Биология | Қазіргі заманғы бөлме өсімдіктерінің жағымды және жағымсыз жақтары

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БӨЛМЕ ӨСІМДІКТЕРІНІҢ ЖАҒЫМДЫ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҚТАРЫ
Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп - оңай тыныс алуға болатынын байқадыңыз ба? Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады. Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, сіздің көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді. Сіз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлескенін көрдіңіз бе? Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді.
Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін. Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсіргеніңіз жөн. Олар сіздің үйіңізге табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс-керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, кез келген дәріханадан алоэны сатып алуға болады. Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн. Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Жағымсыз эмоцияға берілмеудің 5 тәсілі

Бір тақуа былай деп жазған екен: «Біз төбемізден құстардың ұшып өтуіне тыйым сала алмаймыз алайда, басымызға отырып ұя салуына көне алмаймыз», деп. Менің ойымша бұл нақыл осы тақырыпқа дөп келіп тұрған сияқты.

Кейде сіздің намысыңызға тиетіндей жағдай туған сәтте үндемей....
Кеңестер
Толық

ZERDE атты тұңғыш қазақтардың смартфоны!

«Фэйсбук әлеуметтік желісінде Ақтамберді Назымұлы есімді қолданушы Қытай елінде тұратын қазақтардың „Zerde“ деп аталатын смартфон жасап шығарғанын жазды» деп массагет порталы өз қолданушыларын жағымды жаңалықпен қуантты.
kz
Толық