Қиял-ғажайып ертегі: Гүл мен Самырық

Бұрынғы өткен заманда Бұлнай дейтін елдің бір патшасы болыпты. Патшаның үш ұлы бар екен. Кәртейген шағында балаларына жол көрсетіп жер танытпақшы болады екен.

—Қарақтарым, менің өлер шағым болды, көзімнің тірісінде үш ұлым сендерді үш рет сапарға шығарып, жер танытайын деген ойым бар еді,—деп үлкен ұлының жанына қырық жігіт нөкер беріп, сыртқы хандықтардың ел жерін аралатуға қоя береді. Жол жүрер алдында хан үлкен ұлына:

—Осыдан бір айшылық жерде Шөлқұдық дейтін жер бар, бұған жолда қонушы болмаңдар. Одан арғы жолда өздеріңнің қалауларың білсін,—дейді.

Қырық жігіт нөкерін ертіп, қылаң атына, алтынмен аптаған, күміспен көмкерілген ер тоқымын салып үлкен ұлы Жүніс жолға шықты. Бір айшылық жол жүргеннен кейін тал түсте әкесі айтқан Шөлқұдыққа жетеді. Жүніс жолдастарына көнбей, әкесінің сөзін сыйламай, осы қалашыққа қонады. Қала халқы бұларды ыстық лебізмен қарсы алып, қаланың қазіргі жағдайымен таныстырады. Ол қаланың ханы Сана деген жас сұлу қыз екен. Ерге шығу үшін жер бетіндегі адамдардың бәріне жария шашады екен. Кімде-кім сауалына жауап берсе, соған тимекші болады, жауап бере алмаса оны өлтіреді екен.....
Ертегілер
Толық