ХИЖРИ АЙЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ ТҮРКИЯ МЕН АРАБ ЕЛДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛДЫ. АЛАЙДА, ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ НАҚТЫ КҮНДЕРІ ЖАҢА АЙДЫҢ КӨРІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨРСЕТІЛГЕН УАҚЫТТАН БІР КҮН ШЕГЕРІЛУІ НЕМЕСЕ АЛҒА ЖЫЛЖУЫ МҮМКІН.
Сынып сағат тақырыбы: Жол ережесін есте сақта Сынып сағат мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау. Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу. Сынып сағат көрнекілігі: Үй макеті , бағдаршам....
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жұмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затты тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мұздай, жұмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы тітіркеністері түйсік болып табылады. И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анотомиялық-физиологиялық жүйке ақпараттарының жұмысына байланысты түсіндіреді. Адамдар мен жануарларда көптеген анализаторлар бар. Олардың қай-қайсысы болмасын (көру, есту, қозғалыс) үш бөліктен түрады.Біріншісі сезім мүшесі (рецептор). Сезім мүшесі сырттан келген тітіркендіргішті жүйелік қозғауға айналдырып отырады. Екінші бөлігі ─ миға баратын жүйке талшықтары. Олар секундына 120 метр тездікпен рецепторларға түскен қозуларды мидың түрлі бөлігіне жеткізіп отырады. Анализатордың үшінші компоненті ─ мидағы түрлі жүйке орталықтары. Олар тітіркендіргіштерді айыра алуға қабілетті.
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары. Психологияда адамдардың түйсінуіне алу қабілетін сезгіштік деп аталады. Сезгіштік: 1)абсолюттік; 2)айырма сезгіш деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз ─ сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Абсолюттік табалдырық ─ түйсік табалдырығының шегі. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен болса жатса, онда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз ультра күлгін сәулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Айырма сезгіштік деп ─ сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әр ьүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100 тең. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамды жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артықтылығы байқалады. XIX ғ. орта шенінде өмір сүрген неміс ғалымдары Э.Вебер (1795-1878) мен С.Фехнер (18011887) тітіркендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдады. Мұны түйсіктің психофизикалық заңы деп атайды. Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге байланысты да өзгертіп отырады. Бұл құбылысты адаптация деп атайды. ....
Активті кедергісі және индуктивтігі бар реал катушка кернеу көзіне қосылған (1,а-сурет). Тізбектегі кернеулер Кирхгофтың екінші заңы бойынша (1) Мұндағы индуктивтік кернеу өздік индукция ЭҚК-не тең де
Ал активті кернеу
Кернеудің осы мәндерін (1) теңдігіне қойса (2) Электр көзі кернеуінің мөлшерлі мәні бар шама. Мысалы, пәтерлердегі электр желісінің кернеуі 220 В – тұрақты шама. Осындай мөлшерлі кернеудің әсерінен тізбекте ток кенеттен секіріп өзгерді делік, яғни өте аз уақыт ішінде ток мөлшерлі шамаға жеткен. Ендеше нольге ұмтылғанда токтың уақытқа қатынасы өте үлкен мәнге ие болады, яғни
Токтың өзгерісінің осы мәнін (2) теңдігіне қойса, оң жағы мөлшерлі шама да, сол жағы өте үлкен шама болып, Кирхгофтың екінші заңына қайшы келеді. Олай болса токты өте аз уақыт ішінде секіріп өзгереді деп есептеу қате: ток индуктивті катушкада кенеттен секіріп өзгере алмайды. Мұның себебі катушканың индуктивтігінің болуында – онда пайда болатын өздік индукция ЭҚК-і тудыратын токтың тізбектің тогына кері бағытта болып (Ленц заңы бойынша), оны тез өсірмейтіндігінде. Бірақ катушкада кернеудің секіріп өзгеруі мүмкін. Енді активті кедергісі (астарларының арасымен аздап ток жүретін) және сыйымдылығы бар конденсатор кернеу көзіне қосылған екен делік (1,б-сурет). Кирхгофтың екінші заңы бойынша
Немесе (3)
1-сурет. Реал катушка (а) мен реал конденсатордың (б) орынбасарлық схемалары
Тізбектегі ток сыйымдылыққа және ондағы кернеудің өзгерісіне байланысты, яғни
Токтың осы мәнін (3) теңдігіне қойса (4) Қарастырылып отырған тізбекте кернеу кенеттен секіріп өзгеріп, өте аз уақыт ішінде мөлшерлі шамаға жетті десе, нольге ұмтылғанда кернеудің уақытқа қатынасы өте үлкен мәнге ие болады, яғни
Кернеудің өзгерісінің осы мәнін (4) теңдігіне қойса, оң жағы мөлшерлі шама да, ал сол жағы өте үлкен шама болып, Кирхгофтың екінші заңы орындалмай қалады. Ендеше кернеуді кенеттен секіріп өзгереді деп есептеу қате: конденсаторда кернеу өте аз уақыт ішінде секіріп өзгере алмайды. Мұның себебі конденсатордың сыйымдылығының болуында – оның кенеттен зарядталып не зарядсызданып бітпейтіндігінде. Біра конденсаторда токтың секіріп өзгеруі мүмкін. ....
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің аясында, еліміздің барлық саласы түгелімен өзгеріп, рухани-әлеуметтік және саяси-экономикалық жүйесі қайта құрылу процесін атқару мүмкін болып тұр. Қоғамдық-саяси құрылыстың мәнін терең түсінуде, халқымыздың төл-тарихын, саяси-әлеуметтік жағдайын жете тану, ынтымақтыққа, бірлік пен елдікке бастайтын еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлердің саяси бағытын зерттеп, алға қойған мәселелерін, оның түйінді шешімдерін, халықтың саяси көзқарасын қалыптастырудағы мәнін ашу, оны қазіргі таңдағы қол жеткен тәуелсіздікке тигізген әсерін талдауға мүмкіндік береді. Ұлттық мемлекетіміздің қалыптасу тарихында орын алатын, ұлттың тәуелсіздігін қорғаған тұлғалардың есімі халықтың, тарихи санасында зерделенген. Елдің санасында сақталған орасан саяси оқиғаларды, халқының қамын ойлаған ірі саяси көсемдердің өмірі мен қызметі, тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін бүгінгі ұрпақ жадында десе болады. Ғасырлар бойы ел азаттығы үшін күрескен саяси тұлғаларды зерделеу, ғылыми тұрғыдан талдау және оның нәтижесін бүгінгі заманымыздың талабына сай сараптау арқылы, анықталған құндылықтарды насихаттауға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Президент Н.Ә.Назарбаев “Алашқа айбын болған, азаттық ұғымының айдынын кеңейткен тұлғаларымызды ел саласына, тарихи беттеріне қайыра алып келген тәуелсіздікті осындай ұлтқа пана болар аруақтарымызды тірілтіп бергені үшін асқақтатуымыз керек емес пе?”[1, 355 б]-деп атап өткендей, мемлекет болашағына, ұлттың тағдырына қатысты саяси мәселелерді шешу нағыз лидерлердің қолынан ғана келеді. Бетегелі жерде берекелі елдің болуын, көршілес мемлекеттермен тереземіздің теңесуін, құтты жеріміздің тұтастығын сақтауға атсалысқан, соны армандаған Абылай ханның азаттықты аңсаған Қазақ мемлекетін қалыптастырудағы оның әрекеттерінің нәтижелерін жаңа заманда іске асырудың Қазақстандық үлгісін жасап, оны орнықтыруға үлкен үлес қосқан Н.Ә.Назарбаевтың саясатын салыстырмалы ғылыми тұрғыда зерттеу - қазіргі ұрпақтың ізгілікті борышы. Абылай хан мен Н.Ә.Назарбаевтың қазақ қоғамының дамуына қосқан саяси-әлеуметтік қызметтерін ғылыми тұрғыдан зерттеу, олардың тұлғалық қасиетін ашып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тарту, халық арасында насихаттау, құнды идеялық пікірлерін сараптауды зерттеу нысанасына айналдыру - бүгінгі саясаттану ғылымының даму бағыттарының мәнділігін құрайды. Абылай ханның азаттық пен тәуелсіздік жолындағы саяси қызметін, оның қазақ халқын саяси-әлеуметтік үрдіске бағыттаған әрекеттерін зерттеу арқылы, қоғамдық үрдістің саяси даму жолын түсінуге болады. Тәуелсіздіктің символына айналған Абылай ханды терең зертттеу, қазақ халқының ұлттық санасын оятудың негізгі факторы, болашақ ұрпақты Отанына деген ықыласын арттырып, патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды құбылыс болып табылады. Қазақ халқының табиғи болмысындағы бостандыққа, еркіндікке, тәуелсіздікке деген ұмтылыстары саясаттану ғылымы тұрғысынан сарапталуы тиіс. Сонымен қатар келешек ұрпақты Отанына деген елжандылық рухында тәрбиелеу, қоғам дамуындағы ілгерілеуіміздің мәнін ұрпаққа жеткізу мақсатын ұмытпауымыз қажет. Абылай ханның қоғамдық саяси қызметін шынайылық тұрғыдан келер ұрпаққа жеткізу мақсатында, терең зерттеу обьективті қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ халқының қоғамдасу тарихында, мемлекеттік құрылыстың құрылымдарын құру мен анықтауда талай хандар мен билердің үлесі зор болды. Алайда тұлға ретінде, ел басшысы ретінде де, ақылгөй-данышпан тұрғысынан да Абылай хан тұлғасы жан-жақты зерттеуді, саралауды қажет етеді. Әр қоғамның ерекшелігін түсінуде, онда болған саяси процестер мен қақтығыстардың алғышарттарын тауып шешуде саяси лидерлердің рөлі зор. Олардың қолданған саяси амалдары, саяси шешімдері арқылы қоғамға саяси талдау зерттеудің өзектілігін құрады. ....
Оқу-тәрбие жұмысын күнбе-күн жедел жүзеге асыруға қарым-қатынас жасап отыратын екі тұлға бар. Олар: мұғалім және оқушы. Осы екі тұлғаның өзара қарым-қатынасы дұрыс жолға қойылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы бойынша алға қойылған міндеттер дұрыс жүзеге асырылады. Мұғалім өзі оқытатын пәні бойынша материалдарды каншама жақсы біліп, оны алуан-түрлі әдіс-тәсілдермен, құрал-дармен түрлендіріп өткізуге тырысқанымен оқушы мен мұғалім арасында өзара құрмет-сый, сыйласым болмаса, оқушы мұғалімді ынта-ықыласымен тындағысы келмесе, іс нәтиже бермейді. Қазіргі күнде қоғам аддына қойылып отырған, халыққа білім беру саласы алдына қойылып отырған негізгі мәселелер: мектепті қоғам талабына сай қайта құру, адам факторын жандандыру, демократияландыру, ізгі-адамгершілікке тәрбиелеу мәселелеріне сай болу керек. Осы мәселелер жүзеге асырылған уақытта ғана оқу-тәрбие жұмысы өз дәрежесінде нәтижеге жетеді. Сондықтан да оқушылар мен мұғалімдер арасындағы мәдени - қарым-қатынас педагогикалық іс-әрекеттегі маңызды кәсіптік мамандық құралы. Ол: оқушылар мен мұғалім арасында ынтымақтастық түрде демократиялық, адамгершілік-ізгілік негізінде жүзеге асырылуы қажет. Педагогикалық қарым-қатынас-мұғалім мен оқушы арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын кәсіптік-мамандық қатынасы. Оқушылармен мұғалім арасында мәдени қарым-қатынастың болуының аса қажеттілігі жөнінде советтік дәуірдегі көрнекті педагогтар А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий, А.В.Луначарский, В.А.Сухомлинский т.б. Өздерінің еңбектерінде атап көрсетіп, іс-тәжірибелерінде дәлелденген болатын. Мысалы, А.С.Макаренко оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас "Баладан дұрыс талап ете білу, оның жеке басын құрметтей білу" принципінде құрылу керек деген болатын. В.А.Сухомлинский баламен қарым-қатынас жасай білу тіл табыса білуде балалармен қалай сөйлеудің мәнін көрсетеді. "Мектеп қабырғасында айтылған әрбір сөз - ойластырылған, мақсатталған, ақылға-ойға қонымды үлгілі сөздер болуы керек, айқайлап сөйлеу мектеп ішінде оқушыға өте жат. Мұгалім балаға сеніммен қарау керек. Баланы мұғаліммен еркін сөйлесе білуге тарту керек" - дейді. Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс ұйымдаспаған педагогикалық қарым-қатынас балаларды қорқақ, жалтақ, өзіне-өзі сенімсіз қасиетке бағыттайды. Балалардың жұмысқа деген ынтасы, ықыласы төмендейді.....
Танымдық үдерістің бұл ерекше формалары тіл мен ойлау, сөйлеу секілді адамдық табиғаттың ең жоғарғы көрсеткіштерін құрауымен қоса, күнделікті өмірде туатын қажеттіліктерді де өтеуге бағытталады. Адамның танымдық әрекеті саналы, ғылыми дәйектелген шарттар қатарында өздігінен жүзеге асатын, адам болмысы итермелейтін рефлексті амалдардан да топталады. В.И.Писаренконың «Когнитивтік лингвистика мен «когнитивтік» терминінің семантикасы туралы» атты мақаласындағы «Когнитивтік лингвистиканың пайда болуына әсер еткен когнитивтік ғылымның өзі де уақыт өте келе, әр түрлі мектептер мен ғылыми бағыттарға жіктелу негізінде дамып отыр, мысалы: когнитивтік психология, нейроғылым, антропология және т.б., сондықтан бір ғылым саласына қатыстылығынан туындаған когнитивтік терминнің ұғымдық ерекшеліктерін әр түрлі дәрежеде түсіндіруге болады» деген пікірге назар аударсақ, таным категориясының негізгі белгілері когнитивтік ғылымның мақсатына сай толықтырылып дамып отырады да, оның жалпы ұғымдық сипаттамасы жекеленген танымдық ғылыми бағыттардан, олардың бірліктері мен заңдылықтарынан сұрыпталады. Жаңа пәлсапалық энциклопедияда когнитивтік ғылымға «теоретика-информациялық модельдерді қолдану негізінде сана мен жоғары ойлау процестерін зерттейтін жүйе» деп анықтама берілген [22; 264-б.]. Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде ол адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым саласы ретінде танылып отыр. Осыған орай, танымдық ғылымның негізі «әрі білім, әрі таным, әрі хабар, әрі адамзат ақыл-ойы мен санасы, әрі оларға сәйкес анықталатын және барлығының биологиялық негізін құрайтын адамзат миы» тұрғысынан айқындалып, күрделі танымдық процестердің тоғысын құрайтын ғылыми жүйе ретінде зерттеліп келеді. Қазіргі ғылымның негізгі екі ерекшелігін өзектей отырып, ғалымдар антропологиялық және пәнаралық даму нәтижесінде жалпы танымдық ғылымға тән негізгі белгілер қатарында төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуде: ....
Өтпелі кезеңде жорғары психикалық функциялардың дамуы жүйке жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын негізгі заңдылықтарды анықтайды. Жүйке жүйесі мен мінез құлық дамуының негізгі заңдылықтарының бірі-жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында, төменгі орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары функциялармен оррындала бастайды. Соның ішіндегі қабылдауға тоқталамыз. Қабылдау функциясы баланың психикалық даму тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан бұ л өте ерте функция қарапайым функция ретінде қарастырылады, оның эволюциялық процес тері, әдетте, тікелей бақылаудан жасырын қалады. Сонымен бірге жаңа психологияда қабылдау мүлдем дамымайды, ол басынан бастап нәрестенің өзінде ересек адамдағыдай қызмет етеді, барлық психикалық функциялардың жалпылай өзгеру процесінде қабылдау дамымайды, өзгермейді, өз бетінше қалу артықшылығына ие деген аңыз бірте-бірте жойылуда. Шын мәнінде естің немесе ойлаудың дамудың осы екі сатысында ұқсастығы қалай за болса, нәрестенің қабылдауымен ересек адамның қабылдауының да ұқсастығы сондай аз болады. В. Элясберк пен басқалардың арнайы зерттеулері баланың нәресте кезінде байланыстар, тәуелділіктер мен қатынастарлың бірқатарын жасауға қабілетті екендігін көрсетті. Бала ойлауындағы синкретизмді зерттеуде элементтердің бытыраңқылығы емес, ойлардың мағынасыз байланыстылығы , әсерлердің шумақ тәріздес тұтасу, құрамы жағынан күрделі синкретті бейнелері баланың нәресте кезіндегі ойлаун сипаттайтындығын көрсетті. Осының барлығы дәстүрлі психологияда бекітілген бала қабылдауының даму барысы ақиқатқа сәйкес келетініне күмән туғызады. ....
Дербес компьютердің есте сақтау құрылғылары ДК-да жадының 4 деңгейі бар: • Микропроцессорлық жады (МПП) • Регистрлік кэш жады • Негізгі жад (ОП) • Ішкі жад (ВЗУ) Кестеде келтірілген жад типтерінің екі негізгі сипаттамасы (жылдамдығы және сиымдылығы) көрсетілген: Жад типтері Сиымдылығы Тезәрекеттестігі МПП Ондаған байт =0,001-0,002мкс
ОП,сонымен қатар ОЗУ Он-жүз шақты мегабайт =0,004-0,006мкс
ПЗУ Жүздеген килобайт =0,035-0,1мкс
ВЗУ,сонымен қатар НМД Он-жүз шақты гигабайт =5-30мс =500-3000 Кбайт/с
НГМД Бірлік мегабайт =65-100мс =40-150 Кбайт/с
CD және DVD Жүз-мың шақты мегабайт =50-300мс =150-5000 Кбайт/с
Есте сақтау құрылғысының салыстырмалы сипаттамасы
Есте сақтау құрылғысының алғашқы екі типі айналу уақытымен ( ),ал ішкі есте сақтау құрылғысының тезәрекеттігі-екі параметрмен:қол жеткізу уақыты ( ) және есептеу жылдамдығы ( ): • - іздеу уақытының ,ақпаратты жазу және есептеу суммасы • -тасымалдағыштағы ақпаратты іздеу уақыты • -ақпарат байтының кезекті есептеуінің жылдамдығы Жалпы қолданбалы қысқартылуларды айта кетелік: с-секунд, мс-милисекунд, мкс-микросекунд, нс-наносекунд, 1с= мс= мкс= нс ....
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. Сондықтан грунт сулары деңгейінің маусымдық, жылдық және көпжылдық ауытқулары және тұмалардың өнімі жерге сіңген жауын-шашын мөлшерінің шамасына байланысты болады. Сондықтан инфильтрациялық қоректенудің шамасы тек түскен жауын-шашын мөлшері мен олардың жыл маусымдарына қарай бөлінуінен ғана емес, сонымен қатар буланудың, су өткізгіштіктің, аэрация аймағы қалыңдығы мен оның температуралық режиміне байланысты болу себебінен грунт сулары деңгейінің ауытқу сипаттары да түрліше болуы мүмкін Оңтүстіктің далалық, шөлдік, шөлейттік аймақтарда буланудың төмендеген жағдайларында түскен жауын-шашын және еріген қар мен мұз суларының инфильтрациясы нәтижесінде грунт суларының деңгейі ақпан, наурыз айларында жоғарылайды. Бұдан кейінгі уақытта (күзге дейін) күшейе түскен булану мен транспирация әсерінен су деңгейі төмендейді, тек ерекше мол жауын-шашын түскенде су деңгейі жоғарылай бастайды. Аталған аймақтарда жазғы жауын-шашын грунт суларының деңгейіне дейін барып жетпейді деуге болады. ....