Батыл есек

Есек жүк тасудан қашып, әбден жалығады. Бір күні ол өзімен жолдас болып жүрген түйеге келіп:
– Әй, түйе, мен жүк тасудан әбден жалықтым, жон терімнің тамтығы қалмады! Жүр, екеуіміз бірлесіп, қожамыздан қашайық та ойымызға келгенін істеп, өз еркімізбен өмір сүрейік, – депті. Түйе үндеңкіремей, ойланыңқырап барып жауап қайырыпты:
– Шынында да, қожамыздың жаман екені рас, көп жұмсайды, күтіміміз жаман-ақ. Мен қашуға қуанар едім, ал, қалай қашасың? Есектің жауабы дайын еді. Ол: «Мен ойлап қойғанмын, қам жеме. Ертең қожамыз бізге тұз артып қалаға барады. Бастапқыда біз айдағанына көніп тыныш жүреміз, ал тауға шыққан соң, титықтап болдырған болып, жығыламыз да тұрмаймыз. Қожамыз бізді қарғап-сілеп, таяқтың астына алады. Біз сонда да тұрмаймыз. Ол әбден шаршап, басқа көлік әкелгелі үйіне қайтады. Біздер емін-еркін оңаша қаламыз, тек қана аяғың шыдаса болғаны, қайда қашсаң да, еркің өзіңде», – дейді.......
Ертегілер
Толық

Қасқыр түлкі және есек

Бір күні қанішер қасқыр, айлакер түлкі және аңқау есек үшеуі бір сайдың ішінде жолығысып қалады да жайғасып отырып, әңгімелесе бастайды.
– Біздің басымыз не кешпеді, – депті, түлкі сөзді әріден қозғап. – Осы өмірімізде істеген жақсы-жаман істерімізді айтып, өзіміздің қылықтарымызды өзіміз бір байқап, саралап көрсек қайтеді. Мұнымыз бұдан былай қандай да бір ауыр қылмысқа бармауымыз үшін сабақ болар.
– Сол істеген істерімді айтсам, менің күнәм жеңілдей ме? – депті қасқыр әкіреңдеп. Түлкі бұлаңдай алдын орап, кеңесті қыздыра түсіпті......
Ертегілер
Толық

Есекмерген

Бір кісі өлер алдында артында қалып бара жатқан жалғыз баласы Есекмергенге өзінің басынан өткендерін айта келіп:
«Балам, сен аң аулап жүріп жалғыз орманға барма. Бара қалсаң, тақыр жердегі молаға түнеуші болма», – дейді.
Баласы: «Мақұл» дейді. Бірақ бала есейген сайын: «Әкем маған неге орманға барма деді? Осы орманға барып моланы, тақырды бір көрейінші», – деген ойға келеді де бір күні садағын асынып орманға келеді. Бала жас болса да батыр, құралайды көзге ататын мерген екен. Өзіне-өзі сенімді, орманды емін-еркін аралап, құс атып алады, оларды пісіріп жейді. Ақырында, орманда түнейді. Түнде үш ағаштың басын құрастырып от жағып, жол қазанына ет асып отырғанда, қасына ұзын бойлы бір жезтырнақ келеді......
Ертегілер
Толық

Айша Балтахаева | Су таситын көк есек


«Таңертеңмен бір сұлу қыз суға барады о-о» деген ән біздің ауылда өтпейді-ау. Жо-жоқ, ауылдың қыздары ұсқынсыз деп тұрғам жоқ. Оның орнына «таң ертеңмен бір көк есек суға барады» деген жөн. Бізде есектің арқасына екі флягті артады да жібере салады. Жай басып ол бейшара құдықтың басына қарай өзі кетеді.

Осы біздер «Миы жоқ ЕСЕК» деп ұрсып жатамыз, ал ол бейшараның миы болмаса суға өзі бармас еді ғой. Құдықтың басына барады да тұрады салбырап, «қашан нетеді, қашан су құйып береді» деп. Шлангіні салып су құйсаң, қайта кетеді үйіне қарай. «Есектің өзі арам, еңбегі адал» деген. Ал біздің үйде есек жоқтұғын. Су әкелу сары айғырдың мойнында. Өзі асау айғыр. Онымен суға барған-экстрим. Біздер-вольный смертниктерміз. Көшеде өзімен өзі, ешкіммен шатағы жоқ ұшып жүрген салафан, қағаздардан үркіп, байтал көрсе шайтан көргендей делебесі қозып тұратын. Жазда арқасына екі флягты байлап, қыста дәәәу ат шанаға 6 флягты, 2 кателок, 1 бедон, 1 шәйнек...т.с.с салып алатынбыз. .....
Әңгімелер
Толық

Есек пен саршұнақ

Бір күні саршұнақ бақшаға кіреді де өсіп тұрған көкөністің әптер-тәптерін шығарып бүлдіреді. Бақшашы ұстап алыпты да сілейте сабапты. Сарышұнақ есінен танып қалыпты. Бақшашы оны өлдіге санап, қоршаудың сыртына лақтырып тастапты. Есеңгіреп жатқан сарышұнақ аздан кейін ......
Ертегілер
Толық

Өгіз бен есек

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болып, ауыл маңында бірге жайылып жүріпті. Бірде екеуі оңашарақ шығып кетеді де ағашы қалың бір бауға кіріпті. Баудың іші жайқалған шалғын екен, екеуі өлең шөпке сылқия тойып алыпты.

Қарны тойған соң, енді есектің бақырып, көңіл ашқысы келеді. Соған ыңғай білдіргенде өгіз:

– Сен ақырма, – дейді аузын басып......
Ертегілер
Толық

Суши қалай жеу керек?

Суши – бұл жапон асханасы онымен бүкіл әлемді жаулап алған тағам. Осы шығыс тағамын қалай жеу керектігін біру керек.
Суши-барларда тамаққа бір реттік таяқшалар беріледі. Қолмен жеуді қалайтын......
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Адамның жас кезеңдері

1 жасқа дейін – шақалақ, нәресте.
1 жастан 10 жасқа дейін – сәби.
1 жастан 2 жасқа дейін қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек.
1 жастан 3 жасқа дейін....
kz
Толық