Бағалау | Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау

Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастарға көшу барысында, кәсіпорындардың экономикалық және құқықтық жауапкершілігі өсуде. Шарушылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының мәні тез ұлғаюда. Бұның барлығы олардың қаржылық жағдайын талдаудың, ақша қаражаттарын қолдану және орналастыру ролін елеулі жоғарлатып отыр. Бұндай талдаудың нәтижесі ең алдымен меншік иелеріне, сондай – ақ кредиторларға, инвесторларға, менеджерлерге және салық органдарына қажет.
«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жақсару жолында» Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылдың 18 ақпанындағы жыл сайынғы жолдауында “шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек” делінген. Экономикамыздың тіреуі болып табылатын, орта және шағын бизнеске қолайлы жағдай туғызып қана қоймай, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуіміз керек. Кәсіпорынның аяғында нық тұруы, оның дамуы республикамыздың экономикасының әл- аухатын жақсарту үшін маңызы зор.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – «Алаугаз» АҚ қаржылық жағдайын зерттеу, қаржылық қызметінің негізгі проблемаларын анықтап, қаржылық жағдайын бағалау және басқару үшін ұсыныстар жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | АЙМАҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ (ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЫСАЛЫНДА)

Қаржы экономикалық ғылымның маңызды категорияларының санына жатады. Оны зерттеуге марксизм классиктерінің еңбектері, қазақстандық және шетелдік экономистердің көптеген еңбектері арналған.
Бұл тақырып өзекті, себебі қазіргі жағдайда қаржылық қатынастар ең жоғары дамуына жетті. Бүгінгі таңда сөз қарызға берілетін ақшалай капитал көлемдерін әрдайым арттыру жөнінде емес, сонымен қатар қаржылық катынастар субъектілерін кеңейту және операциялардың өзінің көп түрлілігінің өсуі жайлы болып тұр.
Нарықтық экономикада ақша әрдайым айналымда болып, үздіксіз айналым жасауы қажет. Уақытша бос ақшалай құралдар қаржы капиталдары нарығына түсіп, қаржылық мекемелерде шоғырланып, содан соң қосымша капитал салымдарының қажеттілігі бар экономика салаларында орналастырылып, іске тиімді қосылуы қажет.
Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақтылығы, аймақтардың түрақгылығымен байланысты болып келеді. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсіздік дағдарысы мен инфляция деңгейі көптеген аймақтардың қызметіне тосқауыл болып отырды. Жұмысты жазу барысында карастырып отырған мәселелер, атап айтқанда: ''Аймақтардың қаржы саясатының'' мәселелері Қазақстанның экономикасының дамуы мен қалыптасуына байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Менеджмент | АҚ КазМұнайГаз дың қаржылық жағдайына талдау

Қаржылық көрсеткіштерді қолдана отырып кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау қаржылық менеджементтің негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.Кәсіпорын өз қызметін жүргізу барысында белгілі бір нәтижеге жетуді көздейді, өзінің қаржылық жағдайын талдайды, алдына қойған мақсаттары мен жоспарларын орындауға тырысады. Кәсіпорын шаруашылық қызметін жүргізу барысында стратегиялар мен тактикалар қабылдайды, осы жоспарлардың орындалуын кәсіпорын тек қаржылық жағдайды анықтау коэффициенттерін есептеп қана көру мүмкіндігі бар.Сондықтан менің курстық жұмысымның актуалдығы сонда, шаруашылық процесінің барлық жағдайын және кәсіпорын жұмысының оңтайлығы мен тиімділігн анықтауға көмектеседі.
Курстық жұмысты жүргізу барысында мен өз алдыма мынандай мақсаттар қойдым:
- қаржылық жағдайды анықтау үшін қажетті каржылық менеджмент коэффициенттерін талдау;
- белгілі бір кәсіпорынның қаржылық жағдайын тәжірибе жүзінде анықталған мәліметтерді қолдана отырып, қаржылық жағдайды талдау коэффициенттерін есептеу;
- кәсіпорында қалыптасқан жағымсыз жағдайларды шешу жолдарын қарастыру ....
Курстық жұмыстар
Толық

Банк ісі | АҚ Қазақстан Халық Банкіде Ұйымның қаржылық есептілігі

Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Альянс Банк АҚ – ның нсиелік бойынша қаржылық ресурстары

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) жэне сенімді операциялар.
Пассие операциялары - олар өз қарауына эр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінін бағалы қағаздарын шығарып және с.с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын кү_ру және оны үлғайту операциялары". Олар банк балансының пассивінде корсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив -операциялзрын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Баланың иммунитетін көтеру үшін не істеу керек?

Балалар суық тию ауруымен жылына 8-10 рет ауырып шығады. Негізінде ауру адамның иммунитет жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Ауырмайтын баланы өсіру мүмкін емес. Алайда оның иммунитетінің дұрыс қалыптасуына, вирустар мен инфекцияларға төтеп беретіндей денсаулығын сақтауға жәрдемдесуге болады.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Дидахмет Әшімхан | Ит жылы


Ит мініп ирек қамшылап, итшілеп жүріп, ит жылына да жеттік-ау. Иншалла!

«Ит – жеті қазынаның бірі» ғой, бұл жылы ит те, құс та, иттің итақайы да ырыс-несібеге кенеліп, ит басына іркіт төгілген күндерді көреді деп сенемін. Өйткені... күту мен үміттен ғана тұратын ит тірліктің соңында жадырап шығар күн, жарқырап жетер бір жақсылық бар шығар. Тек соны итке ғана бітер төзіммен, бүгілмейтін итжандылықпен күту керек. Ол жақсылық баяғыдай ит арқасы қиянда емес, дәл қасымызда, иек астымызда тұрғандай. Олай дейтінім, бар тамаша, бар қазына Қазақстанда деп, ит өлген жерден мұнда ағылып жатқан бөгде-бөтен аз ба қазір? Мен білсем, олардың тұмсығы иттен иісшіл. Естеріңізде болар, ертеде солар ит жегіп, ит қорлығын көріп, Итжеккен мен Аляскаға да жетті емес пе? Ақыры сонда ителмен, инк, индейіс деген халықтарды атажұртынан иттей қылып қуып, өздері қап-қара алтынды итшаналарына тиеп, алыстағы еліне тасыды емес пе? Сөйтіп жердің арғы бетіндегі ит тұмсығы өтпес ормандар мен ит іздесе таппас иен мекенде итарқа қостарын тігіп, ит жүгіртіп, құс салып жүрген бейбіт халықтың итін шығарып, итжемі етті емес пе? Ал, «ит тойған жеріне» деп, сол арада қалып қойған бөгделердің көбі кейін жеке-жеке ел болып кетті емес пе? .....
Әңгімелер
Толық

Құрбан Айт-2017: мұсылман мейрамы қашан және қайда тойланады?

Мейрамдардың сұлтаны Құрбан айт — барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Ол Ораза айттан 70 күннен кейін басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері құрбандық шалынады. Бұл мұсылмандардың бес парызының бірі.
Жаңалықтар
Толық