Ана
Менің ойымша кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі деп ойлаймын.Әлемдегі ең сұлу және ең керемет атау – «Ана». Оның қадірі мен қасиетін түсініп біту мүмкін емес. Өйткені түн ұйқысын төрт бөліп, сіз үшін өл-өлгенше жанын беретін ананың балаға деген махаббаты мәңгілік, шексіз. Алғаш көзіңді ашқан кезде бауырына басып, «балам» деген анаңның әлдиі, бүтінін беріп жартысын алған, барын беріп жоғына қанағат танытқан – анаң. Менің анамның есімі- Гулмира. Менің ойымша, жер бетіндегі барлық балаға өзінің ақ жаулықты анасы қымбат және алтынға бергісіз. Анасының тірі болғанын немесе қайта келуін аңсап жүрген жас балалар қаншама?! Ал мен бақыттымын, себебі менің анам жанымда, әрдайым құшағына қысып өз махаббатын сыйлайды. Менің анам әлемде жоқ, өмірде жоқ ең мейірімді жан. Әрбір адам баласы өзінің анасын әрдайым және мәңгілік мақтан тұтары сөзсіз, тоғыз ай он күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп дүниеге әкелді. Қазақ халқы мақтан тұтатын батыр, әнші, дана ақ жаулықты аналарымыз да бар емес пе?! Мысалы: Күләш Байсейтова, Фариза Оңғарсынова т.б Өзінің есімін тарих сахнасына алтын әріппен жазып қалдырып кеткен аналарға біз әрқашан басымызды иеміз!
«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер......
«Жұмақтың кілті анаңның табанының астында» деген сөздің мәнін ашу үшін анаңызды меккеге үш рет апару аздық етеді. Бір тағдырдың дүниеге әкеліп, бағып-қағып өсіру жауапкершіліктің үлкені. Өзінің ғана емес сіздің де алдыңыздағы борышын атқарған анаға құрметсіздік жасау келсе тек хайуанның қолынан келер......
Эсселер