Аң-құс қалай дыбыстайды?

Қораз таңда шақырып,

Қой мен арқар маңырар.

Ал арыстан ақырып,

Есек, қашыр аңырар.

 

Күзен, зорман шақылдап,

Сұңқар көкте саңқылдар.

Саршұнақ, суыр...

Тақпақтар
Толық

Қораз шақырғанда және есек ақырғанда айтылатын дұға

Пайғамбарымыз былай деген: «Егер қораздың шақырғанын естісеңіздер, Аллаһтан оның кеңшілігін сұраңыздар, өйткені ол (қораз) періштелерді көрген болады. Егер есектің ақырғанын естісеңіздер, Аллаһқа шайтаннан сыйыныңыздар, өйткені ол (есек) шайтанды көрген болады». Осы жағдайларда «Аъузубиләһи минәш-шайтанир ражйм»-ді оқу керек.....
Дұғалар
Толық

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ересектер тобына перспективалық жоспары

Перспективалық жоспар
Ересектер тобы
Қыркүйек айы
Өтпелі тақырып «Балабақша»
Мақсаты: Бала бойында балабақшаға деген құрмет, достарына, ересектерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Жақын айналасын бағдарлай білуді үйрете отырып, бірлескен түрлі іс - әрекеттерге деген қызығушылықтарын дамыту.
Міндеттері:
-«Денсаулық» білім беру саласы: Балалардың дене сапаларын қалыптастыру арқылы қимыл - қозғалыстарын дамыту. Салауатты - өмір салтын ұстану туралы түсініктерін дамыту, өз денсаулығына құндылық ретінде қарауға, өзге адамдарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
- «Коммуникация» білім беру саласы: Балалардың белсенділік сөздік қорын дамытып, дыбыстар туралы түсінік беріп сауаттылыққа тәрбиелеу, әңгіме құрастырып байланыстырып сөйлеуге үйрету, достықты бағалауға, достаса білуге тәрбиелеп, театр өнеріне баулу. Орыс тілі, ағылшын тілінде сөздердің аудармасын түсініп, жауап беруге үйретіп, есте сақтау қабілеттерін дамыу. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Салт пен санамыз егіз болсын десек

Салт – дәстүр, әдет-ғұрып ұғымы тек қазаққа ғана емес барлық ұлтқа тән ұғым. Ежелден сол елдің нанымы мен танымы, сенімі мен ұғымы негізіндегі құрылым болып табылады. Қай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін таныта алады. Қазақтың қанына сіңген қасиеттері: бауырмалдығы мен ақжарқындығы, қонақжайлығы мен қамқорлығы дәстүрінен көрініс табады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда да кездеседі. Сонымен ұлттардың салт-дәстүріндегі мінездері мен қасиеттері бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады. Біздің елімізде салтты қатаң сақтау ерте кездерден бастау алған......
Шығармалар
Толық

Ғабиден Қожахмет | Қаракесектердің қалжыңы


Жазғы уақыт еді. Кешкі мезгіл. Қараңғылық енді түсе бастаған шақ. Апасы мен көкесі ауызғы бөлмеде шай ішіп отырған. Жандарында әлі мектепке бара қоймаған бұл отырды. Бір кезде ауызғы бөлменің желмен толқып, тербеліп тұрған жапқышын серпіп тастап үйге бір жұмаланған кемпірдің кіріп келгені. Кемпірдің басында өңіріне түсіріп тартып алған шашақты жаулық, үстінде жеңсіз камзол, камзолдың сыртынан белін қабаттай буынып алған, қолында талдан жонып жасалған ұзын ақ таяғы бар. Кемпірді көріп апасы мен көкесі құрақ ұшты:

- Кел! Кел, апа! Шайға кел! Жоғары шық!

Кемпір апасынан жоғары өтіп барып, көкесінен төмен отырды. Бұл келіп отырған көкесінің қарамағында байланыс бөлімінің механигі болып істейтін кісінің шешесі еді. Апасы кемпірге шай құйды. Кемпір салған жерден көкесіне қарап отырып, әңгімесін бастады.

- Қолғанат, маған пенсиямды бер! Маған ақша керегіп тұр! - деді. .....
Әңгімелер
Толық

Джек Лондон | Бір кесек ет

Том Кинг ақырғы нан кесегімен сұйық қамырдың ең соңғы түйірін іліп алды да, сонымен тәрелкені тап-таза етіп сүртіп, әлгіні ұзақ отырып әбден шайнады. Ол үстел басынан өзекті жалаған алапат аштық түйсігімен тұрған. Және тамақтанғанда жалғыз өзі ғана болатын. Екі кішкене ұл құрсақтарының бостығын ұйқы кезінде ұмыта тұрар деген үмітпен көрші бөлмеге ертерек жатуға жайғастырылған еді. Әйелі асқа жолаған жоқ, күйеуіне сонадайдан мұңдана қарап, үн-түнсіз отыр. Ажары тая қоймағанмен арық, жүдеу-жадаулау бұл әйел жұмысшының қызы. Қамыр тұздық даярлайтын ұнды көршілерінен қарызға алған. Соңғы жарты пенниі нан алуға жұмсалды.

Терезе түбінде қирағалы зорға тұрған орындыққа ауыр салмағымен сықырлата отырған Том Кинг езуіне үйреншікті дағдысымен трубкасын қыстырып, жан қалтасына қол салды. Одан темекінің жоқтығы есіне түскенде өз-өзін ұмытшақтығы үшін бір сыбап алып, түтікшесін былай ысырып қойды. Қимылы сылбыр, тіпті ебедейсіз еді - сырт қарағанда буылтық-буылтық бұлшық етінің салмағынан қорлық көріп жүрген кісіге де ұқсап кетеді. Бұл өзі өте сұсты, аса айбарлы адам болатын; түр-тұлғасын тым тартымды деуге келе қоймайды. Үстіндегі ескі киімі іле салған қапша салбырап тұрады. Тозған башмақтары да күпі өткен ауыр нәлмен тағаланған. Екі шиллингтік арзан жейдесінің жағасы да әбден оңған, ал оған сіңген кірді енді ешбір сабынның ала алмайтыны анық.

Том Кингтің кәсібін оның түрінен-ақ жазбай тануға болады - кескіні нағыз кәнігі боксшынікі. Шаршы алаңдағы ұзақ жылғы жұмысы бойына әлдебір айқасқа әзір тұратын жыртқыштың сақтығын дарытқан. Осынау түнеріңкі адамның жақтары барлық сықпыты мейлінше айқын көрінсін дегендей мұқият қырылған. Сиықсыз еріндері қалай болса солай орналасқандықтан аузы жатқан бір жара сияқтанады. Ауыр, шомбал иегі алдыға қарай шығып тұр. Домбыққан қабақ пен жүндес қастың .....
Әңгімелер
Толық