Қайнап бұлақ шықпаса, Таудың тасы құлай ма; Батыр батыр болмаса, Болатпен белін қынай ма; Ұл батыр боп тумаса, Атқан оғы борай ма; Ақылды боп туған ер Өзгеден ақыл сұрай ма;.....
Бұл күнге Жамбыл жеткенше, Өлеңнен көсер төккенше Сөз бұлағын толғаған. Сұр жебесін қолға алған, Көрген талай батырды; Айсыз аспан астында, Таулы зеңгір асқарда Әрге жортып — өктеген, Жау бүйрек қып ет жеген, Тігіп тулы шатырды, Өсіп-өнген әріден, Сол батырдың бәрінен.....
Елім менің жерге бай, Айдынды шалқар көлге бай, Төрт түлігі мыңғырған, Егісі көз тұндырған, Тауы тола кенге бай, Москвадан барып ашылған, Көрікті біздің көрме бай, Ел байлығы тұтасқан Жерді қаптай, ерді орай......
Абыройлы аймағым, Ал тыңдаңыз кәнеки! Сөйлейін деп келеді Тіл менен жақ, көмекей, Жамбыл — Жамбыл болғалы, Жыр санаға толғалы, Жамбыл — Жамбыл болғалы......