file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сақыпжамал

Бұрынғы заманда Нұғыман деген бір хан болыпты. Ол хан бірнеше қатын алса да бала көрмей, жарым жастан өткенде бір әйелі екіқабат болып, бір ұл, бір қыз тауыпты.
Хан үлкен той жасап, ұлының атын Бәкір, қызының атын Зере қойыпты. Хан балаларын өте жақсы көріп, балаларының еркіне көніп: «Немен ойнаймын десе қолдарынан тартпай өсіріңдер», – деп, әйелдеріне тапсырып қойыпты. Бәкір алты жастан жетіге шығарында, етегіне бір етек ділдә салып ойнап жүрсе, бір қайыршы кемпір кезігіп қалып: «Балам, құдай үшін қайыр», – десе, Бәкір етегіндегі бір етек ділдәні кемпірге сол күйінше төгіп бере салыпты.
Сонда кемпір: «Ой, балам, көп жаса құдай сені Сақыпжамалға қоссын!» – деп бата беріпті.......
Ертегілер
Толық