Астанада Елбасы экологиялық отынмен жүретін көлік таксопаркінің тұсауын кесті
Бүгін Астанада "Қазақ елі" монументі алаңында Астана қаласы әкімдігінің көмегімен, "AllurGroup" компаниясымен іске асырылған "Эко такси" қалалық таксопаркі инвестициялық жобасының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
"Астана Эко такси" жобасы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге қаланың инфрақұрылымын дайындау бойынша Әкімдіктің үш бағдарламасының бірінші іс-шарасы болып табылады. Жобаға: Astana mobility - қаланың көліктік инфрақұрылымы және логистика саласын жаңарту және жақсарту жөніндегі шешімдерді жүзеге асыру; Astana Green City - энергетикалық тиімділік және жаңартылған энергия көздері саласындағы шешімдерді жүзеге асыру; Welcome to Astana! - қаланың туристік қызығушылығын дамыту және қонақ үй және мейрамхана, қызмет көрсету саласының инфрақұрылымын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жатады.
Жаңалықтар