Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын_ болып есептеледі. Оның жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі " баланың өзінің көп уақытын ойынмеи алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады. Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді. Ьаланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойынның пайда болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бірсыпыра праволар беретінін біледі. ....
Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар. Игры и упражнение для развития памяти у детей дошкольного возраста
Кіріспе Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы. Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа .....
Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда. Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы. Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді. Біздің әрбір толғанымсыз, әсерленуіміз бен әрект - қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ, қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Өткен тәжірбиемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Адам өзінің өмірде қөріп - естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлары мен сезімдерін, әрқилы іс - әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар мида сақталады және қажет уақытта қайта жаңғыртылып, еске келеді......
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау әрекетін дамыту жолдары Мектепке дейінгі жасындағы баланы оқытып тәрбиелеуде қарапайым математикалық түсініктерін оқытумен олардың логикалық ойлауын дамытуының сабақтастықты қамтамасыз ету мәселесі өте өткір қойылып отыр. Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қиялын жүйелі ойлауға, шығармашылық қабілеттерін түрлі әдістер арқылы дамытуға түрлі әрекеттер жасау керек. Нәтижелерге жету үшін ТРИЗ технологиясының әдіс - тәсілдерін пайдалануға болады .....
КІРІСПЕ Нашар еститін және естімейтін балалардың ауызша сөйлеу тілінде дауыспен жұмыс ең негізгі бөлім болып табылады. Дауыс төңірегіндегі даулар мен оның қалыптасу мәселесін көптеген ғалымдар қарастырған. Олар: лингвисттер, психолингвисттер, логопедтер,фониаторлар, сурдопедагогтар. Осы тұста мына ғалымдардың жұмыстарын атап өтуге болады: Алмазова Е.С, Вильсон Д, Дмитриева Л.Б, Ермакова И. И, Жинкина Н.И, Ларова Е.В, Максимова И.А, Митринович-Моджеевска А, Правдина О.В, Рау Ф.Ф, Таптапова С.Л, Телеляева Л.М. Хватцаева М.Е. Бұл ғалымдардың жұмыстарында дауыстың дамуы және қалыптасуының теориялық және практикалық көптеген мәселелері қарастырылған. Ауызша сөйлем, темп, бірігу, әуен, сөздік немесе логикалық екпін секілді дауыс сипаттамалары дауыстың сапасы мен дауысты игере білуде көп әсер етеді. Дауыс ауызша сөйлеу тілінің нақтылығын, дұрыс мәнерін, интонациясын анықтайды. Есту қабілеті зақымдалған балалар үшін нормаға жақын дауысты қалыптастыру, яғни дұрыс күштегі, биіктігі дауыстар, ырғақтың өрескел бұзылысынсыз дауыс қалыптастыру ең қиыны мәселесі болып табылады. Мұл мәселені дауыс сапасына қатысты жүргізілетін арнайы жұмыссыз шешу мүмкін емес. Мектеп жасына дейінгі кезең балалар дауысының дамуының сентитивті кезеңі болып табылады. Дауысты қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жүйелі түрдегі толыққанды жұмыстар есту қабілеті зақымдалған балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде жүргізілуі тиіс. Естімейтін мектеп жасына дейінгі балалардың дауысына қатысты жүргізілетін жұмыстардығы арнайы әдістердің жоқтығы балаларда сөздік біліктің қалыптасуының төменгі деңгейімен сипатталады. Осы зерттеу жұмыстың негізгі өзектілігі болып табылады. Зерттеу жұмысының мақсаты есту қабілеті зақымдалған мектеп жасына дейінгі балалардың дауысымен жүргізілетін жұмыстарды талдау. Мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының келесідей міндеттері анықталды: ....
Кіріспе Зертеудің көкейкестілігі: Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай: 1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту. 2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту. 3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру. 4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.....
КІРІСПЕ Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларды қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше.Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.....
КІРІСПЕ Курстық жұмыстың өзектілігі: Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Сондықтан бүгінгі таңда да балаларлы қорғау - әлеуметтік мәні зор халықтық іс болып табылады. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мадениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында жасалып жатқан тың жұмыстар, өмірімізге еніп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді. "Бала тәрбиесі — бесіктен басталады"— деген ұлы қағидаға сүйенсек, 1,5 – 6 жас аралығындағы сәбилерге білім және тәрбие беретін мекемелердің орны да маңызды да ерекше. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының «Тоғызыншы бағытында – Жоғарғы технологияларды енгізуге және инновацияларды қолдауға бағытталған біртұтас мемлекеттік стратегия жүргізу жүйесін өте мұқият зерделеген жөн » деп атап көрсетті. Тіл-адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді.....
Кіріспе Музыка-адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан да музыка адам баласына қатты әсер етеді. Бірақ ойналған әуенді сөзбен жектізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана әуен ырғағымен қабылдайды.Өйткені"Музыка-жүрек тілі," яғни сезім,қобалжу көңіл-күйдің тілінен ұққан жөн.Музыка шынайы өнер,адамға зор әсер етіп,құдіреттің эмоциялық орасан зор күші арқылы эстетикалық талғамын оятады. Музыканы тыңдау арқылы балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі мақсаттары жүзеге асады.Музыканы дұрыс түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы балалардың ой-өрісін, сезімін,киімін,талғамын жалпы өнерге деген сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамытамыз. Балабақшадағы балаларға берілетін тәрбие саласының бірі-эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие өнер құралдары бойынша, яғни музыкада-дыбыс, суретте-бояу, тіл дамытуда-сөз арқылы жасалынған. Көркем бейнелер негізінде баланың дүниетанымын арттырып, өмірдің шындығымен әсемдікті сезіну қабілетін дамытуға жағдай жасайды. Музыка сабағында балаларды музыка өнеріне баулу, олардың әсем сезімдерінің тәрбиеленуіне көз қарастары мен сенімдерінің қалыптасуына себебін тигізеді.....