Сәлеметсіздер ме! Сіздермен, шын жүректен тәрбие сағатын бастауға қуаныштымын. Адамның өмірі тамаша, сәулетті көктем емес пе? Еліміздің әрбір адамы қалауынша өмір сүруге құқылы. Ал енді өмір туралы, денсаулық туралы ойланып көрейікші. Адам өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол жіпті үзетін дерт- наша, темекі, арақ. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс, ашаршылық, экологиялық жағдайлар және адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер жатады. Осы жағдайлар ішінде бізге түсінбеушілік тудыратын соңғысы, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер. Бұлар қандай әрекеттер? Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық т.б. Бүгінгі тәрбие сағатында біз осы зиянды әрекеттер туралы әңгіме қозғап, солардан сақтану жолдарын қарастырамыз.