Қиял-ғажайып ертегі: Қаратай

Ерте заманда үш ағайынды жігіт болыпты: үлкенінің аты—Сарытай, ортаншысы—Торытай, ең кішісі—Қаратай.

Жігіттер аң аулаумен кәсіп етіпті. Әр күнде кішісі аңға шығып аң аулады, үлкен Сарытай үйде қалып аңшыларға ас даярлаушы еді.

Бір уақытта Сарытай үйде отырып ет пісіріп отырса, даладан бір зор дауыс естілді. Сарытай қорыққанынан жалма-жан орнынан тұра келіп, далаға шықты, далада ол не көрді? Сақалы қырық тұтам, бойы бармақтай, түсі суық адамды көріп қорыққанынан өле жаздады.

Құдайдың кем жасаған байғұсы Сарытайға қатты ақырды, һәм оған бұйырды: «Мені аттан түсіріп ал!»—деп. Сарытай есі шығып кетіп, қорыққанынан шалға жетіп келіп атынан түсіп, һәм үйге әкелді. Үйде ет ошақ үстінде тұр еді.

Ергежейлі шал Сарытайға: «ет бер»,—деп бұйырды. Байғұс Сарытай оның барша бұйырғанын орнына келтіре бастады. Қазаннан етті түсіріп алып, шақырмаған қонағының алдына қойды.....
Ертегілер
Толық