Туған жерді аңсау

Туған жердің сағындым топырағын,
Сағым қуып жүреді жиі жаным.
Қасиетіңнен айналдым мен туған жер,
Маңдайыма бұйырған алтын бағым.

Алтын бағым, арайлы алтын таңым!
Шуағы мол қашанда от құшағың.
Арман бар ма сенде өсіп, бой түзеген,
Тең келмейтін....

Өлеңдер
Толық

Туған жер- алтын бесігім!

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
(Фариза Оңғарсынова)

Туған жер! Әрбір адам осы сөзді естігенде ең бірінші өзінің туған жерін есіне түсіреді. Туған жер... Туған ел...  Осы екі ғана сөзде қаншама мағына жатыр десеңізші?! Барлық адам табиғаты керемет, ауасы таза ауылдан шығады. Ал сол ауылда сенің ыстық алақаны бар анамыз, алатаудай әкеміз, туған-туысқандарымыз, жора - жолдастарымыз, білімін аямаған ұстаздарымыз барлығы, барлығы да сонда. Бұл жерде менің уайымсыз, шаттыққа толы балалық шағым өтіп жатыр. Осы қазақ халқының барлық танымал шешен, ақын адамдарының барлығы ауылдан шығады. Шыны керек, қазір....

Шығармалар
Толық

Туған жерге жыр-сапар

Тасыр қоғам ілмей мені қаперге,
Мен көбеңсіп жүрмін мынау жат елде.
Тұсауымды сенде кестім ең алғаш,
О,туған жер, сенсің анам, әкем де!

Сағынышқа саған деген ұмсынып,
Ойланамын, барсам ба деп құлшынып.
Дәруіштей күйге салып қойды ғой,
Қаладағы мынау...

Өлеңдер
Толық

Тарихтан сыр шертіп..

«Туған өлке батыры »
«Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме» - деп әрі батыр,әрі ақын Махамбет Өтемісұлының ерлікке шақыратын екпінді, жігерлі қанатты сөзі жас ұрпақты жігерлендіріп келеді.
Елдің абыройы халықтың рухында жатыр. Рухы әлсіз халықтың болашағы бұлыңғыр. Қай мемлекет болсын өз іргетасын ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпымен қабыстырған. Ата-бабаларымыз «Ақтабан-шұбырынды, алқакөл-сұламаны» бастан өткізіп, тәуелсіздіктің, ұлан-ғайыр даланың тарихын қан кешу арқылы тасқа басып кетті.Міне,бабалар аңсаған азат күнде өмір сүріп жатырмыз.
Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге....

Шығармалар
Толық

Туған жермен сырласу

Жүрегім соғар,екпіндеп биік екпіндеп,
Жіберер шақта жанымды тежеп текпін жеп
Далаға шығып, аңырап ұзақ қараймын
Туған жер жонын аралап бірақ кеткім кеп

Пенделік мені текпіге алып, көп күн деп
Жетпеген жерге жеделдеп басам жеткім кеп
Жұртымды аңсап,...

Өлеңдер
Толық

Мен туған өлке

Мен туған өлке, мен туған өлке қандай дейсіз ғой, мен жазамын, ал сіз оқыңыз. Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен, Туған елдің түтіні де тәтті екен... Неге бұлай бастады деп ойладыңыз ба? Иә, мен де сол кәдуілгі туған жерінен жырақта жүрген жандардың қатарынанмын. Есейіп ер жетсең де, құлпырып бой жетсең де, алып тұлға азамат, ардақты ана болсаң да, туған жердің құдіреті сағынтпай қоймас. Туған жерден жырақта жүрген, жасы жиырмаға жетсе де, әлі күнге бала секілді туған жердің бауырына тығылып, топырағын аңсайтын, сары даласына деген сағынышы таусылмайтын жанның....

Шығармалар
Толық

Туған жер сырыңды ұлың көп біледі

Күн аунап, бара жатыр ғасыр көшіп,
Тарихын тауға дейін асыр десіп.
Алтын құрсақ аман ба?! Асыл бесік
Ер жеттік құмыңда ойнап тасыңда өсіп.

Жер ана ұлың елге үлгілі еді,
Жарқылдап маңдайымнан күн күледі.
Жер жәннәті сенің ыстық құшағың ғой,
Сырын оның мен....

Өлеңдер
Толық

Туған жерім - бақыт мекенім

Туған жер-адамның кіндік қаны тамған,қанаты қатайған,арманы асқақтаған қасиетті мекені. Туған жері жайлы жүрек тебірентер өлең шығармаған ақын,әсем әнін арнамаған әнші,бояумен махаббатын жеткізбеген суретші жоқ. Олар туған өлкелеріне деген ыстық махаббатарын сөзбен немесе суретпен,күймен немесе әнмен жеткізген.Ал мен өз кезегімде еліме деген шексіз махаббатымды осы мақаламмен жеткізгім келеді.Егер бұл мақалам кем дегенде бір адамның жүрегіне жетсе,авторы ретінде менің арманым болмас еді.
Осы мақаланы жазу барысында менің....

Шығармалар
Толық

Туған жер-ұлы ұғым

Туған жер-ұлы ұғым. Туған жер, отан, туған ел -барлығы адамға ыстық, қасиетті де қастерлі ұғымдар болып табылады. Бұл киелі ұғымдардың астарында қаншама мағына жатыр десеңізші?! Туған жер сенің қызыққа толы балалық шағыңды, ауылыңды есіңе түсіретіні анық. Мен өз отанымды «менің туған жерім» деп асқақтап, ерекше сезіммен айта аламын. Туған жер әлемдегі ең ұлы нәрсеге пара-пар. Себебі, оның құдіреттілігі ештеңеге тең келмейді.
Менің туған жерім, Отаным- тәуелсіз Қазақстан. «Отан-оттан да ыстық» деп атам қазақ айтқандай, туған жерім мен үшін ыстық. Қазақстан-қазынаға бай, көркем ел. Оның сұлулығын сөзбен....

Шығармалар
Толық