Жер төсінде керуенін шұбалтып, Өмір көшіп барады. Селеу жапқан ескі жұрттай мұнартып, Көп нәрсе өшіп қалады. Қазы - уақыт барлығын да екшейді, Барлығын да ол болжаған. .....
«Шу дастаны» – қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады. Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, «Шу» дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н.С.Банарлы «Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде «Шу» дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деген екен. Аса даңқты түрік билеушісі, есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені белгілі. Ал сақтар қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Алтай өңірін біздіі жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі. Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырады. Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Амудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде «Тьяй-парадарая» (яғни теңіздің арғы жағындағылар) деп атаған. «Шу» батыр дастанында алдымен оқи болып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзенен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі. Байырғы Баласағұн шаһарының маңында жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады. Содай ақ дастанда биік биік тау штқалдары мен кең жазық дала ойнақ салып жүгірген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. (К.Әкішеш, Г.Қошаев «Іле қзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті»). Шу батыр – еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді екен. Ал. Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі екен. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. ....
Адамзат мекен ететін 5 құрлықтың барлығына қанатын кең жайған алып бір патшалық болыпты. Ол патшалықтың ерекшелігі адамдардың жасына, жынысына, тіліне, дініне, ұлтына қарамай барлығын да өз патшалығына қабылдай беретін, ешқандай шекарасы жоқ мекен екен. Сол Бүкіл Әлемдік Желілер Патшалығы деп аталатын патшалықтың билеушісі Ғаламтор патша өте ақылды, білімді, жан-жақты болыпты. Ең алғаш......
Дулат пен Абай творчествосының танымдық, қоғамдық, көркемдік мәнін толық ұғыну үшін әдебиетте орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын арнайы қарастыруымыз қажет. Көркемдік дәстүр жалғастығы жайында Н.Келімбетов былай дейді: "Тарихи жалғастық - қоғам дамуының объективті заңдылығы екені мәлім. Мұндай жалғастықтың өзі қоғамда қалыптасқан белгілі бір дәстүрге негізделеді. .....
Үлкен орманда бір жылан өмір сүрді.Жыланның түрі суық әрі сұсты болатын.Сондықтан да жануарлар «шағып алар,жалмап өтер» - деп,бойын одан аулақ ұстайтын.Жалғыздық жаман зат екен,ол өзінің жылан болғанына......
Қала сыртында жайқалған талдары көп орман болатын.Орман жаз болса жасыл,күз болса сары түсті көйлек киіп,әсемденетін.Жануары да,өсімдігі де бақытты өмір сүріп жатты.Бірақ ішінде өзің бақытсыз сезінетін тал да болатын.Есімі – Тапал.Кішкене бойы мен жуандығына қарап,жануарлар солай есім қойыпты.Өмірдің сыны ма?әлде сәйкестік пе? Тапалдың көршісі ормандағы ең ұзын терек болатын.Есімі – Сұңғақ.Сұңғақтың бойы ұзын болса да,ойы тайыз еді.Ол қасындағы.....
Елімізде жезөкшелікпен айналысу заңсыз болып саналады. Бірақ заң тыйым салғанына қарамастан түнгі көбелектер өз жұмыстарын жалғастыруда деп хабарлайды NUR.KZ.
Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай (1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2017). Жалғас Қонысбайұлы Толғанбай 1970 жылы 23 мамырда Алматы облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысуда дүниеге келген. 1988 жылы Тараз қаласындағы Мәдениет-ағарту училищесін мәдениет қызметкері және оркестр дирижері мамандығы бойынша бітірген. 1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы Алматы Театр және кино институты) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етеді. Сахнадағы негізгі рөлдері....