Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі Ресей, Монғолия және Қытай халық республикасымен шектесетін Шығыс Қазақстанның табиғаты алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оның геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай еліміздің экономикалық қуатын арттырып, энергияны, шикізаты, қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін өнеркәсіптің жеке салаларын дамыта отырып, аудан аралық және халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік беретін табиғат байлықтарына өте бай. Шығыс Қазақстан аумағындағы жер қойнауынан қазылып алынатын темір, полиметалл, мыс, молибден, вольфрам сияқты қара және сирек кездесетін түсті металл кен орындары тау-кен, металургия, машина өнеркәсібі құрылыс индустриясы мен көлік және коммуникация кешендерін қарқынды дамытуға қолайлы жағдай туғыза отырып, еліміздің халықаралық еңбек бөлісінде өз орнын айқындауға мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалардың мол қоры Отандық және Самсунг сыяқты шетелдік компонияларды тарта отырып, тау-кен, қара және түсті металургияны дамыту мен қатар ғылымды қаржы мен білікті мамандарды қажет ететін жаңа технологияға көшу мәселелерін жеделдетеді.....
Зерттеудің өзектілігі: 2005 жылды Моңғолияда «Туризмді қолдау жылы» деп атауы экономика саласында қызмет көрсету мен туризмді дамытуға жол ашатыны сөзсіз. Кез келген табиғи байлыққоры мен тарихи - мәдени құндылықтары бар территория саяхатшылардың, ғалым зерттеушілердің, іскер адамдардың және тіпті жай демалушылардың да қызығушылығын тудырары хақ. Туризмді басқару жүйесін орталықтандыру мен түрлі субъектлердің құрылымының пайда болуы туристік саясатты аймақтық деңгейде деңгейде жүргізу мәселесін туынтатты. Бүгінгі таңда дәл осы жерге территория дамуының әлеуметтік-рекреациялық потенциалы сияқты туризмді дамыту стратегиясы орайласуы тиіс. Әр территория ландшафты, табиғаты, мәдениеті, климаты тарихы жағынан аймақ туризмінің даму мүмкіәндіктерін анықтайды. Туризм географиясы жағынан Моңғолияның табиғи ресурсы мен тарихи-мәдени ресурсы кешенді орын болып табылады. Қазіргі таңдағы туризм мен оның болашағыан баға беру үшін рекреация мен демалыс жағдайын, шетелдік туристерді қабылдау деңгейін, табиғи рекреациялық байлықты, тарихи-мәдени ресурсты жан-жақты әрі терең зерттеу керек. Елдегі бүгінгі күндегі туризм дамуына жасалған талдау оның жоғары әлемдік деңгейде пайдаланылып, экономика саласындағы негізгі кіріс көзі болып отырғанын көрсетіп берді. Сонымен бірге оған кедергі келтіріп отырған себептер де аз емес. Ол мемлекеттің жоғары деңгейде қорғауғаала алмауыжәне жеткілікті деңгейде зерттеулер жүргізілмеуі. ....
Бітіру жұмысының өзектілігі: Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Қытай халық республикасымен шектесетін табиғи шеп болып табылатын Жетісу Алатауын табиғатының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Оны жеке табиғат аймағы ретінде қарастыруға төменде көрсетілген белгілері негіз болады: 1. Геологиялық құрылысының ерекшелігіне сай бір–бірінен терең тауаралы аңғарлар мен қазаншұңқырлар бөлініп жатқан орта биіктіктегі және биік қатпарлы–жатпарлы тау жоталарының басым болуы. Қазіргі жер бедерін жаңа тектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған палеозой қатпарлы құрылымының айқындауы. 2. Құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орнына сай құрлықтық ауа массалары басым болып, таулы, аңғарлы жер бедерінің әсерінен шұғыл континентті климаттың қалыптасуы. Батыс циркуляциясының әсерінен Жетісу Алатауының Солтүстік-Орталық жотасы мол жауын –шашын түсуіне орай табиғатының сыртқы келбетін шөлді-шөлейтті, таулы далалы, таулы орманды, биік таулы субальплік және альплік ландшафтлар. 3. Жылу мен ылғалдың таралу ерекшеліктеріне сәйкес тауалды далалар, қылқан жапырақты таулы ормандар мен биік таулы таулы субальплік және альплік шалғындар басым болуы. ....
Қай дәуірді алсақ та адам өмірі бидаймен тығыз байланыста болған. Осы кезге дейін сақталған кейбір қолжазбаларға көз жүгіртсек, дақыл тарихы тіпті де әріден басталатынын байқаймыз. Мәселен біздің дәуірімізге дейінгі 883 – 856 жылдарда жазылған Ассирия патшасы II – ші Ашурнасиралдың шежіресінде оның Наири еліне жорыққа шығу тарихы баяндалумен қатар, осы елдегі бидай өнімін жинап, бастыру туралы да деректер бар. Бидайдың әртүрлі ерекшеліктері біздің дәуірімізге дейінгі екі мыңыншы жылдары – ақ адамға белгілі болғандығы және сол кездің өзінде – ақ бұл дақыл кең көлемде егіліп, пайдаланылғаны мәлім. Бидайдың бізге белгілі алғашқы түрлері бір дәнділер мен қос дәнділер болатын. Қос дәнділер біздің дәуірімізге дейінгі 7000 – шы жылдары Ефрат пен Тигр өзендерінің аралығында, онан кейін шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 4000-шы жылдары Батыс Азияда, Мысырда өсірілген. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша екі жүз миллион гектардан астам жерді бидай алқабы алып жатыр. Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар егіншілікпен өте ерте заманнан – ақ айналысқан. Қазіргі көзқкарас бойынша бидай полифилеттік жолмен шыққан екі туыстасқа жататын үш түрдің немесе Е.Р.Моррис пен Э.Р.Сирстің жаңа классификациясы бойынша бір ғана Triticum туысына жататын әртүрлі плоидты үш түрдің будандасуы арқасында пайда болған. Бидайдың амфидиплоидтарының пайда болу схемасы кестеде көрсетілген. Н.И.Вавиловтың болжамы бойынша бидайдың шыққан, егіншілікке еніп, таралған ортасы мына аймақтар болып саналады: Алдыңғыазиялық (мәдени жалғыз дәнді, тургидум, қатты, жұмсақ, шығыс және персид, тимофеев, мех және тағы басқа бидайлар), жерортатеңіздік (қос дәнді – эммер, поляк, кәдімгі қос дәнділер және қатты бидайлар), абссиндік (қатты, поляк, тургидум және қос дәнді – эммер бидайлары). Орта азия аймағы аласа және домалақ дәнді бидайлардың алғашқы шыққан жері ғана емес, сонымен қатар жұмсақ бидайлар үшін де қайта қалыптасу ортасы болды. Бидайдың пайда болу және егіншілікке таралған орталары туралы осы айтылған тұжырымдамаларды қазіргі кезде ғалымдардың көпшілігі мақұлдап отыр. Бидайдың шыққан жері – алдыңғы Азия, орталығы – қазіргі Иран, т.б. елдер. Бұдан бидайдың 18 түрі, оның ішінде жұмсақ бидай тараған. Жерорта теңізі орталығынан (Греция, Италия) қатты бидай шықты. И.С.Сүлейменовтың (1973) топшылауынша, біздің елімізде Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834 жылдан өсіріле бастады, XIX ғасырда ол қазіргі Қостанай, Ақмола, т.б. облыстар аумағында себілген, ал XX ғасырдың басынан республикамыздың барлық жерлерінде өсірілуде. Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн/га, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады. Бидай өндірудегі ірі мемелекеттер қатарына Қытай, АҚШ,ресей, т.б. жатады. Қазақстан республикасында өсірілетін бидай астығының 80% - дан астамы Солтүстік қазақстан аймағының үлесіне тиеді.....
Театр — сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. Ешбір өнерді тілек, құрғақ бұйрық туғызбайды. Қай елдегі, қай түрдегі өнерді алсақ та сән-салтанатпен ырғалып-жырғалып, бір күннің ішінде ғайыптан көшіп келген жоқ. Барлығы да болымсыз кішкене ұрықтан жайлы топыраққа көміліп, белгілі шартпен бағылып, қағылған уақытта ғана бой жасап өсіп-өнген. Ана жатырында баланың бітуі сияқты сәті келген сағатта тіршілік белгісін бастап, тоғыз-тоқсан құбылып, ащы толғақ, ауыр азап ішінде туады. Олай болса, әрбір өнердің иесі болған ел сол өнерді туғызып өсірген анасы есебінде. Әрбір өнер өзінің туып-өсу жолында, анайы топырағы сияқты болған еліне міндетті. Ел тіршілігінің өткен күні сол өнердің бойы өсуіне қажет болған шарттың барлығын берген болады. Сондықтан елдің өз денесінен жаралған өнер әуелгі кезінде, өз елінің әдет-салтын, ұғым-нанымын, мақсұт-тілегін өзгеден бөлек пішінде, сол елдің өзіне ғана хас болған суретте қабылдайтын болған. Бұл хәлден тысқары жолмен өскен ешбір ел жоқ. Қай өнерді алсақ та әуелде өз елінің халық өнері болып, содан ілгері қарай басқан сатысында ғана көптікі болып, жалпы адам баласының ортақ теңізіне барып құяды.
Бүгінгі күнде қазақ елі бір туыстың үстіне жетіпті. Қазақтың театры туатын мезгіл болды деген пікірге келіппіз. «Өзімізден бірдеме жасалса екен», — деген тілекті де тілейтін болдық. Сондықтан біз жаңағы айтылған жалпы сөзді екі салаға бөліп, соның екі тарауына да ойланып қарап, көз салуымыз керек. .....
Қытайда өтіп жатқан «The singer» халықаралық ән додасына қатысып жатқан қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген жетінші кезеңде үшінші орын алды деп хабарлайды NUR.KZ.
"Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегерінің үйінен ұрылар жалпы сомасы бір миллион доллар бағалы бұйымдар мен ақша тонаған, алайда пайдасына жаратып үлгермеген: сот оларды ұзақ жылға соттады