Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық құқығын окып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде меңгерген маңызды. Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық, егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, занды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы). ....
КІРІСПЕ Бұрғылау мұнарасы көтеріп-түсіру операциясын автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын және тәл үшін арналған, ұңғы аузына орнатылатын металды қондырғы. Бұрғылау мұнарасының монтаждық қабілеті және оңай орын ауыстырулығы оның қаншалық техникалық жетілгендігіне байланысты. Сондай-ақ, бұрғылау мұнарасының техникалық жетілгендігінің деңгейі бұрғылаудың тиімділігіне және қауіпсіз болуына елеулі ықпал тигізеді. Бұрғылау мұнараларының істен шығып қалуы өте ауыр зардап төндіруі мүмкін, сол себепті бұрғылау мұнараларына тағылатын ең маңызды талаптар – оның беріктігі мен сенімділігі. Бұл айтылған талаптармен қатар жұмыстардың тиімділіген және тезедетілуіне ықпал ететін мұнараның технологиялық қасиеттері және мұнараның жеңіл болуы ескерілуі тиіс. Бұрғылау мұнараларына қойылған МЕСТ12,2,041-79 қауіпсіздік талаптарына сәйкес мұнараның құрылысы және фундаментке бекітілуі тартпаларды алып қолданғанда қауіпсіз және сенімді болуыға тиіс. Мұнараның құрылысында крон блок, маршты табалдырықтары және бұрғылау қондырғысының еденінен кронблокқа дейін сатысы бар жоғарғы жұмысшының алаңшасы және өту алаңшасы ескерілуі тиіс. Жоғарғы алаңшада көтеріп – түсіру операциясы кезінде бұрғылау свечасын орналастыратын жұмысшыға арналған қозғалмалы люлька орнату керек. Мұнараның жоғарғы табанындағы кронблокты және монтажды ролик ті ауыстыруға арналған сандал кронблоктың бір жарым массасын көтере алатындай етіп есептелінеді. Желдің түсіретін күшін неғұрлым азайту үшін бұрғылау мұнарасының және оның бөлек элементтерінің геометриалық пішіні минималды аэродинамикалық күш тудыратыдай етіп құрастырылуы керек. Көтеріп – түсіру операциясының жүзеге асырылуы бойынша бұрғылау мұнараларының свечаларды қолмен немесе механика көмегімен орналастыратын түрлері болады. Аяқтарының саны және олардың өзара орналасуы бойынша бұрғылау мұнаралары мұнаралы және діңгекті (мачталы) болып бөлінеді. Мұнаралы мұнарада бар Салман екіден көп, көпбұрыштың төбелерінде орналасқан тіректерге түсіріледі. Мұнара түріндегі мұнаралардың бірлік кеңістік жүйеде тормен байланысқан нақты емес төртаяқтары болуы мүмкін. Діңгекті мұнараларда Салмақ бір немесе екі тірекке түсіріледі. Мұнараның вертикаль жағдайы тіреуіш, бағана немесе портал көмегімен қамтамасыз етіледі. Мұнаралы мұнаралар иілгіш және қатты торлардан жасалады. Сонымен қатар төртқырлы пісірілген фермалар немесе үлкен диаметрлі құбырдан жасалған мұнаралар да белгілі. Ондай типті мұнараларды пилонды деп атайды. Конструктивті схемасы әр-түрлі болса, да мұнаралы мұнаралардың кез келген типі өте үлкен қатандықпен және тәлдік арқанның серпімділік күшінің моменті әсерінен айналуына кедергі бола алатындығымен сипатталады. Алайда, бір – бірімен жалғастыратын болттық қосылыстар көп болғандықтан мұнаралы мұнараларды құрастыру өте күрделі. Пилонды мұнараларының аяқтарында байланыс болмағаны олардың монаждық қабілетін ұлғайтады, көпіршелерден бақылау мүмкіндігі жақсарады. Мұнаралы мұнара өзара белдіктермен және иілгіш диагональ орналасқан тартымдармен байланысқан төтр көлбеу орналасқан аяқтардан тұратын төртқырлы қиылған пирамида. Мұнараның төбесінде бүтінпісірілген кронблокасты рамасы, сандал және кронблокасты алаңша орналасқан. Мұнараны құрастыру үшін, кронблокты ауыстыру үшін жіне басқа ауыр заттарды жоғарыға көтеру үшін сандал блок пен жабдықталған. Бұрғылаушы бұрғылау свечаларын қолмен ауыстыруға арналған екі балкон бар. Әр балкон төрт алаңшадан, қалқалардың қаңқасынан тұрады және свечаны орналастыруға арналған басы шарнирлі саусақтармен және ұңғының өсінен тәлдік блок еркін өтетіндей ара – қашықтықты қалдырып, орналастырылған, жоғарыда істейтін жұмысшыларға арналған люлькамен жабдықталған. Алайда, люльканы өте алас орналастыру да дұрыс емес – жұмысшының жұмыс істеу жағдайы нашарлайды. 15 метр биіктікте манифольд тұрағының бұрғылау насосы мен жеңін күту үшін арналған алаңша бар.....
КІРІСПЕ Мұнай және мұнай өнімдері біздің еліміз үшін негізгі экспорт көзі болғандықтан мұнайдың дүниежүзілік бағасы макроэкономикалық параметрлердің маңызды бірі болып табылады. Сыртқы рыногтағы жағдай қазақстандық мұнай компанияларының жағдайына да өз әсерін тигізеді. Мұнайдың дүниежүзілік бағасының дағдарысы тек қана мұнай өндірісіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл экономикасына қауіп төндіреді. Себебі, көптеген ұңғымалар қор бөлігінің қайтарымсыз жоғалтуларымен тоқтатылады. Осыған байланысты бюджеттің кірісінің азаюы, жұмыс орындарының қысқартылуы, экономиканың барлық салаларында салықтардың көбеюі, т.б. жағдайлар туындайды. Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібі экономиканың жетекші саласы болып табылады. Еліміз қазіргі таңда дүние жүзіндегі ірі мұнай өндіруші елдердің қатарына қосылып, дүние жүзі бойынша мұнайдың дәлелденген қорынан-13, газ және конденсаттан-15, мұнай өндіру көлемі жағынан 28 орын алады. Қазақстан дәлелденген қоры және мұнай өндіру көлемі бойынша ТМД елдерінің арасында екінші, ал газ бен конденсаттың қоры бойынша – төртінші орын алады. Жаңажол кен орны 1978 жыл ашылған және 1983 жылы пайдалануға жіберілген. Бұл 60 пайыз күкіртсутегі мен көмірқышқылгазды, 10 пайызға дейін парафинді, жоғары газ факторлы кен орны. Жаңажол кен орны таскөмір жүйесінде қалыптасқан, кеуек пен жарықшақтардан, кеуек пен ұсақ қуыстардан тұратын карбонатты коллектор болып табылады. Кен орынды игеру екі карбонатты қалыңдық бойынша жүргізіледі – КТ-І және КТ-ІІ. Бұл жердегі ұңғымалар мынадай сипаттарға ие: терең, газ факторы жоғары және күкіртті сутегінің пайыздық мөлшері жоғары. Жаңажол кен орнында мұнай өндіру штангалы терең сорапты ұңғыларды пайдаланады. Мұнайды өндіру кезіндегі кең тараған тәсілдердің бірі –штангалы терең сорапты қондырғы. Бұл штангалы сорап арқылы кіші дебитті ұңғыларды игеруге болады. Арнайы бөлімде де ШТСҚ бойынша технологиялық есепке талдау жасалған.....
Кіріспе ХХ ғасырдың ортасында ақпаратты өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды. Информациялық қоғамға көшу перспективалары әлеуметтік, құқықтық және техникалық сипаттағы көптеген мәселелерге қозғау салуда. Мысалы, өндірістік роботты пайдалану адамның қатысуна бағдарланған бүгінгі технологияны толық өзгертуге әкеледі. Мұндай технологияны жасау ісі басталып та кетті. Жаңа қоғам мүшесін өз бетінше өмір сүруге дайындау да күрт өзгерді. Оқытудың жаңа түрлерін жасаудағы ізденіс жұмыстары да басталып келеді. Қазіргі кезде арнайы мектептер, гимназиялар, жоғары оқу орындары жеке пәндерді тереңдетіп оқытумен қатар оқу процесін жаңаша оқытуға негізделе бастаған . Дәстүрлі оқу теориясы мен іс-тәжірибесінің қазіргі кездегі білім саласы информатикаландыру технологиясын пайдалану қажеттілігін тудырады. Білім алушылырдың қабілетін дамыта алатын оқу процесін, әсіресе өз бетінше орындалатын жұмысты ұйымдастыру, ақыл-ой іс-әрекетінің қалыптасуына ықпал етуі керек. Қәзіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды окулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электронды окулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады. Білім алушылырдың білім деңгейін жоғарылату оқу процесін жаңаша құруды талап етіп отырғандықтан бұл дипломдық жұмыстың тақырыбын “Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау” деп таңдап алуға ұйытқы болып отыр. Дипломдың жұмыстың мақсаты – білім алушыларға тереңдете білім беру және мултимедиалық анимациялық процестерді көрсету. Дипломдық жұмыстың нысаны. Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін ұйымдастыру технологиясы. Қорғауға ұсынылатын нәтижелер: • Delphi программалау ортасында интерфейс құру жолдары анықталды; • Жануартану пәніне мультимедиялық анимация; Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі.....
Кіріспе Көлік- халық шаруашылығының ірі және маңызды саласы, адам еңбегінің ірі саласының қосымшасы, ғылым мен техниканың жаңа нәтижелерін пайдалануының кең аймағы, тығыз байланыста болуы қажетті бөліктер мен бөлімшелердің ауқымдалған динамикалық жүйесі. Халық шаруашылығының осы күрделі саласында магистралды көліктің әр түрлі түрлері, және де қалалық және өнеркәсіптік көліктер де өзара тығыз байланыста. Әкімшілікті- шаруашылықтың өзіндігіне қарамастан көліктердің барлық түрлері бір- біріне өзара тәуелді екені анық және өз жұмыстарының нәтижелері мен процесіне айтарлықтай өзара әсер етеді. Көліктердің барлық түрлерінің тағайындалу бірлігі, және де олардың арасындағы тығыз өзара тәуелділік оларды функциялануы анықталған объективті заңды шектеулермен шартталған мемлекеттің біріккен көлікті жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Адам қоғамының тарихы көлік дамуының тарихынан еш бөлінбейді. Адамның физикалық өмір сүруі үшін көліктің атқаратын орны, яғни маңызы зор деп айтуға болады. Құралдар мен заттардың тіпті адамның өзін де ауыстырымсыз қолдану өнімдерін шығару да, басқа да мақсаттардағы қызметтер мүмкін емес. Алғашқы қауымдық құрылымда да көліктік талаптарды қанағаттандыру мәселелерін адамдар қарапайым жолмен шешкен. Еңбек құралдары, жануар және өсімдік тағамдары, баспана мен киім дайындауға арналған материалдар және отынды бастапқы кезеңдерде адамдар өз иықтарында немесе сүйреу арқылы тасымалдады. Жануарларды қолға үйретіп асырау шегінде оларды адамдар мен жүктерді тасымалдау мақсатында жиі пайдалана бастады. Құл иеленушілік дәуірінде де көлік заттарының өркендеуі мен кеңеюіне жаңа социалисті- экономикалық ынталандырулар пайда болды. Өнімді егін шаруашылығы, үй жануарларының санын көбейту, жаңадан тиімді қарулар жасалына бастаған металдарды алу мен өңдеу тәсілдерін ашу, өнімділіктің ұлғаюына және бір уақыттағы еңбектің қоғамдық бөлінуіне көп ықпал етті. Көлік күшті даму импульсіне айырбастаудың пайда болу нәтижесінде жетті. Құрлық көлігінің дамуының келесі қадамы жасанды жер үсті жолдарының пайда болуы болды. Феодализм материалды өндірістің дамуына, және көлік үшін де жаңа ыңғайлар берді. Өндірістік күштердің өсуімен қатар еңбекті қоғамдық бөлу де күшейді, және анықталған кезеңде қала- бекіністерінің, қала- орталықтарының орнына билеушілер мен әкімшіліктер қалаларды - өнер мен сауда орталықтарын өсіре бастады. Еуропадағы капиталистік қатынастардың пайда болу процесі XV — XVIғ.ғ. жаңа сауда жолдары мен жаңа елдердің ашылуымен жылдамдатыла түсті. Бұл кезең (ұлы географиялық ашылымдар кезеңі) Африканың, Азия және Американың отарлануының басы болды. Ф. Энгельс «өнеркәсіптік революция» деп атаған Англиядан кейінгі Еуропаның көптеген елдері XVIII ғ. екінші жартысын қамтыған техникалық түбегейлі өзгерістің өндіріс пен сауданың жедел өсу қарқынына, әсіресе машиналардың көмегімен машиналардың өзін өндіру игерілгенде үлкен әсері болды. Феодалдық кезеңнен мұра ретінде жеткен желкенді кеме және де керуендер мен арбалар түріндегі көліктер машина өндірісінің қажеттіліктерін қамтамасыздандыра алмайтын болды. К. Маркс былай деп жазған: «мануфактуралық кезеңнен мұраланған байланыс пен көлік құралдары жақында ірі өнеркәсіп үшін төзімсіз бұғауға айналды». Сондықтан өнеркәсіппен бірге жаңа техникалық негізде еөлік те қарқынды дами бастады. Бұл негіз болып кез- келген қуаттағы және ауа- райына тәуелсіз өзі қозғалатын көліктік бірлікті жасап шығаруға ықпал еткен бу машинасы болып табылды. Сөйтіп, алғашқы кемелер, паровоздар, құрлықта жүретін бумен жүретін экипаждар, біршама кейінірек бумен ұшатын ұшақтар да пайда болды. Мұнымен байланысты көлік анықталған төлем- ақыға жолаушылар мен жүктерді тасуды жүзеге асыратын өзіндік салаға бөлінді. Мұнда көлікке де кеңінен тараған бір жағынан көліктің өзінің даму прогресін жылдамдатуға, екінші жағынан ірі машина өндірісінен ескі бұғауларды шешіп тастауға ықпал ететін мұнан кейінгі мамандандыруды байқау қиын емес. 1.КӨЛІКТІК ӨНЕРКӘСІПТІҢ МЕМЛЕКЕТКЕ МАҢЫЗЫ 1.1. Жалпы мемлекеттiк көлiктiк жүйенiнiн жiктеу негiздерi. Капиталистік қоғамның заңдарын зерттей отырып К. Маркс өз еңбектерінде көліктің экономика үшін мағынасын ашқан және адами қызмет саласы ретінде көліктің маңызды сипаттамалық жақтарын ашып көрсеткен. В «Қосымша құн теориясы» еңбегінде К. Маркс былай деп жазған: «Шығарушы өнеркәсіп пен басқа жер өңдеуден басқа материалды өндірістің өз дамуында өндірістің мануфактуралы, машиналы және кәсіптік сияқты түрлі баспалдақтарынан өтетін төртінші ортасы болады. Бұл адамдарды немесе тауарларды тасыса да, тасымаса да- көліктік өнеркәсіп болып». [1] Мұнда көлік өзі материалды құндылықтарды құрмаса да материалды өндірістің саласы болып аталғанын ескеру қажет. К. Маркс көлікті өндірістің материалды салаларына неліктен жатқызғанын түсіну үшін, «Капитал» атты тиянақты еңбегіне сүйену керек, онда былай деп айтылған: «Өндірістің кез- келген процесінде еңбек затының орын ауыстыруы негізгі роль атқарады және ол үшін жұмыс күші де қажетті, мысалы, мақта дайындау бөлімінен жіп иіру кәсіпорынына ауысады, көмір шахтадан тауға көтеріледі». Негізі бойынша мұнда көліксіз ешқандай да өндіріс мүмкін еместігі, көлік өндірістің өзінің органикалық элементі болып табылатыны нақты көрсетілген және сондықтан оны өндірістен бөліп қарастыру мүмкін емес. Бірақ, бұл өндіріс ішілік функциядан басқа, көлік басқасын да орындайды, ол туралы К. Маркс былай деп жазады: «Өнімді өндіріс орнынан басқа орынға тасымалдаудан кейін дайын өнімдерді өндіріс аймағынан тұтыну аймағына тасымалдау керек болады. Қашан осы тасымалдау аяқталғанда ғана өнім тұтынуға дайын болады». [1] Басқаша айтқанда, егер көлік өнімді өндіріс аумағынан көрсетілген тұтыну аумағына көшіруді қамтамасыздандырмаса, бұл өнім өндірісінің болмағанымен тең немесе ондағы талап қанағаттандырылмайды. Сонымен, көлікке материалды өндірістің кез- келген саласына сай келетін элементтердің үшеуі де тән, дәлірек айтқанда: еңбек заттары, яғни көлік заттары; еңбек заттары, яғни тасымалдау объектілері (жүктер мен жолаушылар); адамдардың мақсатқа сәйкес қызметі, яғни еңбек.....
Қазіргі кезде жылжымайтын мүліктермен мәміле жасау шаруашылық айналымының үлкен бөлігін құрайды және азаматтық айналымда, азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметтік өмірлерінде маңызды орын алады. Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда рыноктық қатынастың гүлдену кезінде жылжымайтын мүліктерге қатысты құқықтық қарым – қатынасты реттеу және жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау қазіргі уақытта өте жақсы дамыған. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікті пайдалану аумағы үнемі ұлғайып отыр, ал мәдениетті рынок әлі өз мәресіне жеткен емес және өз заңды формасына ие болған жоқ. Сондықтан, өзімнің дипломдық жұмысымда жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелерді құқықтық реттеу сұрағының арнайы аспектілерін қарастырғым келеді.....
1. Лизингтің тарихи алғы шарттары. Өндірістік күштердің дамуы лизингтік қатынастардың пайда болуы негізі ретінде. Лизинг идеясы біз үшін жаңалық емес, бірақ “лизинг” термині бүрын бізде қолданылмаған. Лизинг шартының мәнін ашу Аристотель заманына (б. д. д. ІVғ.) келіп тіреледі. Байлық меншікті иелену құқынан емес, сол меншікті пайдалана білу құқынан тұрады. Бұл – Аристотельдің сөзі. Сонымен мүліктің иесі оны иемденіп қана қоймай, сол мүлікті пайдалану нәтижесінде табыс табуы қажет. Лизинг (to lease, lease) ағылшын тілінен аударғанда “аренда, арендовать” – “жал, жалға беру” деген мағына білдіреді. Лизинг түсінігі отанымыздың және шетелдердің кәсіпкерлік қызметінде кеңінен қолданады. Лизингке байланысты қатынастардың күрделенуі лизингтің мәні жөнінде әртүрлі көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр. Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Лизинг терминінің дәл қай уақытта пайда болғаны анықталмаған. Австриялық зерттеуші В. Хойер “Еуропада бизнесті қалай жасау керек” кітабында “лизинг” терминінің қолданылуын XІX ғасырдың соңғы ширегіне жатқызады. Мұны 1887 жылы “Белл” телефон компаниясы өз телефон аппараттарын сатпай, оларды арендаға беру туралы шешім қабылдаған оқиғамен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, 1952 жылы Сан-Францискода “Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн” атты бірінші лизинг қоғамының құрылуы лизингтің дамуына күшті себеп болды. ....
Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2]. Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді. ....
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн: «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,- дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы егемендікке ие болып, өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап оның мемлекеттік саясатында халық денсаулығы басты назарда болып келеді. Қазіргі таңдағы ерекше бір қуантатын мәселе: жастардың бойына білім мен озық тәрбиені берумен қатар, салауатты өмір салтын бойларына сіңіру болып табылады. Жүсіп Баласағұн: «Болса тәртіп, бала өседі сомдалып Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып»,- дейді. Сонда баланың денесі сымбатты шынықан болатын болса, ол әрі тәртіпті де, өнегелі ел азаматы болады деген сөз. Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияланудырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Міне, осы қиын да, жауапты міндетті атқару үшін, бәсекеге қабілетті елдер санатына ену үшін, елдің әрбір азаматы (ол жас, не кәрі болсын) дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын болса ғана, нұр үстіне нұр жауар еді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға бағытталған» делінген. ....