Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан мемлекеттілігінің қайта жаңғыруы (1991-1996жылдар)
Сабақ тақырыбы: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік-демографиялық процестер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.1.3 Қазақстаның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарын талдау;
9.1.1.2 Өткен тарихи кезеңдермен сабақтастықты орнату арқылы қазіргі кездегі демографиялық процестерге баға беру;
9.3.2.4 Қазақ диаспораларының тарихи Отанмен байланысының маңыздылығын айқындау;
Сабақ мақсаттары: Қазақстаның даму стратегиясындағы демографиялық саясаттың бағыттарына баға беру......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Кестелі орамал (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кестелі ақ жібек орамал,
Алыстан жолдаған сүйген жар.
'Жауынгер жарым, сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар.

Қайырмасы:
'Жауынгер жарым,сен есіңе ал',-
Деп жазған оюлап хаты бар......
Өлеңдер
Толық

Жеңдік жауды күресте

Ер есімі – ел есінде
Сүйінші, халқым, сүйінші!
Сүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке.
Т. Жароков
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды.....
Шығармалар
Толық

VI-IX ғғ. билік құрған қай қаған ерекше есте сақталады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: VI-IX ғғ. билік құрған қай қаған ерекше есте сақталады? 1-сабақ
Оқу мақсаты: 6.3.1.1 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау;
6.3.1.2 VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру;
6.3.2.2 Ұлы Түркі қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау;
6.2.1.3 тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

VI-IX ғғ. билік құрған қай қаған ерекше есте сақталады? (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: VI-IX ғғ. билік құрған қай қаған ерекше есте сақталады?
Оқу мақсаттары: 7.3.1.1 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау
7.3.2.2 Ұлы Түркі қағанатының сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау
Сабақтың мақсаттары: Түркі халықтарының орта ғасырлар кезеңіндегі атақты қағандарын салыстырады.
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Атам жайлы естелік

Менің ұлы нағашы атам Құлжанов Үкітай Құлжанұлы 1918 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Совет армиясының қатарына алынған. 1939-1940 жылдарда Совет Фин соғысына қатысып, атты әскерде болған. Әскер қатарынан 1941 жылы Ақпан айында босатылуға тиісті екен. Бірақ, Қазақстанға қайта орала алмай Ленинград қаласында қалдырылған. Совет үкіметі екінші дүниежүзілік соғыстың болатынын болжап, Ленинград қонақ үйлеріне орналастырып рұқсат етпеген. Атам Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград фронтының атты әскерінде соғысқа қатынасыпты. Ленинград Фронтын басқарған лейтенант Поповтың қарамағындағы атты әскерінде «Воскресенское», «Родина Еремина» таулы жерлерінде соғысыпты. 1941жылы 8-інші Қыркүйекте блокадада қалыпты. Үкітай атамның әңгімесінде соғыста үлкен қайғылы, естен кетпес, қан жұтатын оқиғалары көп болыпты. Ойламаған жерден Неміс самалеттері бомбалай жөнелгенде, жазықсыз сәбилер, қариялар, бүтін бір жанұя да, өртеніп қаза болыпты. Соғыста бес атар мылтықпен бес рет атқанда, мылтықтың басы қызарып, тез қызып кете береді, оны суығанша күтіп отыратынбыз, Немістердің технологиялары өте күшті дамыған, қолдарында оқ жаудыратын автоматтары бар болатын, біз мылтығымызды оқтағанша, олар оқты жаудырып жіберетін, осындай кезде көптеген жауынгерлерлерімізден айрылдық. Осы кездерде әскерімізбен бірге соғысып жатқан жерімізге жауларымызды майдан сызығынан өткізіп алдық, орман арасында өзіміздің майдан сызығымызға жеткенімізше, екі аптадай уақыт зымырап өте шығатын. Соғыста азық-түлік таусылып қалатын да кездер болды. Күз айында әсіресе аш өзек жауға қарсы шабуылға шығамыз. Ертеңгі еліміздің жау қолына өтпеуі, негізгі арманымыз ғой, аштық ондайда ештеңе емес.....
Шығармалар
Толық

Өткен күрестер жеңісі-бүгінгі күннің жемісі

1941 жылдың 22-маусымында таңғы сағат төртте Германияның немісфашист басқыншылары елімізге күтпеген жерден ойран салды.Бұл олардың «барбаросса» жоспары бойынша іске асырған әрекеті еді.Бейқам жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасауы - неміс фашистерінің опасыздықтарын көрсетіп берді.1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең көп қырылған ұлттар қазақтар болды.Еркіндік үшін, артындағы ұрпақтары үшін жалаңаш кеуделерін оққа тосты. Соғыс - адамзат баласына қасірет пен қайғы әкеледі.Соғыс - әрбір отбасының шаңырағын шайқалтып,тағдырын мүлде басқа арнаға өзгертіп жіберді.Балалары әкелері мен үлкен ағаларынан айырылды..Әйелдер сүйікті жарынан айрылып,жесір қалады.Ал жау басып алған жерлерде,тіпті қасірет үлкен.Кәрі ата–әжелер небір қорлықтарды көрді.Әйелдер мен қыздар зорлыққа ұшырайды.Ол да басымыздан өткен қасірет. Ұлы Отан соғысында ерлігімен тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегильдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова ,Әлия Молдағұлова,Хиуаз Доспанова және басқа да батырларымыз бар.Олар ешқашан ұмытылмайды.Ел қорғаған батырды ардақ тұту-Отанын сүйген әрбір азаматтың парызы.
Әрбір соғыстың салдары –шығын, оның ішінде адам шығыны.......
Шығармалар
Толық

Ардагерлер-естелігі соғыстың

Ұмыт болған , ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын ,бітпейтін,
Ардагерлер-естелігі соғыстың
Соғыс атты суық сөздің аты өшіп, бейбіт өмір кешіп отырғанымызға 71 жыл толады. Ел басына күн туып, етігімен қан кешкен сол бір сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданға кеудесін от пен оққа төсеп, отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады. Қаншама боздақ азаттық үшін жандарын пида етті. Өмір мен өлім белдескен алапат айқаста халқымыздың Отанға қажымас қайраты мен жарасты ынтымағының арқасында Ұлы Жеңіс келді. Осыдан 71 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!......
Шығармалар
Толық

Естен кетпес отты жылдар

«Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ!
Дұрысы тірлік қылып, ізденейік.
Шынайы даңқ - еңбекпен келген атақ.
Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын».
Ги де Мопассан
Совет үкіметі орнағалы ауырлықтан бойын жаза алмаған ел үшін Ұлы Отан соғысының басталуы қиындықты тағы да еселей түсті. Совет халқы төңкерісті, одан кейінгі Азамат соғысын, аштықты, колхоздастыруды, саяси қуғын-сүргінді басынан өткізіп, енді ғана бойын тіктеп, біршама жақсы өмір сүре бастаған кезде басталған соғыс, әрбір шаңыраққа қиындықтармен бірге қайғысын қоса әкелді. 1941-ші жылдың 22-ші маусым күні таңғы сағат 4-те опасыздықпен совет мемлекетінің бүкіл шекара бойында соғыс өртін тұтатқан неміс фашистеріне айтылған лағынет шексіз еді. Соғыс басталған күні және одан кейінгі 20 күн бойы Жамбыл облысының бүкіл елді мекендерінде, мекеме мен ұйымдарында, партия, совет және комсомол ұйымдарында митингілер өтіп, санаулы күндерден кейін фашистерді совет жерінен қуып шығатындарына сенген, әрі сендірген жалынды сөздер, Ұлы қолбасшы Сталиннің ақ гвардияшыларды Азамат соғысы жылдарында күл талқан еткендей, фашистерді де жеңетініне ұрандаған сөздер барлық жерден естіліп жатты. ......
Шығармалар
Толық

Естен кетпес мәңгілік

1941 жылы 22 маусымда фашисттік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып КСРО аумағына басып кірді. Германияның билеушілері КСРО–ны көп ұлттың өкілдері бұлар тұрақсыз, бірлігі жоқ ел деп білді. «Ғылыми-зерттеу институты» деп аталған «Арбайтегемайншафт Түркістан» атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы «Үлкен Түркістан» картасын әзірлеген екен. Орта Азия мен Қазақстанды Ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын құру белгіленген. Гитлершілдердің басты мақсаты Кеңес елін отарға айналдыру, халықты құлдықта ұстап дүниежүзіне үстемдік орнату болған. Мұның барлығын алдын-ала терең ойластырып фашист идеологтары кеңес адамдарын аяусыз қинап – өлтірудің кең көлемді бағдарламасын жасаған. Бірақта КСРО азаматтары бұл жоспарды жүзеге асырмады. Зұлымдық ойдың тас-талқаны шықты.
Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Бүкіл елдің адамдары міндетті әскери даярлықтан өткен. Майданға Қызыл Армия қатарына 1200000 жуық қазақстандық аттанды. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еріктерімен жазыла бастады. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды. ......
Шығармалар
Толық