Ұлы Жеңіс - ұлы жетістікке жетелейді

Жеңіс күні- аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Ұлы Отан соғысы аяқталып,Жеңістің туы желбірегеніне биыл 71 жыл! Жеңіс күні-бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбіріміз үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Бүгінде Ұлы Жеңісті алып берген аға буынның алдында әр уақытта қарыздармыз.Ұлан-байтақ даланы найзаның ұшы,білектің күшімен қорғаған аталарымыздың игі дәстүрін бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастырып келеді. 1945 жылдың 9 мамыр күні өтсе де,жұртшылық жадында халықтың ерлігі мен даңқының мызғымас символы болып келеді. Тарихқа Ұлы Жеңіс болып енген айтулы күнді жақындатуда майданда да,тылда да жанқиярлықпен күрескен аға буын ерлігі ешқашан да ұмытылмайды. Өйкені, олар алып берген Жеңіс бүгінде бізді небір жетістіктерге жігерлендіріп,жанымызға қуат беруде,қиындықтарды жеңіп,алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Осы соғыста қаншама адам қаза тауып,қаншама адам мүгедек атанды. Қаншама ана жесір,балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңіске ерен ерлігімен көзге түсіп,ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымызда көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырларымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Біздің парызымыз сол алапат сұрапыл соғыстағы Жеңістің қалай келгендігін ұғыну,қаза тапқандарды қадір тұтып,арамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету. Олар қан майданда ерлік танытып,елді жаудан қорғады. ......
Шығармалар
Толық

Табыс жетістікке жеткізеді

I. Ұйымдастыру бөлімі
Тренингтің ұраны: «Әр адамның бойында күн шуағы бар. Тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек»
II. Негізгі бөлім
1. «Амандасу жаттығуы»
Әр елде адамдар бір - бірімен әртүрлі амандасады. Біз бүгін қызықта болу үшін бәрінен өзгеше басқа түрде амандасайық. Алма-алмұртқа саналып, екі топқа бөлінеміз. Екі шеңбер: сыртқы және ішкі етіп құраймыз. Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге қарайды. Екі шеңбер бір - біріне қарама - қарсы қозғалады. Сыртқы шеңбер сағаттың бағытымен қозғалады. Ішкі шеңбер (алмалар) мен сыртқы шеңбермен (алмұрттар) амандасады. Көрші тұрғандар қолымен, бармағымен, құлақпен, аяқ, табанмен амандасады.
2. «Айнаға қарау» жаттығуы
(3 рет – басында, ортасында, аяғында)
Талдауы: Қандай өзгерістер бар, қандай эмоциялар бар?
3. «3 тілек» жаттығуы
Егер мақсат болса, арманыңа жетуге ештеңе кедергі болмақ емес. Ал сендерде мақсат бар ма? Шағын мәтінде бастайықшы! Сіздерге бір минут ішінде 3 мақсатты өмірде қол жеткізгіңіз келген тілектеріңізді тұжырымдап жазуыңыз керек. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Менеджмент | Жетістікке жеткен менеджердің сапасы

КІРІСПЕ
Экономиканың негізгі экономикалық агенті Бір немесе бірнеше кәсшорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсшкерліктің үш түрін атап кетуге болады
• индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік,
• серіктестік немесе партнерлік,
• корпорация (акционерлік қоғам)
Ипдивидуалдық (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Өмірің өз қолыңда немесе өзгеру жолдары

Иә, әлгі бір әзілде айтылатыны сияқты, біз үнемі «бірнәрсе істеу керек еді» деген оймен жүреміз. Бірақ ештеңе де істегіміз келмейді. Өз өмірімізді онша ұната қоймаймыз, алайда өзімізге ұнайтын өмірге де қадам жасап көргіміз де келмейді. Тек армандауды ұнатамыз, ал арманға қарай ұмтылу ойда жоқ.
Оның себептерін білесің бе?
Осы күнге дейін біз үлкендерден тек «ақылды бол, елдің алдында ұятқа қалдырма, өз бетіңмен кетпе» деген сияқты сөздерді ғана естіп келдік. Енді мен саған ешкім айтпаған құпияны айтқым келеді. Армандарға бару жолындағы ең алғашқы қадамға ең бірінші кедергі келтірер нәрсе – ол “ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?” деген пікір.
«Жұрт не дейді» деп ойлаудың басты себебі – өзің жұртты жамандағыш....
kz | Кеңестер
Толық