Тарих | Ұлы Отан соғысы жылындағы мектеп және педагогика

Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы және соғыс жылдарындағы совет мектебі (1937—1945 жылдар)
1939 жылы ВКП(б)-ның XVIII съезі өз қарарларында еліміздегі социалистік құрылыстың барлық салаларындағы зор табыстарын қорытты, социалистік қоғам құруды аяқтау және бірте-бірте коммунизмге өтудегі міндетті анықтады. Съездегі есепті баяндамада екінші бесжылдық кезеңінде елімізде шын мәнінде мәдени революция жүзеге асырылғандығы аталып көрсетілді. СССР халықтарының барлық тілдерінде жаппай бастауыш білім беру жүзеге асырылды. Мектептің және онда оқитын оқушылардың саны едәуір көбейді, жоғары оқу орнын бітірушілердің саны артты, жаңа совет интеллигенциясы қалыптасты.
Съезд қарарлары мектептің барлық жұмыс сапасын жақсартуды батыл талап етті. Оқушыларды ғылым негізімен қаруландыруда совет мұғалімдері едәуір табыстарға ие болды. Мұғалімдердің талабының артуына қарамастан, оқушылардың сабақ үлгірімі жақсарды, класта екі жыл қалып қоюшылардың саны азайды, балалардың сауатын жақсартуға көп көңіл бөлінді.
Сонымен қатар мектеп жұмысында елеулі кемшіліктер орын алып келді: оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласуы әлсіреді, оқытуда көбінесе кітапқа, сөзге негізделген әдістер басым орын алды, оқушылардың білімінің өмірмен байланысына аз көңіл бөлінді, политехнизм мен еңбек тәрбиесі нашарлады.
1940—1941 оқу жылында совет мектебінде жаңа оқу жоспары енгізілді. Бұл алғашқы қала және ауыл мектептеріне де бірдей міндетті жоспар еді. 1940 жылы мектепте жаппай оқытуға жататын балалардың толық есебі алынды, олардың мектепте оқуына қатаң бақылау қойылды.....
Курстық жұмыстар
Толық