Экономика | ҚР-да шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кездегі шағын және орта бизнестің жағдайы мен экономикалық маңызы қарастырылады.Кез келген салада алдын ала бағдарлама жасау арқылы белгіленген мерзімге дейін сол көзделген шараларды орындау керек. Жұмыстың бірінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы қарастырылады.Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру үшін оның қазіргі жағдайын біле отырып дамуына талдау жасалады. Қазіргі кезде кез келген бизнесті дамыту үшін оған қосымша қаржы көздері керек, ал ол қаражаттарды тек несиелеу арқылы ала алады. Сондықтан жұмыстың екінші бөлімінде осы шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламасын жүзеге асырылуы және оның шетел тәжірибесінің әдістерін қолдану шаралары қарастырылады. Соңғы бөлімінде шағын және орта бизнестің дамуындағы проблемалар мен оның перспективалары заңнамаға сәйкес қарастырылады. Кез келген экономикаға қатысты іс әрекет ҚР Заңнамасында тіркеліп, тек заң жүзінде ғана жұмыс істеу керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының Индустриялық инновациялық дамуының 2003 2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы

Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк стратегиясы (бұдан әрi Стратегия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы"
Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi.
Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар проблемаларға тап болып отыр. Негiзгi проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: бiр жақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi, ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы, iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы; ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлiнуi, менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2003-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯ

КІРІСПЕ
Стратегия әрбір ұйым, әрбір территориялық система үшін керек. Ешқандай ұйым, ешқандай жергілікті бірлестік, ешқандай ел белгілі бір өздерінің жеке стратегияларынсыз өмір сүре алмайды.Стратегияны жасап шығару және оны іске асыру фирманың, ұйымның, бірлестіктің нарықтық құндылықтарын әлдеқайда ұлғайтады.
Бізге нарық пен жоспарды бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайтыны бұрыннан белгілі.Сондықтан нарық көп болған сайын,жоспар да көп болуы тиіс.Бұл сөз тіркесіндеқандай жоспар қолданатыны белгілі,яғни стратегиялық жоспар. Стратегиялық жоспар коммерциялық ұйым үшін де,университет үшін де,қалаға және тұтастай ел үшін де қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты болып стратегияның теориялық ұғымын қарастыру, Қазақстан Республикасының дамуы-ның экономикалық стратегиясын қалыптастыру болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық