Кіріспе Мал дәрігерлік саласындағы ветеринариялық хирургиялық маңызы зор. Ол ауруға алдын-ала шара қолдану және емдеу принциптеріне негізделген, ауруға алдын-алу шара қолдануды дұрыс ұйымдастыру және тамақтандыру технологиясын, оған жағдай жасау және дұрыс пайдалану ерекшеліктерін ескеру керек. Ветеринариялық хирургиялық аурулардың себептерін және дамуын жан-жақты зерттеп, оларға қарсы әрекетін жүзеге асырады. Оларға алдын-алу ауруға шара қолдану жарақаттан сақтандыру әдістері, іріңді инфекцияға қарсы әрекеттер және керекті операция жасау, белсенді дәрі қолданып емдеу әдістері жатады. Осы әрекеттерді іске асыру жолдарында төменгі шараларды қолданады. Жылына екі рет көктемде, күзде малға жалпы клиникалық зерттеу тексеру. - Экономикалық пайдалы операция және нәтижелі ем қолдану. - Организмнің резистенттігін көтеру, жазылу процесін үдету. Жаңа хирургиялық ауруларды зерттеу (Ғ.А. Ишмухамедов) Отанымыздың ауыл шаруашылық және де оның ішіндегі мал шаруашылығын дамыту қазіргі кездегі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Нарықтық экономикада көшуге байланысты халқымыз ежелден келе жатқан дамыту әрі өркендету үшін жануарлардың әртүрлі жұқпалы емес және жұқпалы аурулардың алдын алған жөн. Атап айтқанда жұқпалы ауру емес ауруларға жарақаттық үлесі көп. (Ильясов Б.К. – 2001ж.)....
Кіріспе Мал мен жануарлардың жеке ерекшеліктеріне және көрсетілетін алғашқы ветеринарлық жәрдемге байланысты олардың қозғалысын әр түрлі фармакологиялық препараттар қолдану арқылы тежейді. Ветеринарияда мал мен жануарлардың қозғалысын дәрі-дәрмек қолданып шектеу жалпы және жергілікті жансыздандыру болып бөлінеді. Жалпы жансыздандыру немесе наркоз ( грекшеден narkosis- сезімсіз ету ) – жануарларға есірткі заттарды қолдану салдарынан орталық жүйке жүйесі функциясының қайтымды түрде тежелуі. Наркоз кезінде сезгіштіктің жойылуы, мал естен танады, қозғалыстық,шарттық және кейбір бейшарттық рефлекстер жоғалады.Қаңқа бұлшық еттердің әлсіреуі байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан – тыныс алу,тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің, өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады. Есірткі заттарды енгізу алдында малдың қозғалу қабілетінің қай уақытта жоғалуын, ауырсыну сезімінің жойылуын, бұлшық еттердің толығымен әлсіреуін ( релаксация ) білу өте мағыналы. Бірақ ауыл шаруашылығында осындай қажетті наркоздық күйді есірткі заттардың бәрі шақыра алмайды. Олар тек дозалардың артуында және оның өмірге қауіпті шектеріне дейін жеткенде дамиды.....
КІРІСПЕ Республикамызда халықты азық түлікпен қамтамасыз етуде қойдың маңызы өте зор, себебі ол етке қажеттіліктің 50% өтейді, сонымен қатар қой жүні, терісі жеңіл өнеркәсіптің қажеттілігінің негізін қалайды. Қой еті халқымыздың ерте заманнан келе жатқан негізгі тағамы. Ал ет адам организмінің қалыпты жұмыс атқаруына қажетті ақзаттың малдың, көмірсудың, витаминдердің, минералды заттардың негізгі көзі. Әрине, кейбір жағдайларда ет арқылы адамға әр түрлі ауру да жұғуы мүмкін. Сондықтан мал дәрігері тағамдық өнімдерді өндіруде сатуға қатаң бақылау жүргізу қажет. Елімізде мал санын көбейтуде және одан алынатын өнімнің мөлшерін, сапасын арттыруда малдардың індетті, инвазиялық ауруларының тигізетін әсері орасан зор. Соңғы жылдардағы паразитооздардың алдын-алу жұмыстарының толық және уақытылы жүргізілмеуі бұл аурулардың кең таралуына әкеп соқты. Сонымен індетті, инвазиялық аурулардың халық шаруашылығына көптеген зиян тигізуімен қатар, олардың әлеуметтік маңызы да зор. Сондықтан, ауру мал етінің сапасын биологиялық, тағамдық құндылығын анықтау ветеринариялық санитариялық бағалау нормаларын белгілеу, ветеринария ғылымының маңызды мәселелерінің бірі.....
КІРІСПЕ Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды. Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. ....
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде. Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын. Оған бірнеше фактор әсер еткен. Заңның жаңа басылымы барлық кемшіліктерді ескере отырып, инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту және қор нарығына ішкі инвесторларды тарту мақсатында қайта қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда кәсіби басқарушылары бар инвестициялық қорларды құру ішкі жинақ қаражаттарының жиі өсуі мен оларды экономиканың нақты секторына тиімді тарту қажеттілігі жағдайында аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар, доллардың ұлттық валютаға қатысты бағамының бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жағдайында, доллардың евроға қатысты бағамының тұрақсыздығы, банктегі салымдар бойынша проценттік ставкалардың төмендеуі жағдайында альтернативті қаржы құралы ретінде қор нарығында инвестициялық қорлардың пайда болуы өте уақтылы болды және ол бағалы қағаздар нарығының жалпы дамуын қосымша ынталандырушы фактор бола алады. Инвестициялық қорлар туралы заң инвестициялық қорлардың 2 негізгі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік және пайлық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай қорлары заңның жаңа басылымымен алғаш енгізіліп отыр. Яғни бұған дейін пай қорлары болған жоқ. Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қорлары акционерлік инвестициялық қорларға қарағанда, өз бетінше активтер портфелін басқара алмайды. Инвестициялық пай қорларының ақшаларын инвестициялауды тек басқарушы компания жүзеге асыра алады және сол басқарушы компания инвестициялық пай қорын құруды немесе олардың қызметін тоқтатуды жүзеге асырады. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады ....
Соққы әсерлі механизмдерді қолдану машина жасауда ХІХ-ғасырдың соңын ала басталған, бірақ кең қолдануға ХХ- ғасырдан бастау алады, ол тау жыныстарын бұзудың үнемді тәсілдерін іздеуге байланысты орын алды. Алдымен ол пневматикалық механизмдер, ал 50-жылдардан бастай – электрлік гидравликалық. Соңғылары белгілі артықшылықтарына байланысты кең тарады. 70- жылдардан бастай бұл механизмдер машинаның негізгі бөлігіне аз реакцияда нысанға жоғары салмақ түсіру керек жағдайларда, өндірістің барлық салаларында пайдаланылады. Ол – гидробалғалар гидротерфораторлар, буто бойлар, қойсытқыштар,т.б. Пайдалы жұмысты атқарудың соққылық тәсілі аса болашақты болып табылады. Бірақ импульсті энергия түрлендірудің күрделілігі мен ішкі динамика мәселелері импульсті жетектің тек ХХ-ғасырда пайда болуына себеп болды. Қазіргі кезде импульстік варианттар жетектердің барлық түрлерінде белгілі. ТМД – елдеріндегі соның ішінде Қазақстандағы ғылыми зерттеу және тәжірибе конструкторлық жұмыстардың жоғары деңгейде екендігіне қарамастан, мұндай конструкциялардың дамыту көбіне шетел фирмаларының үлесінде: Финляндия, Швеция, Англия, Жапония және т.б. елдер. Дегенмен де импорт алмастырудың экономикалық ұтымдылығы, отандық конструкциялар әзірлеуді талап етеді. Ол конструкциялар әрі арзан, әрі технологиялы болуға тиісті. ТМД елдеріндегі ғылыми орталар әзірлеген теориялық және тәжірибелік зерттеулер (Қ Р Ғ А, қырғыз ҒА, Кар МТУ, А.А.Сокощинскй, ТКИ, т.б.), аса жетілген елдердегі бұл сұрақтың бүгінгі таңдағы күйлеріне сай келеді, бірақ оларды технологиялық игеру және жобалау мен пайдаланушы мамандар дайындау мәселелері әлі бар. Бұл курста ТМД елдері ғалымдарының соңғы жылдарда жарияланған «Импульсты гидрожетек» саласындағы еңбектерімен танысамыз. Сондықтанда бұл пәннің «гидравликалық машинар, гидрожетектер және гидропневмоавтоматика» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттер үшін маңызы зор. Бұл пән студенттерді импульстік гидрожетектердің теориялық негіздерімен және оларды есептеу принциптерімен таныстырады. 1. Импульсті гидрожетектердің (ИГЖ) құрылымдық және функционалдық ерекшеліктері. Өңдеу нысанын импульстік салмақпен қамтамасыз ететін гидрожетектер - импульстік гидрожетектер (ИГЖ) – деген ортақ аталыспен белгілі. Олардың құрылымы көлемдік немесе гидродинамикалық машиналарға негізделуі және кинематикалық тұйықта энергия түрлендірудің аралық буыны болып табылатын - соққыштың (бос) болуымен немесе болмауымен сипатталуы мүмкін. Осылайша, гидрожетектер варианттарын келесідей бөлген ұтымды: ....
«Қазақстан 2030» атты ұзақ мерзімді стратегияда еліміздің басты басымдықтарының бірі болып шетел инвестициясы және ішкі жинақтар көмегімен экономикалық өсудің тұрақты және әрдайым дамып отыруына қол жеткізу болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында экономикалық өсуді инвестициялардың жоғарғы активтілігі мәтінімен алмастыруға болады. Инвестициялық активтілік және экономикалық өсу көптеген мемлекеттерде шетел капиталымен қамтамасыз етіліп, әрдайым нығайтыла түседі. Экономикасы ашық нарықтық негізде құрылған мемлекеттерде халықаралық капитал қозғалысы шаруашылық өмірдің интеграциясының нығаюына, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне ықпал етеді. Шетел капиталын құю, онымен қоса шетелдік технологияны, басқару тәсілін, жаңа нарықтарға есік ашу өтпелі кезеңдегі кез-келген мемлекетке экономикасын қайта құру үшін өмірлік қажеттілік болып есептелінеді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған. Қалған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты. Жекешелендіру процесінде спекулятивті қатынастардың және коррупцияның орын алуы құрылымдық қайта құруға еркін келетін нарықтық капитал ағымын шектеді. ....
Кіріспе Қазіргі таңда ешбір өндірісті өндірістік механизмсіз елестете алмайсың. Көптеген заманауи жұмыс машиналарын және өндірістік механизмдерді, транспорттарды, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық шаруашылықта, технологиялық процестерді қазіргі басқаратын автоматтанған электржетек түріне дейін ұзақ даму процесін басынан өткізді. Заманауи элетржетектің қуат қолданылуына байланысты шектері – бір қозғалтқыштағы он мыңдаған кВ-тан жарты ваттқа дейін. Заманауи автоматтандырылған электржетегі - жұмыс машинасының бөлігін қозғалтуға және оның технологиялық процесстерін басқаруға арналған күрделі электромеханикалық жүйе. Ол 3 бөліктен тұрады. Электромеханикалық энергияны түрлендіретін электрлік қозғалтқыш технологиялық процестерді басқаруға арналған басқару жүйесі болып табылады. Техниканың кез келген саласында автоматтанған электржетегінің көмегінсіз қозғалған ешбір заманауи өндірісті айта алмаймыз. Электржетегінде электр энергиясын механикалық энергияға электр қозғалтқыш түрлендіреді. Электр қозғалтқыш түрлендіргіш және басқарушы құрылғы арқылы механизмдердің өндірістік талаптарына сай электржетектің статикалық және динамикалық сипаттамаларының қалыптасуына байланысты басқарушысы болып табылады. Өндірістік процестің күрделігі жұмыс машинасының қозғалу сипаттамалары мен түрлеріне тәуелді. Қозғалудың түріне байланысты бір бағытты айналмалы қозғалыс және ревестивті айналмалы болып қозғалыстарды қамтамассыз етеді. Қозғалтқыштың сипаттамасы мен басқарушы жүйенің мүмкіндіктері механизмнің мүмкіндіктерімен технологиялық операциялардың орындалуының дәлділігін анықтайды. Электромеханикалық жүйенің қасиеті жұмыс машинасының маңызды көрсеткіштеріне, технологиялық процестерінің экономикалық эффективтілігі мен сапасын анықтауға маңызды әсер етеді. Автоматтанған электржетектерінің дамуы машина конструкциясының жетілуіне, технологиялық процестердің түбегейлі өзгеруіне, халық шаруашылығының барлық салаларында үлкен прогреске алып келеді. Сондықтан электржетек теориясы – электромеханикалық жүйе жалпы қасиеттерін зерттейтін, қозғалыстың басқару заңдарын, берілген көрсеткіштерге байланысты жүйелердің синтездеу қабілеті бар техникалық ғылым. Жетілген электржетегін құрастыру электромеханикалық құрылғының типін таңдау және оның технологиялық процесіне байланысты басқару жүйесі осы процесте жұмыс атқаратын бөлек механизмдеріне байланысты критерилерді қанағаттыру кезінде құрастырылады. Оның ерекшелігі халық шаруашылығының әртүрлі салаларына байланыстылығымен түсіндіріледі.....
Кіріспе Зерттеу өзектілігі: Өмір тіршілгіне қажетті нәрселердің бәрінің ес үрдісінсіз болуы мүмкін емес. Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес үрдісі деп саналады. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып табылады. Психология ғылымы, осыдан өз алдына келесі мәселелерді шешу үшін мыса сұрақтармен тығыз байланысты: санадағы өткен іс-тәжірибе ізтері қанша ма уақыт сақтауы мүмкін; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен? Ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін? Сұрақтарға жауап іздеуде психология өзінің алғыш эксперименттік осы ес проблемасын зерттеумен байланысты. Тағы бір өзекті мәселе, қазіргі кезде көптеген мектептер , гимназия, лицей мектептері статусын алуымен байланысты есте сақтау анықтау. Жеткіншектердің ес процесінің даму деңгкйі қиын тапсырмаларды орындау жолдарындағы психологиялық процестерінің құрылымы бұл жерде талқыланатын және бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншеуктердің есте сақтау қабілетінің дамуы көкейкесті мәселенің бірі болып отырған себебі шығына байланысты . Бұл жастағы балалардың өзгеруі, дамуы есте сақтау процесінің күрделі жүруімен тығыз байланысты. ....