Мәңгілік ел - біздің ізгі мұратымыз!

Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте.

Отан сөзі – әр адамның жанына жақын жүрегіне жылы естілері сөз.

Менің туған жерім - Қазақстан. Қазақстан Республикасы – қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн! Тәуелсіз мемлекетіміздің бой көтеруі – алаш елі ұрпақтарының талай ғасырға созылған ұлт-азаттық және желтоқсан оқиғасының нәтижесі. Қазақ халқының көпшілігі бір жағынан патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, екінші жағынан ауылдағы бай – шонжалардың езгісін, ауыртпалығын көтерді. Осы уақыт ішінде қазақ халқының басынан әр түрлі ауыр кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас қайраттың арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді.

Тәуелсіздікке жету – қазақ алашы үшін даңғыл жол болған жоқ, әрине, халық ұлы белестерден, қиын – қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Өткенге шүкір, бүгінгіні пікір ету үшін де өткенге ой жүгіртуге тура келеді. Ол үшін ең алдымен мына сауалға «бұл тәулсіздік күнге қалай жеттік?» жауап іздеуіміз керек сияқты. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінде Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қарсы тұра білді. 20-шы жылдардағы аштық, 30-шы жылдардағы тотолитарлық жүйе, 1941жылғы Ұлы Отан соғысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Кенесары жауынгерлері «Абылай» деп ұрандап, өз ерлерінің қадірін бағалай білген. Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді. Қанша қиыншылық болса да, біз оларды ұмытпаймыз. Себебі – бұл тарих......
Эсселер
Толық

Мамандық таңдау - борышым

Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінін де байқамай қалады. Өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе?! Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын, ата-анамның көзіне кішкентай қыз болсам да, өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын?- деген сұрақтар жиі мазалайды. Жай ғана ойланудың аз екендігін де білемін. Сондықтан да қазірден бастап алдыма мақсат қойып, оған табанды түрде кірісіп, арманымның жетегіне еріп келемін. Негізінен мамандық таңдау деген - өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін - ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа, дербестікке талпыныс.

Елбасы «Болашақ-білімді жастардың қолында» демекші , біздің болашағымыз - өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты, нұрлы да шуақты болуы үшін, менің ойымша, ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар......
Эсселер
Толық

Замануи білім – менің болашақ капиталым

Мен, Амангелді Дияр, Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушысы жедел оқиғалар заманында, белсенді төртінші өнеркәсіптік революция даму үстіндегі мемлекетте өмір сүрудемін. Замануи білім - менің бастапқы капиталым екенін саналы түрде түсінемін, оның негізінде болашақта өмірлік және кәсіби жетістіктерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

Болашақта жоғары білікті маман болғым келеді. Әрине, бірінші сыныптан бастап ата-анам маған ұстамдылық, тәрбие, қайсарлық, ұқыптылық, тәуелсіздік, көшбасшылық деген қасиеттерді бойыма сіңіруде. Болашақта кез-келген кәсіптік мәселелерді тиімді шешуді үйрену үшін үнемі өзіммен жұмыс жасаймын және кейбір пәндер бойынша жеке қасиеттерімді дамытудамын.

Еліміздегі білім берудегі төңкерістер тиісті уақытта болып жатыр деп санаймын. Біз білім мен дағдылардың негізін жинай бастадық, өмірлік жағдайларды сабақтарда шешеміз, ол педагогикалық тілде «функционалдық сауаттылық» деп аталады екен. Білім беру капиталы жан-жақты дамыған, мәдениетті тұлғаны талап етеді. Замануи білім - адамның өмірлік табысы, күнделікті наны, жанның әл-ауқаты, рухани бай мәдениетінің дамуының кепілі болып табылады. Әрине, қазіргі әлемде сіз байып кете аласыз, бірақ «білімсіз кәсіпкер» ретінде қаншалықты ұзақ өмір сүруге болады?. Мен небәрі 14 жаста болсам да, кез-келген қоғамда білім деңгейім белгілі бір орынға ие болатынын анық түсінемін, сондықтан шапшан өзгерістер толқынынан қалмауды жөн көремін. Болашақта мен ата-ана болғанда, ұрпағымның мәселесін шешуге көмек бере алмайтын, ақыл-парасатсыз жағдайға душар болғанымды қаламаймын......
Эсселер
Толық

Жылдар

1975 жыл. Біздің ауылда бір қарапайым отбасы бар еді. Тұрмысы нашар болатын-ды. Ол отбасының 2 баласы бар. Үлкені Зәуреш онан соң Дәрмен болатын. Анасы аурушаң, хәлі мәз емес-ті. Олардың жағдайы нашар болғанымен тату еді. Зәуреш бауырына жақсы қарайтын. Тәрбиесін өз мойнына алған.

Бір күні Дәрмен далаға шығып балалармен асық ойнап жатты.Сол кезде өзінен 2 сынып жоғары оқитын тәмпіш кемпірдің немересі Сәдір оның асықтарын қолынан жұлып алды.Бала да оған қасарысуда. Әрине, Дәрменнің Сәдірге күші жетпейді. Екеуі төбелесе бастады. Мұны көрген Зәуреш жан таласа жүгіріп жетеді де, Сәдірге дүрсе қоя береді. Тәмпіш кемпір келіп үлкен дау шығарады. Дау аяқталып, бәрі үйді үйіне тарқайды.Арада біраз күн өтіп, балалардың анасы аурудан көз жұмды.Бұл қасірет Зәурешке үлкен соққы болды.Зәуреш 17 жасқа келді. Әкесі көз жұмар алдында Зәурешті досының ұлына атастырды. Дәрменде өз теңін тауып қалаға кетті. Арада 6 жыл өтті. Қыздың 3 баласы болды. Алайда қуанышы көпке созылмай, күйеуіде жан тапсырды.Зәурешті өмірден түңілдірмеген 3 ұлы еді.Олардың аш қалған сәттеріде болды. Бірақ, тағдырдың онысына да төзді. Кіші ұлы Берік 2 жаста болса да, Зәуреш жұмысқа тұрды.Ақырындап балалары ер жетті. 2 ұлы отау құрды. 2006 жылы кіші ұлы да үйленіп,қызды болды. Көп ұзамай қалаға көшіп сонда жаңа өмір бастады......
Эсселер
Толық

Өмір өзен ағады

Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылулық ұялатады. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске алғанда тіпті ішек қатып, бір күліп те, жылап та аламын. Қазір жасым жиырма алтыда болса да, өткенді еске ала отырып, өмір сүру мен үшін қиын болды. Себебі, отбасымызда бес қызы және әкем мен анам болды.

Үйде әкеміз ғана жұмыс істейтін. Қанша қиналса да бізге білдірмей, сұрағанымызды алып беріп отыратын. Осы жағдайды іштей көріп, балалық шақтан бастап жұмыс жасай бастадым......
Эсселер
Толық

Шәкіртімнің ертеңгі жетістігі – менің бүгінгі тәлімімнің нәтижесі!

"Білім – парасатты, ол – бір ағын,

Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын.

Ұстаз деп қоғам әр кез танитұғын,

Қастерлі, қасиетті – ол мұғалім"

Иә, әрине,ұстаз ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашанда ерекше құрмет тұтқан.

Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апараы сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі......
Шығармалар
Толық

Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы әйел бейнесі

Еліміздің ірі қоғам қайраткері, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің көрнекті өкілінің бірі – Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов. Жазушының шығармашылық жолы өте бай, туындылары әдебиет тектерін толық қамтыған. Қай туындысын алсақ та Ғ.Мүсіреповтің қаламгерлік ерекшелігін қыр-сырынан тани аламыз. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрын дамытуда аянбай еңбек еткен академик-классик жазушы. Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады.

XX ғасырдың басындағы қазақ прозасында әйел теңсіздігі тақырыбы ерекше орын алғанын білеміз. Қазақ әдебиетіндегі ірі, орта эпикалық туындылардың алғашқыларының -«Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Шұғаның белгісі» атауларынан-ақ олардың тақырыптық-идеялық сипатын айқын аңғарамыз.

Жалпы осы тақырыпта да қазақ әдебиетінің кемеңгері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов ана бейнесін ашуда үлкен үлес қосты. Әйел-Ана тұлғасын сомдауда бүкіләлемдік аналар галереясын байыта түсті. Сонымен қатар сөз өнеріне де тақырыптық-идеялық сипатта зор үлес қосты. Жазушының әдеби-шығармашылық еңбегіне үлгі болған Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Крылов, Чехов, Толстой, Салтыков-Щедрин сияқты орыс классиктері және батыс классиктері болды. Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушыны М. Горькийдің ана тақырыбына жазған романтикалық әңгімелері қызықтырады. .....
Шығармалар
Толық

Менің туған өлкем

Шіркін, әр адам үшін туған жер - дүние есігін ашып, ананың ақ сүтінің балдай дәмін сезіп, алғаш рет тәй-тәй қадам басқан, кіндік қаның тамған тұғырлы өлке. Ол жер – сенің алтын ұяң, уақыты келгенде сен де қанаты қатайған балапандай ұшып, оны қалдырасың да, жаңа өмірге бет бұрасың. Бірақ, сол жерде өткізген бала күндерін жылы естелік болып жүрегіңе мәңгілікке қалады. Сол себепті, сенің өз туған өлкеңмен байланысың ешқашан үзілмес, керісінше алыстаған сайын жан-жүрегін елжіреп, сағынышпен күйінгендей боласың.

Менің туған жерім – Қостанай облысының Алтынсарин ауданы. Негізінде бұл жерге алғаш рет қоныс аударған нағашы әжем болатын. Шамамен 1995 жыл болса керек: әжем бұрын-соңды естімеген шағын ғана ауылға көшіп, өмірінің жаңа кезеңін бастады. Бір қызығы әжем Ыбырайды пір тұтқан екен, қатты құрметтеп, балаларына өлеңдерін, әңгімелерін түнде ұйықтарда оқып беретін болған. Оған қоса, бүгінгі күнде мен Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің оқушысымын, бұл сәйкестік пе, әлде тағдырдың жазғаны ма, білмеймін, бірақ, өз басым оның барлығы бекер емес деп білемін.

Сол жылдары анам оқуда басқа ауылда болды, Алтынсарин ауданына тек тұрмыс құрған соң оралды. Ал 2005 жылдың көктемінде Қостанай облысының, Алтынсарин ауданында дүниеге мен келдім. Балалық шағым сол жерде өтті, сондықтан естеліктер есімде үзік-үзік сақталған. Еш нәрсеге уайымдамай, еркін өмір сүрдім, бастысы – бақытты болдым. .....
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз деген ұғым бұл ұғым, таймайтын менің тұғырым!

Ғұлама қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов «Абылайдың ғасыры қазақтың ерлік ғасыры болып табылыды» деген баға берген.

Ресей демекші,орыстың қыл құрсауында қараңғы қазақ даласы мәшһүр,н Тәуелсіздік! Азаттық! Еркіндік! Бостандық!...

Не деген мағынасы тұңғиық терең,түп тамыры мықты да берік, шойындай қайратты да қайтпас қайсарлықпен тізгіндес сөз десеңші...Осы сөздің түйінің шешіп, қалың Алаш ордасын тас бұғаудан құтқарар күнді иен қазақ баласы сан ғасырлар бойы аңсаған нетті...550 жыл бұрын қазақ хандығы құрылып,еріксіз,риясыз,күй кешкен қазақ тегі үстем ұлт өкілдеріне бағынуға мәжбүр емес пе?... «Әттеген-ай» деген ащы кермек ыза тұла бойыңды еріксіз билеп аларын ай! Азаттықтың таңы атар күнді қаншама қара қазақ баласы аңсап, арпалыса арлан қасқырдай аш бөріге таланғаны сөзсіз мәлім дүние.

Бостандық демекші, қазақтың кең құлаш дариясын ғасырға табан тіреген сан қилы заман куәгерлері, тайпалар, рулар, отырықшы көшпенділерде өз заманының еркіндікке ауадай мұқтаж болғаны еріксіз қыл қаламды қолына алдырары құпия толсын құбылыс.

Өткен өткінші өмір өзегі Ұлы Жібек жолдары етегімен тектесе « Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның жеті жарғысымен» үзеңгілес бола тұра, «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» оқиғасы негізінде қазақ халқының саяси өмірінде ерекше орын алатын......
Шығармалар
Толық

Абай қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. .....
Шығармалар
Толық