Мұсылманша есімдер: алфавит бойынша тізімі

 Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, көркем ат қоюға шақырады. Сондықтан балаға есім беру – аса жауапкершілікті іс. Тіпті, Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) айтқандай, баланың әкесіндегі үш хақысының бірі саналады.
Жақсы есім – баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын айтып, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып.....

Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ұ әрпі бойынша ат қою)

ҰЗАҚ - бұл есім баланың өмір жасы ұзақ болсын, көп жасасын деген мақсатпен қойылған. Біріккен тұлғалы есімдер — Жасұзақ, Өмірзақ, Байұзақ, Мыңжасар, Көпжасар.

ҰЙЫҚБАЙ - бұл есімнің бірінші сыңарындағы уйық сөзі жерұйық деген сез тіркесінде ғана кездеседі. Мағынасы — жердің жақсысы, ең шұрайлысы + баи.

ҰЛАН - түркі тілдерінің көбінде бар есім. Бірақ әр түрлі мағынада айтылады. Ұлан — сәби, бала; жауынгер, жігіт, азамат, жасақшы.

ҰЛАС - жалғас, селбес.

ҰЛЫҚБЕК - ұлы, зор + бек.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ү әрпі бойынша ат қою)

ҮДЕРБАЙ - көшіп-қону кезінде туған балаға қойылған есім. Түрлері — Көшербай, Көшімбай, Қонысбай.

ҮЛГІБАЙ - бала өнегелі, тәрбиелі болсын деп қойылған есім.

ҮМБЕТ - араб тілінен алынған уммат — халық, көпшілік, қауым. Біріккен тұлғалы есімдер — Үмбетбай, Үмбетәлі, Үмбетжан.

ҮМІТ - иран тілінен - сенім; тілек, қалау. Біріккен тұлғалы есім - Үмітбек.

ҮРІМБАЙ – тәжік тілінен алынған хуррам — көңілді, шат; гүлденуші, жарқын, шат көңілді, жарқын жүзді. Біріккен тұлғалы есімдер — Үрімжан, Үрімхан.

ҮСЕН - араб тілінен алынған Хасан, Хасен есімдерінің өзгеріп айтылған түрі. Мағынасы — сұлулық, әдемілік, көркемдік, жақсылық.

ҮСТЕМ - басым, артық.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ф әрпі бойынша ат қою)

ФАЗЫЛ - (қараңыз: Базыл).

ФАЙЗ - араб тілінен - жеңуші, жеңімпаз; мырзалық, молдық, байлық.

ФАЙЗРАХМАН - араб тілінен - рахымдылық, мейірбандылық, мархабаттылық.

ФАРИД - араб тілінен алынған тені жоқ, сирек зат, бағалы, құнды.

ФАХИР - араб тілінен алынған — келбетті, әдемі, асыл; мақтаныш боларлық.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Х әрпі бойынша ат қою)

ХАБИБ - араб тілінен - жан дос, сүйікті, сүйкімді жолдас.

ХАДИМ - араб тілінен - қызметші, жалшы, қызметкер.

ХАЙДАР - араб тілінен - арыстан. Бұл есімнін синонимдері - Әсет, Шер, Айдар.

ХАКІМ - араб тілінен - әкім етуші, әмірші; данышпан, дана, кемеңгер. Біріккен тұлғалы есімдер – Хакимжан, Хакімзада.

ХАҚНАЗАР - (қараңыз: Ақназар).

ХАЛЕЛ, ХАЛИЛ - араб тілінен алынған - сүйікті дос, жақсы жолдас.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ш әрпі бойынша ат қою)

ШАБАЙ - араб тілінен — жас жігіт, бозбала.

ШАБДАН – тәжік тілінен човидна — мәңгі, бақи; мәңгілік, ажалсыз.

ШАҒЫР - араб тілінен шагир — шайыр, ақын.

ШАДЫМАН - иран тілінен алынған шад - көңілді, шат, қуанышты + ман. Қуанышты адам.

ШАЖАБЕК - көне қазақ сөзі шажа — таудың басы, шың + бек.

ШАЙБАН - (қараңыз: Сыбанқұл). Түрлері — Шайбани, Шибен.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Ы әрпі бойынша ат қою)

ЫБЫРАЙ - көне еврей тілінен келген Абраам — ел атасы. Оның халық арасында Ибрагим, Ыбрайым, Ибраим, Ыбыраш тәрізді түрлері кездеседі.

ЫДЫРЫС - араб тілінен — талаптанушы. Фонетикалық түрі — Едірес.

ЫҚЫЛАС - араб тілінен алынған әхлас — пейіл, ниет, берілу, ашықтық, адалдық.

ЫҚСАН - араб тілінен алынған ихсан — жақсылық, қайырымдылық; көркемдік, нұрлылық.

ЫРЫСАЛДЫ - бақыттың, құттың алғашқысы.

ЫРЫСБЕК - бақытты бек.

ЫСҚАҚ - көне еврей тілінен - күледі, күлген. Иссак деген есімнің арабша айтылу нұсқасы.

ЫСТАМБАҚЫ - иран тілінен алынған ыстам — тұрған, өлмес + бақы — мәңгі, өмірлік. Мәңгі өлмес.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (І әрпі бойынша ат қою)

ІБНИ - араб тілінен — ер бала, ұл.

ІЗБАСАР - әкесінің мұрагері, ізбасары болсын деген мақсапен қойылған есім. Қысқарған түрі — Ізтай.

ІЛЕБАЙ - Іле езені бойында туған балаға қойылған есім.

ІЛИЯС – еврей тілінен алынған - ильяс — күш, құдірет.

ІҢКӘРБЕК - араб тілінен алынған инкар — құмар, ынтың; ата-ана перзентке зар болып, құмар болып жүргенде туған балаға қойылған есім.

ІСМЕТ - араб тілінен — ізгі, рахымшыл, адамгершілігі мол; таза, пәк.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (З әрпі бойынша ат қою)

ЗАЙТ - араб тілінен алынған зәид - өсуші, көбеюші; артық.

ЗАЙЫР - араб тілінен — айқын, анық.

ЗАКАРИЯ - иран тілінен алынған закр — ес, еске алушы, ескеруші + ия.

ЗАМАНБЕК – араб тілінен алынған замона — дәуір, кезен + бек. Синонимі — Дәуірбек.

ЗАМИР – орыс тілінен алынған — бейбітшілік, тыныштық үшін.

ЗАҢҒАР – қазақ есімі: үлкен, алып; зәулім, биік.
Есімдер мағынасы
Толық

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (И әрпі бойынша ат қою)

ИБАТ - араб тілінен алынған һібәт, һибат — сый, сыйлық тарту.

ИБРАГИМ - көне еврей тілінен келген Авраам есімінің айтылу түрі. Ел ағасы деген мағыналы есім. түрлері — Ыбрайым, Ыбрай, Ыбыш, Ыбыкен, Ыбыраш.

ИГЕНБАЙ - құдай жарылқаған, иіген, бай деген мағыналы есім.

ИГІЛІК - қайырымды іс, жақсылық.
Есімдер мағынасы
Толық