file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ер төстік ертегісі

Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді - келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді.
Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады:
- Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы......

Ертегілер
Толық