Іңкәр

Іңкәр есімінің мағынасы – қазақтың төл есімі. «Құштарлық, ынтызарлық» дегенді білдіреді. Қазақ қыз балаға бұл ныспыны «өмірге құштар, нәзік те сұлу, жан дүниесі бай болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін есімнің бірі.

Есімдер мағынасы
Толық

Алан

Алан есімінің мағынасы – қазақ халқында жолбарыстың күшігін алан деп айтады. Бұл сөздің араб, көне славян тілдерінде де бірнеше нұсқасы бар. Ел ішінде дүние есігін жаңа ашқан сәби қайратты, жолбарыс жүректі болсын деп осы есімді береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Гүлшара

Гүлшара есімінің мағынасы - "гүл" және "шара" деген қос түбірден тұрады. Гүлдің қандай мағына беретіні баршаға мәлім болса, "шара" сөзі парсы "Сара" сөзінен шықса керек. Оның мағынасы "пәк, бекзат".

Есімдер мағынасы
Толық

Иманғали

Иманғали есімінің мағынасы - "Иман" араб сөзі, ол "Аллаға сену" мағынасын береді, ал "ғали" сөзінің мағынасы "асқақ, еңселі".

Есімдер мағынасы
Толық

Айтөре

Айтөре есімінің мағынасы - "ай" мен "төре" сөздерінен жасалған есім, сәби айдай болсын, өз ортасында төредей сыйлы болсын деген ниетпен қойылады. Төре – толық мағынасы «Төрдің иесі» деген екі біріккен сөзден тұрады.

Есімдер мағынасы
Толық

Омар

Омар есімінің мағынасы – «өмір сүретін, өмірі ұзақ»; Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) ең жақын сахабасының есімі.

Есімдер мағынасы
Толық

Амир

Амир есімінің мағынасы – араб тілінен аударғанда "билеуші", "әкім" деген мағына береді. Бұл ат, көбіне әйгілі билеуші Әмір Темірдің құрметіне беріледі.

Есімдер мағынасы
Толық

Али

Али есімінің мағынасы – "әли" араб тілінен аударғанда зор, заңғар, биік деген мағына береді.

Есімдер мағынасы
Толық

Нұрмұхаммед

Нұрмұхаммед есімінің мағынасы - Арабша нур (نور) сөзі «жарық» деген мағына береді.Қазақша нұр «жарық»,«жарқыраған»,«күн сәулесі».Ал Мұхамед-деген Пайғамбардың (с.с.а) аты екенін баршамызға белгілі,оның мағынасы жан-жағындағылар мақтап жүретін, үлгі боларлықтай, енді барлығы мақтап жүреді деген мағынаны білдіреді.

Есімдер мағынасы
Толық