алғаш рет Жүсіпбек қожа Шейхұлы Исламов деген кісі 1899 - жылы Қазан қаласында бастырып шығарды. Содан кейін жырдың осы варианты өзгеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. Жырдың бұл вариантында айтылатын негізгі әңгімелер Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі, Тайшық ханға аттануы. Ұлтанды жеңуі жайында болатын…» (М.Ғабдуллин,«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», Алматы, «Мектеп» баспасы, 1974- жыл, 169 -170 беттер). Алпамыс батырдың қалмақтармен соғысқан сәті жырда былай суреттеледі: … Астында Шұбар секірді, Жазым болып кетер деп, Үстінде бала бекінді, Шынжыр арқан,темір тор, Жүн- жүн болған секілді. Тағы шұбар бұлқынды, Үстінде бала жұлқынды, Қамалап тұрған қалмаққа, Жалғыз бала ұмтылды. Енді қалмақ сасады, Қақпаның аузын ашады. Біріне бірі қарамай, Қақпаға құлып сала алмай, Бет бетімен қашады. Алдыңғы жағын қалмақтың Арт жағы келіп басады… …Көк орданың басында, Көк өзеннің қасында, Тайшық хандай ханына Алпамыс берен айқасты. Қарсыласып қалысты, Тайынбай найза салысты. Біріне бірі ылағып, Екі найза қағысты. Осы менен екеуі Біраз жерге барысты. Найзаларын тастасып, Қылышпенен салысты. Ат үстінен жүгіртіп, Бірін бірі шабысты… («Алпамыс батыр», «Қазақ әдебиеті» (хрестоматия), құрастырушылар: Т.Ақшолақов, Ә.Қанафин, М. Хасенов, Алматы, «Мектеп» баспасы, 2001 -жыл, 89 бет).....
Қазақ мемлекеттiгi құрыла бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды. Солардың бiрi – дала философы атанған Асанқайғы Сәбитұлы (ХIV-ХV) халық есiнде абыз, философ, ақын болып, мәңгi жатталып қалған. Оның бар ғұмыры халықпен бiте қайнасып өткен. Ауызбiрлiгi жетiспеген ортада елiнiң ертеңiн, қамын ойлап, үнемi мұңға батып жүретiндiктен замандастары оны “Асанқайғы” атап кеткен. Аңыз-әңгiмелерде Асанқайғы жүзден асып көп жасаған, үнемi ел кезiп сыншыл көзқарасты қалыптастырған Елдi ауызына қаратқан, көшпендiлердiң мiнез-құлқын жетiк бiлген, дәстүрлерiн құрметтеген ақылды, дана, сәуегей баба атанған. Ол ХV Ғ. Алтын Орда ханының, соның iшiнде ұлы Мұхамедтiң кеңесшiсi болған. Қазан қаласынан Дештi Қыпшақ жерiне қайтып оралған Асанқайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ -хандықтардың өмiрi ұзаққа созылмайтынын болжай бiлген. Асанқайғы, Керей, Жәнiбек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбiлхайыр хандарынан бөлiнуiн жақтайды. Бiрақ сұлтандардың қазақтарды Жайық пен Жем бойына қоныстандырмақ ниеттерiн де құптамайды. Асанқайғы өз халқының “Жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңiрегiнен iздеуге тiкелей араласады. Сондағы дiттегенi: ежелгi скиф, қыпшақ даласынан безбеу, ел iргесiнiң берiк, ағайын ұжымының күштi болуы, “Ел бiрлiгiн нығайту, халық ауызбiрлiктi болса, мемлекеттiк билiк те берiк болады, ондай ел ешкiмге есе берiп, жеңiлмейдi” деген тоқтам. Асанқайғы дүниетанымында адамгершiлiк мәселесi негiзгi орын алады. Асанқайғы адамның өзiн-өзi танып бiлуiн, ашылып түсiнуiн, өмiрдегi орны мен деңгейiн дұрыс бағалайтын, әрекет-қимылдарын сын тұрғысынан саралай алатын қабiлетiн адамгершiлiктiң түпнұсқасына балайды. Оның өмiрге деген парасатты көзқарасы, елiне деген бекем сүйiспеншiлiгi, адамдықты құрметтей бiлген қабiлетi қазақ халқының сана-сезiмiн жаңа сатыға көтеруге зор ықпал еттi. Күнiнде өзiм болдым деп, Кең пейiлге таласпа. Ғылымым жұрттан асты деп Кеңессiз сөз бастама. Жеңемiн деп бiреудi Өтiрiк сөзбен қостама – деп, Асанқайғы азаматтық мiндеттiң жүгiне, күнделiктi нақты түрiне көңiл бөледi. Кiсiлiк қасиеттер - адамгершiлiк пен бiрлiктiң құт-берекесi. Асанқайғының ұғымында, жұртты бай, кедей деп немесе үлкен-кiшi деп жiктеу, бөлу жарамсыз. Ел-жұрт үшiн бәрiнiң де мiнез-құлқының жақсы болуы қажеттi, өзара оңды қарым-қатынас жасауы орынды. Абыздың пайымдағаны: “Таза мiнсiз асыл тас, су түбiнде жатады. Таза мiнсiз асыл сөз, ой түбiнде жатады”. Асанқайғы сөздiң нарқы мен парқын бiлiп, қадiрiн түсiнген шешен. Ол кiмнен болса да қасиеттiң рухын күттi. Өмiр сүрудiң негiзгi мәнi туралы айта келiп, Асанқайғы жақсылардан үлгi алып, жамандардан бойды аулақ салудың қажеттiлiгiн, жас ұрпақтың ата-анасын, үлкендердi сыйлап қастерлеуiн, олардың ақылын тыңдап үнемi басшылыққа алуын, iзгi ниеттi жайсаң жан болып өсу қажеттiгiн еске салады. Осыған орай жыраудың: “Арғымаққа мiндiм деп, артқы топтан адаспа, артық үшiн айтысып, достарыңмен сынаспа” немесе “Қарындасыңды жамандап, өзiңе туған табылмас” деген сөздерiнiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Оның толғауларында адамға деген мейiрiмдiлiк, қайырымдылық, сұйiспеншiлiк қай жағынан болса да, бiрiн-бiрi толықтырып жатады, туған-туыстармен тiл тигiзiп қырқыспайтын, бет жыртысып көңiл қалдырмайтын татулық сезiмi айқын бiлiнедi.....
Қазақтың ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ [1,5], оның пайда болу процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Дулат ақынның Абайға дейінгі поэзияда көркем ойлау жүйесінің жаңаша үлгісін тудырып, ұлттың әлеуметтік үнін, халқының азаттығын жырлауда замандастарынан даралық танытқаны туралы Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев т.б. сияқты көрнекті әдебиет зерттеушілері Кеңестік идеологияның екпіні басылмай тұрған кездің өзінде толымды пікірлерін жазды. Өткен заманның озығынан үйреніп, тозығынан жиренген, тарихтың тұнығынан қанып ішкен талғампаз Алаш қайраткерлері Семей жеріне туларын тіге отырып, сол өлкеде ұлы Абайдың алдындағы бүтіндей бір әдеби дәстүрдің бастауы болған, азаттықты аңсаған саф алтындай бағалы жырлар тудырған Дулат Бабатайұлының шығармашылығын мүлде білген жоқ десек қателескен болар едік. Оның кестелі көркем жырлары сол кезеңдегі азаттықты аңсаған көзі ашық зиялы қауымның айнымас темірқазығы болғандығы анық. Пікіріміздің дәлелі ретінде Дулат ақынның шығармашылығындағы идеялық жаңалықтар мен көркемдік ерекшеліктер турасында азырақ сөз қозғамақпыз. Дулат ақын шығармашылығы біз «Зар заман әдебиеті» деп бөліп қарастырып жүрген әдеби ағымның көш басында тұр. Ол жасы жағынан да, әдебиетке келуі жағынан да осы ағымның өкілдері Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, Нарманбет Орманбетұлы сияқты марғасқалардың алдында болып есептеледі. Сондықтан оны ең бірінші ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамын өз билігінен айырған Ресей патшалығының отарлаушыларына қарсы, қазақ даласындағы әлі де болса дербес хандық биліктің жойылуына қарсы алғаш үн көтерген, патша билеушілерінің шылауындағы аға сұлтан, ұлықтарды оңдырмай сынаған, сол дәстүрді қалыптастырушы жаңашыл ақын ретінде тануымыз қажет. Әдебиеттегі дәстүрдің қалыптасуының бір парасы мазмұн мен пішінге байланысты. Кейде дәстүрді өлеңнің сыртқы пішініне сәйкестендіріп жалғастыратындар болса, көбіне ішкі мазмұнға байланысты да дәстүр жалғастығы жаңғырып жатады. Ал екеуі бірдей тонның ішкі бауындай үйлессе онда әдебиетте жаңа бір арна пайда болады. ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясының ішкі мазмұнына алғаш реформа жасаушылардың бірі ретінде Дулат ақынның қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы зерттеушілер тарапынан биік бағасын алып үлгерді. ....
18-ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі өкілі, жырау-Бұхардың шығармаларының көркемдік ерекшелігі туралы айтпас бұрын жыраудың сол өзі өмір сүрген дәуірде көтерген мәселелері, жырлаған тақырыптары туралы зерттеуші-ғалымдар мен әдебиетшілердің пікірін келтіріп өткен жөн. Өйткені жырдың тақырыбын білмей тұрып, оның көркемдік ерекшелігін ашып көрсету мүмкін емес. Әдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша 18-ғасыр – қазақ поэзиясының кең өріс алған тұсы. Бұл, бір жағынан, әріден келе жатқан жыраулық дәстүрдің одан әрі дамып, жаңақырларынан көрінген кезеңі болса, екінші жағынан, ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды. “18-ғасыр қазақ қоғамы үшін, Ш. Уәлихановтың сөзімен айтсақ,қан жосыған ішкі-сыртқы жорықтар мен ұрыстардың заманы болды.Әсіресе өзінің елдік дербестігін сақтап қалу үшін ханнан бастап қарашаға дейін ат үстінде жүрген жаугершілік заман еді”- дей келе академик, профессор Р.Сыздықова 18-ғасырдағы поэзияның басты тақырыптары ретінде: 1.Ел қорғау, яғни елдік-ерлік тақырыбы; 2.Әлеуметтік-қоғамды суреттейтін жаңа соны тақырып; 3.Дінге, мұсылман дініне қатысты мәселелер -сөз болғандығын айтады. Ал енді Бұхар жырау шығармашылығына келсек, жоғарыда аталған тақырыптардың бәрін оның творчествосынан кездестіреміз. Оған дәлел Бұхардың: “Ей, айтшы, Алланы айт”, “Ақтың үйі мешіті”, “Ханға жауап айтпасам”, “Айналасын жер тұтқан” және т.б толғаулары жатады....
Азабыңды шеккен ел, Тозағыңнан өткен ел. Батысыңда қар жатса, Шығысында көктем ел. Бір шеті мен бір шеті Жеткізбейтін неткен ел?! Қ. Мырза Әли «Тәуелсіздік-барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық» - деп Елбасы бекерден-бекер айтпаған.Талай ғасырлар бойы осы жолда жан алысып жан берісіп, ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, ұлан ғайыр осынау атырапты көзінің қарашығындай сақтап ұрпаққа қалдырған баһадүр бабалармыздың арқасы. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ, небір алмағайып қиын-қыстау, тар жол тайғақ кешулерді бастан кешіп, ұлттық рухымыздың сағын сындырған тарихи толқулар мен толғаныстарға толы болды.......