Асан, Асанәлі, Әли

АСАН – қазақ тіліне енген арабизмдер қатарына жатады. Араб тілінен аударғанда «асан» сөзі «өте әдемі, көрікті, сұлу, жақсы» дегенді білдіреді. Жаңа туған сәбиге жан дүниесі сұлу, көрікті азамат болып ержетсін деген ниетпен беріледі. Қазақ үшін қастерлі бұл есім көбіне аңызға айналған абыз тұлға Асан қайғының ныспысына байланыстырылып қойылады. Бұл есім ел ішінде жиі кездеседі.


Әли – араб тілінен ғали – биік, аса, зор, заңғар. Біріккен тұлғалы есімдер – Әлиасқар, Әлиакпар, Әлиахмет. Синонимдері: Ғали, Қали, Әлі, Алы.

Есімдер мағынасы
Толық

Айкөркем

Айкөркем есімінің мағынасы - «ай» және «көркем» сөздерінен құралған. Бұл есімді қызға таңдаған ата-аналар сәбиінің «айдай сұлу көркем болсын» деген тілекпен қояды.

Есімдер мағынасы
Толық

Әсел

Әсел есімінің мағынасы

Әсел есімі — аты-жөні, шығу тегі: араб, қазақ, қырғыз, түрік, мұсылман


Әсел есімінің жалпы сипаттамасы

Әсел есімі араб тамырларына ие. Араб тілінен аударғанда «бал», «тәтті», «тәтті» дегенді білдіреді. Арабтар да бұл атауды «нәзік», «жұмсақ» деп атайды. Қазақстанда Әсел аты кеңінен таралған, онда жаңа мән — «ромашка» пайда болды. Бұл нәзік және икемді гүл басқа ешкімге ұқсамайды, Әселдің рухын көрсетеді. Әсел мүлдем жанжалсыз, сүйкімді және жақсы көретін сүйкімді жаратылыстар. Бұл сирек кездесетін әйелдер өздерінің өмірін байланыстырған адамға еруі мүмкін.

Есімдер мағынасы
Толық

Айсамал

Айсамал есімінің мағынасы -  «ай» және «самал» қазақ сөздерінен құралған. «Ай» сөзі айдай жарық, ашық болсын деген мағына береді. Ал «самал» дегені жеңіл, жел мағынасын білдіреді. Қазақ халқында самал жел деген сөз бар. Айсамал есімін қызына берген ата-ана оның өмірі жарқын, жолы жеңіл, ашық болғанын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық

Айлин

Айлин есімінің мағынасы -  «Ай нұры» деген мағына береді. Негізінен, бұл есім түрік қыздарына жиі қойылады.

Есімдер мағынасы
Толық

Кәусар

Кәусар есімінің мағынасы

 Араб тілінен алькаусар – жұмақ көзінен шыққан су, яғни таза, пәк, мөлдір, жомарт жан деген мағынаны білдіреді. Жәннаттағы өзеннің аты.

Есімдер мағынасы
Толық

Ясина

Ясина есімінің мағынасы — араб тілінде Құранның 36-шы «Ясин» сүресі атауынан құралған. Бұл қыз есімі мейірімді, тура жол жүретін, таза жанды деген мағына білдіреді. Тағы басқа мағынасы — славяндық есім, жарқын мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Арнұр

Арнұр есімінің мағынасы — бұл есімнің мағынасы арлы әрі нұрлы деген мағынаға ие.

Есімдер мағынасы
Толық

Адия

Адия есімінің мағынасы (Әдия) — араб тілінен алынған хадия — сый, сыйлық, тарту деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Раяна

Раяна есімінің мағынасы — араб тілінен аударғанда 1) тың, толық, қанық, мол, шырынды, тегіс, түзу; 2) дамыған, жетілген, кемелденген, — деген мағына білдіреді. Енді бір басқа мағынасы – жұмаққа кіретін қақпа.


Бұл есімді қызына таңдаған ата-аналар сәбиінің жан-жақты жетілген, көркем, кемел адам болуын тілейді.


Ал Ар-Райян деген — ораза ұстаған мұсылмандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. Қыздарына Райяна есімін қойған ата-аналар оның салиқалы, иманды, көркем мінезді болып өскенін, Алланың мейіріміне бөленіп, Жәннаттқа лайықты болуын тілейді.

Есімдер мағынасы
Толық