Этнография | Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау

Кіріспе
«Фольклер стиліндегі жаңа ағым бағытындағы киімді жобалау» атты тақырыбын таңдау барысында киім үлгісінің бастамасы қазақтың тарихи бастауынан тұрады. Өнерді күнделікті қарапайым тіршіліктен бастау алып кейін,кеін мүлде бөлек жалпы тіршіліктен жоғарғы ұғымға айналуын өз адамзат ұрпағының алғашқы аталарынан бері қаншалықты дамып, жетілгенін қапысыз байқатса керек.
Адамзат аталары сұлу көріну немесе сәнді жру үшін киінбегені ақиқат. Олар суықтан сақтану, ұятты жерлерін жабу, жауларынан қорғану үшін аң терілерін, ағаш қабығы мен бұталардан т.б. табиғи материалдарды пайдаланады. Осылайша адамзатқа қызмет ететін сонымен бірге жасап келе жатқан өнерлердің қатарына тағы бір өнер «сән» өнері қосылады.
«Сән» өнер адамзат игілігіне қызымет етуде басқа өнер түрлерінен кем соққан жоқ. Қайта басқа өнер түрлеріне қарағанда күнделікті қолданыста жүрген және сан алуан сапалық жағынан керек болғанын айтуымыз да, мойындауымызда керек.
Тәуелсіз Қазақстанның жеке мемлекет етінде, басқалармен экономикада, білім мен ғылымда, рухани өмірде бой таластыруда талпынуы бізді ойландырмай қоймайды. Біз сән әлемінде де олармен иық тірестіруіміз қажет.Біздің отандық сәніміз қазір әлемдік сақынаға көтеріп үлгерді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарихты оқытудың жаңашыл әдісі – модульдік технология

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Білім деңгейі мен технологияның барған сайын дамуы, жаңа идеялармен оқыту әдістерінің шығуына түрткі болады. Білім деңгейінің жоғары болуы, оқушылардың білім көрсеткіші осы жаңа оқу әдістерін оқып үйренуімен сипатталады.
Тақырыптың мақсаты:
Тақырыптың мақсаты оқытушылардың жаңа идеяларымен танысу, жас педагог әдіскер идеяларымен танысу, жас педагог әдіскерлердің тәсілдерімен танысу болып табылады. Шаталов, Шевченко, Жанпейісова, Д.Құтымбекова сынды әдіскерлер тәсілін оқып үйрену.
Тақырыптың міндеттері.
Тақырыпта төмендегідей міндеттер қойылды:
- Жаңашыл идеялар ұсынған педагог әдіскерлер тәсілдерімен жалпы танысу.
- ХХІ ғасырдағы жаңа оқыту идеяларының қажеттілігін атап көрсету.
- Шаталовтың В.Ф.Тірек конспекті әдісімен толық түрде баяндау.
- Оқытудың жаңа әдісі әрі көпшілік қолдау білдірген модульдік технологиямен танысу.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Тарих сабағында жаңа технологияларды қолдану

Кіріспе
Жасампаздық стратегиясы атағына ие болған «Қазақстан - 2030» жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу және ата - аналар, қоғам талаптары деңгейінде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша жауапкершілікті нақтылайды.
Сондықтан, оқыту - тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, саналы тәрбие, сапалы білім беру технологияларын жегілдіруді міндеттейді. Оқыту технологиясы-педагогикалық технология дидактиканың бір бағыты, ғылыми зерттеулер бойынша байқаулардан өткізу нәтижелеріне байланысты іс - тәжірибелерге ендіріледі. Оқыту үрдісінде жаңалықтар пайда болуда, оларды зерделеп, талдап, нәтижелі болса іс - тәжірибеде қолданады. Білім беруде инновациялық бағыт пайда болып, оқу - тәрбие үрдісінде енуде. Инновация өздігінен пайда болмайды және ұжымның шығармашылықпен зерттеулері мен ізденістерінің озық педагогикалық тәжірибелерінің нәтижелері. Сонымен, білім берудегі инновациялық үрдістерді сөз етеміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық, ақапаттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдары

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі:
Тарихты оқытуда жаңа тәсілдер немесе жаңа әдістемелік жолдарды игеріп оны оқушылар қабілет-қарымымен ұштастыру , жас ұрпақты жаңа жаңа технологиялармен тәрбиелеу , тарих сабағын оқытуды жетілдіру курстық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Ақпараттық технологияларды қолданудың әдістемелік жолдарын, Тарих білімін жетілдіру неліктен қажет болып отырғандығын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Шетелдік және бұрынғы Кеңес одағы кезіндегі тарихты оқытуға тоқталу.
Қазіргі кездегі оқытушылармен және олардың жаңа технологияларымен кеңірек танысу, баспасөз беттерінде шыққан мақалаларын ғылыми түрде талдау.
- Жаңа педагогикалық, ақпараттық технологиялардың
ғылыми-әдістемелік негіздері және оларды қолданудың
тәжірибелерімен танысу.
Курстық жұмыстың тарихнамасы.
Курстық жұмыста негізінен Тұрсын Хәзретәлінің Мектепте тарихты оқыту әдістемесі, ( Алматы2004.):
Тұрлығұл Тотай Тәжіұлының Мектепте Қазақстан тарихын оқытудың құралдары( Оқу әдістемелік құрал Алматы Ғылым 2003.): Г.А. Жансбекованың Тарихты оқыту әдістемесі (Семинарға арналған оқу құралы . М Әуезов ОҚМУ: Шымкент.): Абдуғулова Бағланның Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан тарихын оқытудың дидактикалық негіздері( Автореферат Алматы 2004.): атты еңбектері кеңінен пайдаланылды. Жоғарыдағы аталған тарихшы ғалымдар кітаптарында осы тақырып баяндалған.
I.ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ.....
Курстық жұмыстар
Толық

Физика | Кеплер жаңа планеталар жүйесі

Зерттеудің мақсаты: Күн жүйесінен өзге экзопланеталарды зерттеу барысында анықталған Кеплер - 11 планеталар жүйесін зерттеп, оларда тіршіліктің болуы мүмкін бе? Болса адам үшін маңызы қандай екендігін анықтау.
Зерттеудің міндеттері: 1. Түрлі ақпарат деректерін оқу, талдау, салыстыру.
2. Өзгелердің осы аталған тақырыпта білетіндерін тыңдау, ой бөлісу
3. Осы уақытқа дейінгі бар мәліметтерді көзіммен көру.
4. Көргендерімді, естігендерімді оқығандарымды жазу, суретін салу, макетін жасау.
5. Барлық жинақталған материалдарды талдай отырып ой қорытындысын шығару.
Зерттеудің болжамы: Кейінгі кездері Кеплер орбиталық телескобының көмегімен анықталып жатқан экзопланеталардың тіршілік үшін үлкен маңызы бар деп болжаймын.
Жұмыс жоспары:
Кіріспе:
І. ХХ ғ. адамзат тарихындағы «Ғаламды игерудің» маңыздылығы.
ІІ. Негізгі зерттеу бөлімі.
1. Кеплер телескобының жұмыс істеу принципі
2. «Кеплер»- 11 жаңа планеталар жүйесі.
3. «Кеплер»- 22 би планетасы.
4. Өзге де жетістіктер
Қорытынды.
Жобамен таныстыру......
Ғылыми жобалар
Толық

Педагогика | Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі

І.Кіріспе бөлім.
Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайындағы ынтымақтастық педагогика.
ІІ.Негізгі бөлім.
А.) Жаңашыл мұғалімдер идеясы және олардың тәжірибесі.
Ә.) Озат педагогикалық тәжірибені пайдалану.
Б.) Оқыту технологиялардың түрлері және қолданудың тиімділігі.
В.) В.Т.Кабум технологиясы. Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі.
ІІІ.Практикалық бөлім.
Сабақ жоспары: «Тік белдемше, шығу тарихы»
Тәрбие сағатының жоспары: «ХХІ –ғасыр көшбасшысы»
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиетте .....
Ғылыми жобалар
Толық

Библиография | Жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттары

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Еліміздің тәуелсіздігі бұқаралық саяси жұмыстың, ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз етуде. Еңбекшілерді Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде, 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаны орындауда көпшілік және арнаулы ғылыми кітапханаларының жан-жақты қызметінің негізгі бір саласы библиографиялық жұмыс, оның бір құрамды бөлімі өлкетану библиографиясы болып табылады. Мәдени мекемелердің ішіндегі кітапханалар тарапынан жүргізілетін өлкетану жұмысының мәні, өлкетану әдебиеттерін насихаттайтын библиографияның маңызы өте зор.
Өлкетану ісі тарих пен мәдениет ерекшеліктерін қорғау және насихаттау ісімен де тығыз байланысты.
Диплом жұмысының мақсаты бүгінгі Қазақстан Республикасының жүйелі жаңару жағдайындағы кітапханалық өлкетану жұмыстарының негізгі бағыттарын, соның ішінде қалыптасқан библиографиялық ресурстардың жай күйін қарастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық

Ақпараттық жүйе | Кітап қорын есепке алу және өңдеу процесіндегі жаңа ақпараттық технологиялардың алатын орны

Кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, олардың ақпараттық қажеттілігіне жедел және кәсіби деңгейде жауап беру, дәстүрдегі және жаңа қызмет түрлерін пайдалана отырып, халықтың білім алуына, мәдени және рухани жаңғыруына ықпалдық ету-кітапханашының басты міндеттері. Жаңа технологияны, ақпаратты жеткізудің жаңа түрлерін енгізу халық арасына ықпалын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Жыл көлемінде электрондық өкіметті қалыптастыру мемлекеттік бағдарламасын, «Мәдени мұра» бағдарламасын, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Жолдауын жүзеге асыруға кітапханалар зор үлестерін қосуда.
Кітап қорын есепке алу және оны өңдеу - халықаралық кітапханалық ынтымақтастықта ең маңызды мәселелер болып көтеріліп келеді.
Кітапхана қорын есептеу және өңдеу мәселелерімен көптеген Ресейлік кітапханатанушылар шұғылданып келеді. Бағалы да мәнді тәжірибелер Л.Б.Хавкинаның, А. В. Кленованың, Ю. В. Григорьеваның құралдарында көрсетілген. Бұл мамандар кітапхана қорын есептеу жеке-жеке түрлерінен бастап, жаңа заман талабына сай, жаңа технологиялардың көмегі арқылы бұл сұрақтың күрделі шешімдерін іздей бастады.
Жаңа ғасырлық ғаламдық талаптары Қазақстан Республикасының көптеген кітапханаларының алдына жаңа ауқымды мақсаттар мен тапсырмалар қойылды. Бұл өңделіп жатқан стратегия қазіргі қоғамның құрылуы мен дамуындағы гуманитарлық және өркениетті бағыттардың өркендеуіне әкеледі.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Кіші жүз және Орта жүз қазақтары басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы

Тақырыптың өзектілігі .
XIX ғасырдың 20–шы жылдарында патша өкіметі қазақ қоғамындағы ескі патриархалдың басқару жүйесін жоюға бағытталған өзінің саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізгеннен кейін хандық билікті , рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе отырып , басқарудың жаңа формасын құра бастады . Дәлірек айтсақ осы кезеңнен бастап патшалық Ресей саясатының қазақ жеріндегі жаңа кезеңі басталды . Өйткені XIX ғасырдың екінші онжылдығында Орта жүз және кіші жүз жерлерінде басқару реформасының жүргізілуіне өте қолайлы жағдай қалыптасқан еді . Дәл осы уақытта қазақ жүздерінің ханы қайтыс болды . Осы жағдайды пайдалана білген патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті толықтай жою үшін , жаңа басқару реформасын жүргізе бастады .
Курстық жұмыстың мақсаты:
1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мәнін ашып көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері :
• Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкімшілік жаңа жүйесінің мәнін ашу ;
• 1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және Орынбор қырғыздары туралы Жарғысының » мазмұны мен іске асырылуының тарихи маңызын зерттеу ;
• Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістеріне назар аудару ;
Бұл жарғы бүкіл Орта жүзбен Кіші жүздерді түгел қамтыды.Ереженің басты қозғаушы күші қазақтың шұрайлы суы мол жерлерін отарлау еді. Сонымен қатар негізгі міндеті жұмыстың ішіндегі Жарғылардың негізгі тараулары мен пунктерінің мәнін ашып оларға сәйкестік беру.
Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды .
Жарғының басты мақсаты:
• Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік , сот , саяси басқаруды өзгерту ;

Ф-ОБ-001/035
• Рулық–феодалдық тәртіптерді әлсірету ;
• Орта жүздегі хандық билікті жою;
• Кіші жүздегі хандық билікті жою.
Осылайша халықты орыстандырып , рухани тұрғыда мешеу ету көзделіп , елдің байлығын тонап–талау болатын . ....
Курстық жұмыстар
Толық