Балалардың кіруі. Тәрбиешінің сөзі: Тақпақтар. Шыршаның артынан Сауысқан жүгіріп шығып, аяз атадан хабарлама оқиды. - Асығамын деп жүріп Сыйлықтарды шашып алдым.
Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазқстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығының ролі орасан зор болды. Сондай-ақ, Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бадхыз қорығында құландар саны көбейе түсуде. Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейін ондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға өсіп көбеюде. Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары – солтүстүгінен оңтүстүгіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиді. Қазақстан жерінде Д.И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, баурымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететін айтпай кетуге болмайды. Бұл бай өлкені шын мәннінде табиғи байлықтың қайнар көзі деп ғалымдар бекерден -бекер айтпаған болар. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес екені кейінгі кезде өзінен-өзі өне беретін зат емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек. .....
Елдің бәсекелестік қабілеті, ұлттық және экономикалық қауіпсіздігі технологиялық бәсекелеске қабілетімен ұлттық инновациялық мүмкіндіктеріне байланысты. Технологиялық бәсекеге қабілеті екі аспектке тәуелді: біріншісі, технологиялық инновациялармен трансферт болса, екіншісі, түрлі қатынастарда технологияларды қолдану. Бірақ, бүгінгі күнде инновацияны зерттеу, меңгерумен кәсіпорындардың 10%-ы ғана айналысады.Мұның басты себебі-мамандар аздығы. Инновация нарыққа ену үшін инновациялық жобалардың тиімділігін арттыру әдістерін жақсы меңгерген білімді мамандар қажет. Дәл осы себеппен «Инновациялық менеджмент» курсы жас мамандарды дайындау бағдарламасына әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуымен басқарылуы, функциялануының қажеттілігі туралы түсінікті калыптастыру үшін және инновациялық басқару саласындағы білім беруге шақыратын ең маңызыды әрі арнайы үйымдастырылған курс ретінде енгізілген. Ол басқару теориясының, менеджменттің басты жағдайларының бөлщегі әрі жалғасы болып табылады. Ол басқару шешімдерін жасауды, инвестициялық, өндірістік менеджмент сияқты басқа да салаларымен және басқару кезеңдерінің тәртібімен байланысты. ....
Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған. Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады.Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді. Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын және оның өзін-өзі тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс-әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс-әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастаымен және қоғаммен қарым –қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды. Қазіргі заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау деп бөледі. Кездейсоқ мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша «әдістер сыйпатын» қоса алғанда өзін-өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа даәдістер бар. ....
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізді жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтым қоймай, сонымен бірге әлеуметтік – гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау – соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу – тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Осы қоғамдық аса маңызды міндетті шешуде “Педагогика” курсының атқаратын қызметі айрықша. “Педагогика” курсы педагогикалық оқу орындары студенттерін мұғалім мамандығына дайындау жүйесінің негізгі бір саласы. Оның мақсаты болашақ мамандарды педагогика ғылымдарының теориялық негіздерімен қаруландырып, тәрбие мен оқыту процесін нәтижелі ұйымдастыруға қажетті педагогикалық білім, білік және дағды қалыптастыру.....
Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған кезекті 2005 жылғы республикалық кеңесті Үкімет басшысы Даниал Ахметов ашып, 2004 жылғы еліміздің аграрлық секторында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды. Премьер-Министр кеңес барысында Аграрлық азық-түлік және Ауылдық аумақтарды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сарапталып, алдағы жылдың жоспарлары мен міндеттері айқындалатынын атап өтті. Ауыл шаруашылығы министрі Серік Үмбетов еліміздің аграрлық кешені мен ауылдық аумақтар дамуының екінші жылындағы жұмыс нәтижелері туралы баяндама жасады. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс-шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған талпыныстардың қалыптасуына себепкер болды, деп бастады сөзін министр. Серік Үмбетовтің айтуынша, бүгінгі таңда елімізде жүзеге асырылып жатқан ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары, негізгі экономикалық заңналармен және нарық талаптарына сай үйлестірген. Бұл мемлекеттік қолдаудың мөлшерін жыл сайын көбейтуге толық мүмкіндік туғызып отыр. Егер ауыл жылдары басталардан бұрын аграрлық саланы қолдауға 27 млрд. теңге қаржы бөлінсе, соңғы екі жылда оның мөлшері екі есеге артып, 57,5 млрд. теңгені құрған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 13,5 пайызға өсіп, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 693,3 млрд. теңгеге жеткен. Сонымен бірге азық-түлік тауарлары мен ішкі рынокты толықтыру мәселелері тұтастай тұтақталып, экспорт көлемі 35 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты түрде өсуі бұл сананы тиімді бизнес көзіне айналдырып, оған инвестициялық ағымдардың құйылуына оң жағдай туғызды. 2004 жылы екінші деңгейдегі банктердің өзі осы салаға 125 млрд. тнңге құйған. Бұл 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге артық. Ауылда өндірісті шоғырландыру процестері басталып, іріленген өндіріс құрылымдары қанат жоюда. Соңғы екі жылда ауыл шаруашылығы бойынша алынған пайда мөлшері 20 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ сала еңбеккерлерінің орташа жалақысы 17 пайызға өсіп, 11 мың теңгеге жетті. ....
Жаңа ай көргенде Аллаһ Тағалаға мақтау-мадақ айтып, және Мұхаммед (с.а.с.)-ға салауаттар айтылады, және алдағы күндерде жақсылық, тыныштық болсын деп. Яғни, барлық жақсылықты тілеу керек. Дұғасы: «Аллаһу Әкбар. Аллаһумма аһилләһу ъалайнә бил-әмнй уәл-имәни, уәс-сәләмәти уәл-Исләмй уәт-тәуфикй, лимә тухиббу раббәнә уә тәрда раббунә уә раббукәллаһ».....