Көлеңке сатып алған жігіт
Бұрын белгісіз бір ауылда қанағат дегенді білмейтін тойымсыз бай өмір сүріпті. Неге сондай қанағатсыз екені белгісіз, өмірінде басқа адамға бірде-бір рет көмектеспеген екен. Бай үйінің тура алдында бір ағаш өсіп тұрады. Жаз болса сол талдың түбінде бай өзі көрпеше төсеп, жатып демалғанды ұнататын. Сол ауылда бір ақылды, жаны таза, жас бойдақ жігіт тұрып жатады. Бір күні әлгі бойдақ жігіт сырттағы күріш алқабында жұмыс жасап жүреді. Күн қатты ыстық болған соң, ол әлгі бай үйінің алдындағы талдың көлеңкесіне барып жайғасады. Тал көлеңкесінде ұйықтап жатқан байдың жанына барып, бойдақ жігіт тынығып жатады. Бір кезде демалып жатқан әлгі бай оянып:
— Ей, ақымақ, сен біреудің көлеңкесінде демалып....