Бүгін де «Апа, апатай» деп оянған Айсәуленің жағдайы бәрімізді алаңдата бастады. 4 күннен бері жылап оянатынды шығарды. Алғашында балалармен күндізгі тартысы түсіне кіретін болар, шошынып қалған шығар деп мән бермедік. Жұбанған соң ашылып ештеме де айтпайды.
Осы мәселемен дәрігерден де кеңес сұрадым, қажетті ем-домын қабылдадық. Ауладағы достарымен де қарым-қатынасы жақсы. Олармен тату-тәтті ойнайды. Отбасылық....
Аса діндар жанұядан шыққан менің бір құрбым (кедей болса да, оның атасы Меккеге қажылықпен үш рет жаяу барып келген), бозбала ұлын арап тілінің үйірмесіне апарып жүрді... Бірнеше сабақтан соң ұлы оны «ағарта» бастады: жеті шелпек пісіріп, о дүниелік жанды еске алу мұсылмандыққа жатпайды екен. Ол пұтшылдық рәсімі, оны ұстану нағыз мұсылманға жат, ондайдан бас тарту керек... дегендей.
Шелпек пісіруді маған әжем үйреткен. Қамырды илеуден бұрын рәсім жолымен тазару керек, ниетіңді бағыштап, о дүниелік туыстардың қайырымын еске ала отырып, іске кірісу қажеттігін....
Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолдан сандық тауып алады. Ашып қараса алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, ол үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді. – Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім енді құтқаратын болса, соны жұтып өлтіремін», – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып, «сені құтқардым, жібере гөр» деп қанша жалынса да жылан көнбейді. Кенет жолаушы алыста келе жатқан отыз адамды көзі шалып қалады. Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып: – Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп қолды бір сілтеп кетіп қалады. Жылан жолаушыға жақындай түседі. Бейбақ: – Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде тағы да бес кісінің сұлбасы көреді. Жолаушы құтқар деп оларға жалынады. – Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп олар да кетіп қалады. Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір кішкентай бала келе қалады. ......