ЕГЕР ЕРЕЖЕЛЕРДІ САҚТАСАҚ, БІЗ ӘРҚАШАН КЕРЕМЕТ КӨРІНЕТІМІЗ ХАҚ. КЕЙБІР ӘЙЕЛДЕР ҚУЛЫҒЫ МЕН КЕҢЕСТЕРІ БІЗДІ ДЕНІМІЗ САУ ӘРІ ТАМАША ЕТІП КӨРІНІУІМЗГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ.
• Тмин шөбін әрқашан тамағына қосып жейтіндерде, оларды инсульт ешқашан соқпайды. • Қарапайым сәбіз көз көруін жақсартады және шашқа өте пайдалы. • Сүзбе ерінді жұмсартады.
• Таңға асқа 150 г жержаңғақ немесе балық тілімі безеуден құтқарады.
• Қой сүтінен жасалынған сүзбе аяқты ретке келтіреді. • Банан қол терісінің құрғақтығына қарсы ем. • Бүкіл ағзаны жасарту үшін фенхельді алып, езіп, оған сол мөлшерде бал қосыңыз. Араластырып, таңертең ¼ шай қасық бір ай бойына қабылдаңыз. Көктемде өтк пайдалы.......
Адам баласы туылған сәтке дейін, таза ақ парақтай періште болып келеді. Өмірге келгенен кейін өмірдің түрлі кезеңдері мен қиындықтары адамды құлазуға жалғыздыққа итермелейді.Соның салдарынан жаман ойлар мен үмітсіздік ұялап жанын азаптап аздыруға және соңы түрлі қиындықтарға соқтырады. Ойыңызды жаман әдеттен арылтып жақсы ойлауға тырысу үшін, психологтың көмегіне құлақ салыңыз:
Әр күннің бастауын түн кезінде жоспарлап ертеңгі күнге қадам басыңыз. Таңды әдемі күлкіден бастаңыз. Күніңіз жақсы өтсін десеңіз бір жақсылық жасауға тырысыңыз. Адамдардың сізге жаман айтқан пікірін қабылдамауға тырысыңыз. Адамдармен сөйлесу барысында, жақсы пікір айтуға тырысыңыз. Ойыңыздағы жаман ойды арылту үшін де, спортпен айналысуға тырысыңыз. Ренжіген болсаңыз мән бермеңіз. ......
Баязит Бистами «Ғылымда бұндай биік дәрежеге қалай жеттің?» деп сұрағандарға: – Анамның дұғасымен, – деп, басынан өткен мына оқиғаны айтушы еді. «Бір күні анам қатты ауырды. Мен қасынан бір елі ажырамадым. Түнде анамның аяқ жағында отырған едім. Әлден уақытта: «Ботам, су берші?» – деді. Тұра жүгірдім, бірақ үйде су бітіп қалған екен, екі өкпемді қолыма алып ауыл сыртындағы бұлаққа бардым. Суды алып келсем, анамның көзі ілініп кетіпті. Қолыма мұздай суды ұстап, шешемнің оянуын күтіп отырдым.......
Сіздің жаныңызға жақын сүйіктіңіз бар делік. Қарым-қатынастарыңыз жақсы, алайда той туралы әлі сөз қозғаған емессіздер. Осындай өтпелі кезеңде істеуге тыйым салынған заттар бар. Солардан аулақ болыңыздар. Оған немесе оның отбасына қарызға ақша беру Қарым-қатынасты құртудың бірден-бір амалы - қарыз беру немесе алу. Әрине жігітіңіз ақшаны мейлінше тез қайтаруға тырысады, алайда оған мүмкіндігі бола алмай қалуы мүмкін. Араңызда түсініспеушілік орнап, ақша қайтарылмағанша жайсыздық сезінесіздер. ......
Нарықтық экономика кезінде кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық жұмыс істеу процесінде тұрақты түрде қарсы агенттермен, бюджетпен, салық мекемелерімен есеп айырысуды жүргізу қажеттілігі туады. Өндірілген тауарларды тиеп жіберу немесе кейбір қызмет көрсету арқылы, кәсіпорындар, әдетте, қолма-қол төлем ақша алмайды, яғни сатып алушыларды несиелейді. Сондықтан өнімдерді тиеп жіберген уақыттан, кәсіпорынға төлем қаражаты түскен уақытқа дейін кәсіпорын дебиторлық берешек түрінде әрекетсіздікте болады, оның деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнімнің түрімен, нарық сиымдылығымен, өндірілген өніммен нарықтың молықтырылу деңгейі, шарттың жағдайы, кәсіпорынның қолданатын есеп айырысу жүйесі және басқалар. Соңы фактор қаржы менеджеріне ерекше маңызды. Жеткізілген өнімдер үшін есептесудің негізгі түрлері қолма қол ақшаменен және ақшасыз төлем түрінде жүргізіледі. Түрақты экономикада ақшасыз төлем басым болады, яғни чек, вексельдер арқылы, ақшасыз есептесу және ағымдағы шоттарға аудару арқылы төлеу түрінде жүргізіледі. Түрақсыз экономика жағдайында алдын ала есеп айырысу түрі басыңқы болады. Қолма қол төлеу арқылы есептесу теңгемен, несиелік карточканың көмегімен орындалады. Айналым саласындағы қаражаттарды қысқартуды ынталандыру факторы айналым қаражаттарын толықтыруға керекті банкілік несие, ол айналым капиталын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік тудырады. Дебиторлық қарыз қаражаттары, кәсіпорынның айналымынан уақытша қаражатты аударуын көрсетеді, ол өз кезегінде, қосымша ресурстарға қажеттілікті қажет етіп және қаржы жағдайын қиындатып жіберуі мүмкін. Өнім өндіруші кәсіпорындардың дебиторлық қарызының едәуір бөлігін тиелген тауар қаражаттарды құрайды. Тиелген тауарлар қаражаты шарасыз пайда болады, өйткені, қоймадағы дайын өнімдер, шартта көрсетілген уақытта тұтынушыларға тиеліп жіберілуі тиіс: Бірақ тиеліп жіберген тауарлардың құрамында әртүрлі мағыналы қаражаттар болады. Олардың бір бөлігі тиеліп жіберген тауарлардың үлесіне тиісті, бірақ төлем уақыты жетпеген. Бұл жағымдығы тез өтетін құбылыс. Төлем мерзімі өткеннен кейін, кәсіпорынның төлембеген қаражаттары, тиеп жіберген тауарлар түріне айналады. Соңғысы, тұтынушының төлем қаражатының жоқ екендігін көрсетеді. Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. ....
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Қазір сала жаңа кезеңнің табалдырығында тұр, бұл кезең ашық экономика және тағам өнімдері саудасының әлемдік жүйесі жағдайында оның тиімді дамуын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл әсіресе алдағы кезде БСҰ-ға кіруге байланысты өзекті болып отыр. Біз үшін басты басты міндет – халықаралық саудадағы құқықтың кемсітушілігін болдырмау және азық-түлік қауіпсіздігі мен ел аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып, тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарығына нақты қол жетімділігі қамтасыз ету. Яғни , кластер жүйесін экономика секторының басымды жеті бағытына енгізу жоспарланған. Негізгі экономиканың басымды секторлары мұнай-газ, ауыл шаруашылығы (мақта кластері, күріш кластері, өсімдік май кластері), қара және түсті металлургия және т.б. салалар. Қазақстан табиғи ресурстарға бай ел болғандықтан, экономикаға кластер жүйесін енгізу тиімді болып табылады. Әсіресе кластер жүйесін ауыл шаруашылығы саласына енгізу мәселесі бүгінгі таңда Қазақстан экономикасының маңызды проблемаларының түйіні. Себебі, біртұтас әміршіл мемлекет ретінде КСРО – ның өмір сүруін тоқтатуы, бұрынғы республикалардың орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы осы елдердің тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету, жалпы агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығында әлеуметтік және саяси жаңартуларды жүзеге асыру қажеттілігі тұрғаны белгілі. Еліміз нарықтық экономикаға өткеннен соң артта қалған ауыл шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға көптеп көңіл бөле бастады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында Республика Үкіметінің алдына келесідей міндет қойы, яғни онда былай деген болатын: " Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді негіздеуіміз қажет. Соның бір мысалы, индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келу бола алады." Елімізде кластерді ең адымен астық, мақта өндірістерінде дамытуға болады, әрі мұндай тәсілді мал шаруашылығында да сапалы дайын өнім шығару мақсатында қолданып көру қажет. Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері - Оңтүстік Қазақстан облысында экономиканы кластерлеудің мүмкіндіктері мен экономикалық мақсаттылығын бұл аймақты экономикалық дамытудың болашақ бағыты болып, аймақтағы өндірістік кешендері зерттеу Осы мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай мәселелерді шешу қарстырылады: - экономикалық кластерлер маңыздылығы мен түсініктерін айқындау және олардың аймақтық экономикадығы орны мен сипаттамаларын анықтау; ....
Кіріспе Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – кластерлерді зерттеп, олардың мемлекетке тиімділігін ашып көрсету. Өйткені экономиканы дамытатын және елге қолайлы жағдайларды туғызатын осы жүйе болып табылады. Бұл шетелдік тәжірибеде дәлелденген. Сондай-ақ жүйе әлеуметтік және демографиялық салаларды да қамтиды. Мен курстық жұмысымды 3-үлкен тарауға бөлдім: І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы. ІІ – Тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі. ІІІ – Тарау. Қзақстан Экономикасын Кластерлер көтереді. Бұл тарауларда ең алдымен кластердің терминалогиясы, терминнің шығу тарихымен сипатталады. Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері.....
Кіріспе Менің курстық жұмысымның басты мақсаты – кластерлерді зерттеп, олардың мемлекетке тиімділігін ашып көрсету. Өйткені экономиканы дамытатын және елге қолайлы жағдайларды туғызатын осы жүйе болып табылады. Бұл шетелдік тәжірибеде дәлелденген. Сондай-ақ жүйе әлеуметтік және демографиялық салаларды да қамтиды. Мен курстық жұмысымды 3-үлкен тарауға бөлдім: І – Тарау. Кластер терминалогиясының даму тарихы. ІІ – Тарау. Шет елдердегі кластердің дамуы және өзгешелігі. ІІІ – Тарау. Қзақстан Экономикасын Кластерлер көтереді. Бұл тарауларда ең алдымен кластердің терминалогиясы, терминнің шығу тарихымен сипатталады. Қалыптасқан терминология бойынша кластер сөзі өнеркәсіп топтарды білдіреді, оның ошағы бір немесе бірнеше жетекші өндіріс болады. Мұның мысалы, мұнай мен газ өндіру, елдің көмір алаптарын игеру, түсті металдар өндіру және агро - өндіріс секторының өнеркәсіптері. «Кластер немесе өндіріс топтары – М.Потердің жазуынша – бұл географиялық көрші өзара байланысқан компаниялардың тобы.....
Кіріспе Лениндік ұлт саясатын жүзеге асыра отырып, орыс жұмысшы табы мен қазақ еңбекші шаруаларының одағын нығайтуда 20-жылдардың басындағы жер реформалары ерекше маңызды роль атқарды. Өлкеде жердің біршама көптігіне қарамастан патша өкіметінің жерді жаппай әрі жөн-жосықсыз тартып алуы маусымдық жайылымдардың аумағын күрт тарылтты, жер пайдалану шекаралары ауысты, малды жая жүріп көшетін және суға жететін жолдар жабылып қалды, көшпелі аудандарда қазақ еңбекшілерінің үлкен-үлкен топтарының пайдаланып отырған шүйгін жайылымдары, ал отырықшы аудандарда — арықтар мен каналдар жүйелері бар суармалы жерлері тартылып алынды. Жер мәселесіндегі отаршылдық саясаттың зардаптары патша өкіметінің Жетісу, Сібір және Орал қазақ әскерлеріне алып берген территорияларында ерекше ауыр болды. Жайылымдарды, шабындықтар мен егіс алқаптарын, қыстауларды пайдаланғаны үшін қазақ халқы көп аренда ақысын төледі, егін алқаптарында еңбек етіп, қазақ ұлықтарының малын бақты, астықтың недәуір белігін бөліп берді.....
КІРІСПЕ Елбасы Н.Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе. Президент Н.Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады. Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н.Ә.Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған. Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай – ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай – газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік – логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары. Кластер – өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі. Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер – жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз. Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер – экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек. “Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi. Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.....