Жұмбақтар жауабымен: Есеп және сауда

Арзан ба, әлде қымбат па?
Білесің де бағасын,
Барлық затты бір затқа
Айырбастап аласың.
Ақша

Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.
Есепшот
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Алфавит, әріптер

Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.
Жиырма тоғыз әріп

Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.
Жиырма тоғыз әріп

Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем шалыс.
Жиырма тоғыз әріп

Жұмбақтар жауабымен
Толық

Неліктен келбетті әрі қалталы еркектер сұрықсыз бойжеткендерді таңдайды?

Неліктен көптеген арулардың арманы боп жүрген ақылды, келбетті әрі қалталы еркектер сұрықсыз бойжеткендерді таңдайды? Бұл сұраққа психолог-ғалымдар life.ru сайтында жауап беріпті.
Жаңалықтар
Толық

Жүкті әйел қалай тамақтану керек?

Жүкті әйел өзінің ғана емес бала денсаулығы үшін де жауапты. Алдын алу, күтіну, сақтану, дәрігерге қаралу. Сонымен қатар, ауқаттануының өзі бала денсаулығының кепіліне айналуы қажет. Ол үшін қандай ас ішіп, қалай тамақтану керек?
Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары

Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.
Сыпырғыш

Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.
Шымылдық

Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
Құлып
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Күйеуіңіз ашуланса…

Бір кісі қит етсе ашуланып шыға келетін күйгелек, өте сабырсыз болыпты. Ал оның жары керісінше, байсалды, сабырлы, ақылды әйел екен. Кісінің сондай қиын мінезіне қарамастан екеуі тату-тәтті, береке мен бірлікте.....
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Орынды жауап

Қарғалы атырабының тал, жиде өскен түйе өркеш құм төбелерінің арасынан әкесінің мінер атын әрең ұстап алып, ауылға келген Сағиға көршісі Қажен;
- Уәде қайда, сені балық аулауға бірге бару үшін ұзақ күттім? - дегенде Сағи;
Әкем аты жорға еді,
Көптен бері қолда....
Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қанағат – асыл қасиет

Тақырыбы: Қанағат – асыл қасиет
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кейіпкерлерге сын көзбен қарауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушы бойына адамгершілік, қарапайымдылық, қанағаттылық, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
Дамытушылық: өз ойын мақал - мәтел жүйелілігін пайдалана отырып дәлелдеуін, ізденушілік белсенділігін, қабілетін арттыру, өз пікірін қорғауға дағдыландыру, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру; әдеби теориялық ұғымдарын тереңдете меңгерту.
Сабақтың түрі: сабақты қорыту, білімді жүйелеу
Тәрбие сағаттар
Толық