Данагөй халқымыз «Ел басына күн туғанда, ер етігімен су кешеді» деп бекер айтпаған.Елі үшін туған ерлер қалың қазақтың ортасынан оза шығып , отты майдан шебінде қасық қаны қалғанша жаумен шайқасып өз Отанын қызғыштай қорғай білді. Халқымыздың маңдайына біткен ,елі үшін туып ,елі үшін жанын пида еткен жаужүрек жауынгерлері жетерлік .Осындай қаһарман ұлдардың бірі де бірегейі - Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетов.Оны бүгінгі ұрпақ Ол 1920 жылдың сәуір айының 1- інде (кейбір деректерде 21 ақпанда) Әулиекөл ауданының Қояндыағаш ауылында шаруа отбасында дүние есігін ашқан.Орта жүздің Байғұлақ руынан шыққан.Жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татып, ес білген шақтан бастап аяулы апасы Зейнептің қолында тәрбиеленіп өскен.Себебі мына жалған өмірде жанына ең жақыны-ата-анасы - қалың қазақтың көгіне қара бұлт үйірілген ашаршылық жылдарында дүние салған екен. 1937 жылы Қояндыағаш ауылындағы Сұлтан оқыған мектеп төтеден келген тілсіз жаудың кесірінен отқа оранады.Амалдың жоқтығынан бала Сұлтанға ауылынан 7 шақырым шалғай орналасқан Қарақалпақ жеті жылдық мектебінен білім алуға тура келеді . Ең қызығы, болашақ батыр жас күнінен өжет,өршіл, қатал мінезді болған. Бала Сұлтанның мінезінің қиқарқылығы мен қыңырлығы оның 7 сыныпта оқуды еріксіз тастауына себеп болады.Мектептен шыққаннан кейін ,бір айдай оқымаған Сұлтан апасы Зейнепке шаруашылық жағынан көп жәрдемдеседі.Кейін сол жылы арада көп уақыт өтпей-ақ Сұлтанды Әулиекөл орта мектебіне 5 сыныпқа қабылдайды.Аталмыш мектепті ойдағыдай аяқтаған соң , отбасылық жағдайдың қиындығы мен түйткіл тіршілік тауқыметі әрі қарай білім қуып , арман-тілектерін жүзеге асыруға кедергі жасайды.Жасынан еңбекке қатты құштар Сұлтан пошта бөлімшесіне есепші болып ,жұмысқа орналасады. Араға көп уақыт салмай өз қызметін жауапты орындай білгендіктен, оны Құмсу ауылына пошта бөлімінің басшысы етіп тағайындайды.Кейін Әулиекөл ауылына көшіп келеді......
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні......
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері біраз уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлауы керек еді, дегенмен де аталарымыздың қатары азайып, барларының өзі қартайып, уақыт өз әмірін жүргізуде. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Сол аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні.....
Күллі әлемнің ашу-кегі, Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да, жарыл, жүрек! Қ.Аманжолов Соғыс. Қантөгіс. Бұл екі ұғым егіз. Бірінсіз бірін елестету мүмкін емес. Ұлы Отан соғысы... Еліміз бен жерімізге қаншама қасірет ала келді. Халық басына төнген ауыртпалықты Отанының адал ұлдары мен қыздары қайыспай көтере білді, қарсы шығып, жеңе білді. Сол ата-бабаларымыздың арқасында біз бейбіт өмір сүріп отырмыз. Шүкіршілік! Қазақ халқының жаратылысынан елін, жерін қорғап, жауға қарсы тұра білетін халық екендігін тарихтан жақсы білеміз. Қанмен берілген қасиет дер едім. Ұлы Отан соғысына да біздің ата, апаларымыз аянбай ат салысып, ерліктің туын биік көтергенін біз мақтан етеміз. Ұлы Отан соғысының тарихында қаһарман Брест қорғанысы-совет жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлігінің асқақ бір үлгісі болып қалды. Белоруссиядағы Батыс Буг өзенінің бойында орналасқан осы көне қамал Отанымыздың қасиетті тыныштығын қапыда бұзған қасақы жауды алғашқылардың қатарында кеудесін оққа тосып қарсы алды.Соғыс басталған сәтте небәрі бір ғана полктей жауынгері бар қамал гарнизоны күші әлденеше есе басым жаумен бір ай бойы беріспей шайқасты. Олар басқыншылардың терең тылында қалса да нағыз қайтпас қайсарлықтың, Отанға деген асқақ адалдықтың хас үлгісін көрсетті. Қазақ халқы ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша күрескен жауынгер халық болған. Отан үшін жан беріп, жан алысып жүрген қазақ жауынгерлерінің ішінде көптеген ақынжазушыларымыз да бар еді......
1941 жылы маусым айында бейбіт жатқан ел шетіне жау тиді. Отанды жаудан қорғау үшін әкелер мен ағалар, жауқазындай жастар, қызғалдақтай құлпырған қыздар шүберекке жанын түйіп, майданға аттанды. Майдан даласынан елге оралғандар да, хат-хабарсыз кеткендер де болды. Иә, өлгендер қайтіп келмейді. Ал мен тілге тиек отырғалы отырған қарт жауынгер, жерлес ата Қожанов Айнағұл екі мәрте өлгендердердің тізіміне ілігіп, тірі қалады. Әке-шешесіне бірінде Айнағұлдың қаза болғаны, екіншісінде хабарсыз кеткендігі туралы қара қағаз тапсырылған. 1948 жылы елге қайтып оралғанға дейін екі бірдей қара қағаз алған ата-анасы, ағайын-туыс Айнағұл атаның не өлі, не тірі екенін біле алмай дал болған. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Айнағұл атаға осы екі рет «өліп», тізімге іліну себептерін айтып берсеңіз деп қолқа салдық. - Шырақтарым, бұл өзі ұзақ әңгіме ғой» - деп ата бір күрсініп, әңгімесін бастап кетті. Біз бір әулеттен соғысқа тоғыз жігіт аттандық. Содан тірі оралған жалғыз мен. Майданда елің, жерің үшін жан пида, тіпті өзіңді ерлік көрсетуге міндетті санайсың. Он жеті жасымда қан майданды көрдім. Алғашқы соғыс қадамым бронетанк әскерінің Бас қолбасшысы Ротмистровтың жауға соққы беретін танк армиясынан басталды. Осы армияның жеке барлауға арналған мотоциклицстер полкінде бізге аса жауапты әскери тапсырмалар берілді. Полк жауынгерлерінің міндеті барынша құпия жолдармен жау тылынан өтіп, тірілей «тіл» және жаудың құпия құжаттарын әкелу болатын. Барлаушымыз десек те болады. Осындай маңызды тапсырмамен жаудың тылына жиі барып тұратынбыз. Бірде бес адам жауапты тапсырмамен жолға шықтық. Бұл 1943 жылдың 12 желтоқсаны еді. Біз 18 күнде өзімізге берілген тапсырманы орындап, әскери бөлімге қайтып келдік. Жау тылына кеткен 5 жауынгерден мен және Көшекбаев Төлеухан деген аталарың екеуміз ғана аман қалдық. Он сегіз күн бой бізден хабар ала алмаған соң полк басшылары бізді қаза болғандар тізіміне қосып, елге қара қағаз жіберіпті. Міне – бұл менің бірінші «өлгенім». ......
Ызғарлы қыстың желінен, Ауыздан шыққан лебіммен Жырымды күйлі пернеден Немерем, балам, шөберем Тағы да бір тыңдасын. Ерлеріне майданның Түйінін шешіп толғаудың Шешіне Жамбыл жырласын.....
Құрметті Қазақстандықтар! 9 мамыр жеңіс күніне арналған балаларға өлең тақпақтарды ұсынамыз! Балабақшаға, мектептегі бастауышқа арнап жазылды. 9 мамыр жеңіс күні құтты болсын!
Ойлап-ойлап тұрдым көп, Сауал бердім білгім кеп: - Қуанышты мереке - Жеңіс күні қай күн? - деп.
Мектептегі мұғалімдік жұмысының алғашқы жылы еді. Бірде мектептің тәрбие завучы бұған: "Жүр, екеуміз класта өткелі жатқан кездесуге барып, қатысып қайтайық", — деді.
Тәрбие завучы жасы үлкен кісі еді. Мұның мектептегі оқушы кезінде осы саланы басқаратын. Сондықтан ба келе жатып: "Енді осындай іс-шаралардан қалма, араласып тұр", — деді.
Кездесу соғысқа қатысқан кісілермен болғалы жатыр еді. Осындай сыныптан тыс іс-шараларды тәрбие завучы белгілейтін. Сынып жетекшілерге тапсырмалар береді. Өзі өтіліп жатқан іс-шараларға қатысып отырады. .....