Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдер

Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта,көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады.
Б. Момышұлы
Қанша уақыт өтсе де халық зердесінде мәңгі сақталатын күндер мен оқиғалар болады. Сондай күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы мен 9 мамыр Жеңіс күні.
ХХ ғасырдың аса маңызды, орасан зор тарихи мағынасы бар уақиғасы – 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістен бізді 70 жылдан астам уақыт бөліп тұр. Әлемнің мемлекеттері мен халықтары фашизмнің құлшылығынан миллиондаған адамдардың бейнеті мен құрбандылығы арқасында сақталып қалды. Олардың теңеуі жоқ ерліктерінің ұлылығы алдында біз бүгін басымызды иеміз.
Қазақстандық жауынгерлердің осы Жеңіске жету жолындағы үлесі орасан зор. Мыңдағандары өшпес даңққа бөленді, олардың есімдері тарих бетінде алтын әріппен жазылды. Сталинград түбінде жаумен шайқасқан, генерал Панфиловтың дивизиясы құрамында Москваны қорғаған қазақстандықтарды біз мақтан тұтамыз. Ұлы Отан соғысының даңқты шежіресіне алтын әріппен жазылған жауынгер жерлестеріміздің майдандағы ерлігін біз ерекше мақтанышпен бағалаймыз. Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан – ұрпаққа мәңгі өнеге. Ер басына күн туып, етегімен су кешкен, ат басына күн туып, ауыздықпен су ішкен ауыр сын кезінде біздің ондаған мың жерлестеріміз кеуделерін оққа тосты. Олардың көпшілігі қан майданнан оралмады, хабар – ошарсыз кетіп, кейінгі тағдырлары беймәлім күйде қалғандары да аз емес. Қанды қырғынның лаңы әрбір отбасын қамтыды. Соғыс қасіретінің әлі күнге дейін жазылмаған жарасы жүрегімізді сыздатады.......
Шығармалар
Толық

Жеңіс сыйлаған ардагерлерге тағзым етеміз

Адамзат тарихында қайғылы қара уақыттың біріне «Ұлы Отан соғысын да қосуға болатынына да ешбір күмән жоқ. Бауыржан Момышұлы ағамыз айтпақшы «Соғыс-өмір мен өлім арасындағы қыл көпір» атты сөзі бұл уақытқа сынды теңеу болатыны рас.Басталған күнінен аяқталған сәтіне дейін Ұлы Отан соғысының ауыртпалығы қанды майдандарда дүние салған жандармен-ақ өлшенер. Тарихтың қара беттеріне жазылғандай бұл оқиға барысы 1941 жылдың 22 маусымында таңның маужырап тұрған тыныштығын бұзған болатын. Ол неміс фашистерінің тарапынан бүкіл адамзатқа қасірет әкелген «Ұлы Отан» соғысының басталған күні болғандығы айғақ. Дүние жүзіне апат әкелген бұл соғыс 1418 күн мен түнге ұласты. Соғыс мәселесіне қарсы Қазақстанның барлық жерінде фашизмнің зұлымдығын айыптайтын жаппай халықтық митингілер өтті. Сол сияқты жаппай қарсы іс шаралардың бірі біздің Торғай облысы (Қазіргі Қостанай обл.), Аманкелді ауданында өтіп, Отан қорғауға аттануға көптеген азаматтар өз еркімен тілектерін білдірген болатын. Осы сұрапыл соғыста даңқты халық батыры Амангелді ауданының азаматтары ерліктің небір жанқиярлық үлгілерін көрсетті. Олар майдан далаларында жаулармен арыстанша айқасып, жолбарысша жұлқысты. Жан алып, жан беріскен сұрапыл соғыста ата-баба ерлігін одан әрі жалғастыра білді. Олардың көбі майдан далаларында шаһит болса, енді біразы елге мүгедек және біразы дін аман болып оралды. Отанға оралған соң бейбіт еңбекте ерліктерін кеңінен жалғастыра білді. Қай салада болмасын қызмет атқара жүріп, халықтың көңілінен шықты. Әрине, олардың бәрін түгендеп шығу мүмкін емес. Ең бастысы олардың қай-қайсысының болмасын есімдері еліміздің есінде болуы парыз болса, ерліктері ұрпаққа ұлы өнеге болатыны мақтаныш! Олардың ерекше ерлік көрсеткендері Батырбеков Тайжан және менің мақтан тұтар атам Наурызбаев Бөстекбай Абламбайұлы. «Ұлы Отан» соғысына қатысқан әрбір азамат батыр болғандықтан, туған жерін, өскен өңірін білуі меніңше әрбірімізге міндет......
Шығармалар
Толық

Шексіз алғыс ардагерлерге

Адамдар! Ақтық демдерің біткенше есте сақтаңдар!
Бақыттың қандай бағамен келгені естеріңде болсын!
Р.Рождественский.
1941 жылдың 22 маусымы тамаша күн болып еді. Соғыс басталды деген қорқынышты жаңалықты естіген кезде адамдар өздерінің күнделікті істерімен айналысып жүрген. Осыған дейін Еуропаны жаулап алған фашистік Германия сол күні біздің Отанымызға тап берді. Біздің жауды жеңе алатынымызға ешкім күманданған жоқ. Патриоттығымыз бен батырлығымыздың арқасында біздің халқымыз осы жаман уақытты басынан өткере алды. Өткен ғасырдың 1941-1945 жылдары аралығында еліміз миллиондаған адамдардан айырылды. Олар жеріміз бен билігіміз үшін аяусыз айқастарда құрбан болды. Болып жатқан жағдайларға осы адамдардың бір де бірі кінәлі емес болатын. Олар жай ғана өздерінің елін қорғады. Бұл әрқайсысы үшін қиын уақыт болды.
1942 жылдың күзі немістер қазіргі Санкт-Петербург қаласы – Ленинградқа дейін жетті. Қаланы қоршауға алу үш жылға жуық уақытқа созылды. Сол уақыттың ішінде адамдар суықты да, аштықты да, ашынуды да бастарынан кешірді. Тірі қалу үшін иттер мен мысықтарды жеді. Дегенмен, қала жауға қарсы төтеп бере алды, ұнжырғасы түске жоқ, ал адамдар қатал қанішерге айналған жоқ. Олар өз Отанына адал болуды жалғастыра берді. Әкемнің атасы, менің арғы атам өзінің алған жарақатының тарихын айтып берген. Бұл тарих біздің отбасымызда ұрпақтан ұрпаққа айтылып келеді.......
Шығармалар
Толық

Елі үшін еңбек еткен ерлер

Екінші дүниежүзілік соғыс біздің жерімізге алапат дауылдай келгені рас. Бұл дауыл біздің есімізде өшпестей болып із қалдырды.Соғыс – халықты, елді, жерді жайпайтын өте үлкен күш. Соғыс ешкімді де бей-жай қалдырмады. Әрине , ол кезді майданда болып,жерімізді қорғаған батырлар сезінбесе, бізге тіпті елестету де қиын. Бірақ , сол сәтті көз алдымызға бейнелей суреттесек, судай аққан қан, ана қорқынышы, жастай кеткен батырлар, шырылдаған сәби, елге деген ұлтжандылық бірден еске түседі.Осындай қиын қыстау сәттерде жауынгерлерге рух беріп, күш – қайратын жігерлендіріп отыратын өлеңдер көптеп кездеседі. Солардың біріЖамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңі. Өлең қазақ жауынгерлеріне үлкен күш-қуат беріп отырды. Жауынгерлеріміз осындай патриоттық тақырыпта жазылған өлеңдерді оқи отырып, рухани жағынан күш алғаны сөзсіз.
Майдан алаңында берілмей отан ұшін жанын аямаған ұл – қыздарымыз сол кездері өте көп болды. Қуаныштың бір үмітін көру үшін тек ұлдар ғана емес, қыздарымыз да ержүректілігімен, қайсарлығымен ерлерден кем түспей , соғыс майданында ерлік көрсете білді.Солардың бірі – Әлия Молдағұлова. Әлия апамыз майданда «дәлдеп атушы мерген» міндетін атқарған . Біз үшін батырдың майдандағы ерлігі ерекше орын алады. Оның шын есімі Лия Молдағұлова болыпты. Ал,Мәншүк Мәметова апамыздың шын есімі – Мәнсия. Бұлай болу себебі, Мәншүк апамыз кішкене кезінде орыс балабақшасына барған . Ондағы кішкене орыс балаларының тілі келмегендіктен, есімін өзгертіп, оны Мәншүк деп атап кеткен екен. Бұл батыр ұл-қыздарымыз соғыс болар шақта өлімнен қорықпаған. Сол батырларымыз қазіргі күнде аз ғана қалды. Ардагерлер бүгінде біздің негізгі байлығымыз......
Шығармалар
Толық

Отан үшін, жан берген ерлер!

Қазақ халқы ел басына күн туған қасіретті шақта Отанды қорғауға аттанды. «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай, Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын оыслай дәлелдей білді. Қазақ деген – батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар – асқар тауларына сүйенеді, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті.
Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қаншама ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Сол кездегі Кеңес Одағы халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Басынан аяғына дейін құрыштай қаруланған гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 –дей танкті, 50 мыңнан астам қару мен минометті шабуылға шығарды. ССРО жеріне басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны бес жарым миллион адамға жетті. Оған дейін 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренцов теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықтағы зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «тұтқиыл» шабуылмен талқандап,әлемдегі тұңғыш социалисті мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. Бірақ совет халқы міз бақпай, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды......
Шығармалар
Толық

Жауынгерлердің ерлігін мақтан тұтамыз

Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері біраз уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлауы керек еді, дегенмен де аталарымыздың қатары азайып, барларының өзі қартайып, уақыт өз әмірін жүргізуде.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Сол аталарымыздың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні.....
Шығармалар
Толық

Ерлерін еске алғанда кім егілмес

Иә, адам соңына қалдырған тарихына үңілмей, алдындағы өмірін болжай да алмас.Сондай үлкен, маңызы бар тарихи оқиға-Ұлы Отан соғысы. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия КСРО-ға опасыздықпен шабуыл жасады.Сол күні кеңес үкіметі халықты Отан қорғауға шақырды.Үкіметтің елге арналған үндеуі «Біздің ісіміз әділ. Жау талқандалады.Біз жеңіп шығамыз!» деген сөздермен аяқталды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды.Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін қанқұйлы соғыс жүріп жатты. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Адамзат жаралғалы атам қазақ аттан түскен емес.Біздің елде аттан түсіп қалу азамат ерге - сын, намысына - нұқсан. «Аттан» дегенде, ат жалын тартуға жараған алты жасар балаға шейін жауға тұра шапқан.Ордалы елдің Отан қорғаушы ерлері осындай болған қазақта. Қазақ деген - батыр халық.Ол еңкейгенге еңкейеді, шалқайғанға шалқаяды.Шірене қалса, асқар-асқар тауларына сүйенеді, еңкейе қалса, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді.Осындай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттерімен сынға түсті.Осы жолда қанша ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңізші.Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Осындай ұлы халықтың ұлдары мен қыздары Брест қамалынан бастап, Берлинге дейін барды.Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батырлық жасап, ерліктер көрсетті.Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарынан жеңіс туын көтеріп өтті.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірдебір үлкен шайқас болмады.Сол сұрапыл соғыс жылдары бүкіл әлем 50-млннан астам адамынан айырылды.Оның ішінде Қазақстаннан 1млн.800 мың адам майданға аттанып, соның жартысы елге, өз отбасына қайтып оралған жоқ.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді......
Шығармалар
Толық

Сіздерге алғысымз шексіз, ардагерлер!

Ешкім де,ешнәрсе де ұмытпақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Соғыс атты суық сөздің сызды ызғары жұректерге жүк түсірген ауыр оқиға. Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Қарғыс атқыр соғыстың кесірінен мезгілсіз кеткен жақын жандарға деген талмаусыраған аянышты сезім бар көңілде. Әрқайсысының сүре алмай кеткен өмірлері, көре алмай кеткен қызықтары, армандары бәрі де алыстап кеткен. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе кинода бізге атабабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.Ұлы Отан соғысы жайында,халқымыздың жауды жеңген ерлігі туралы әлі де талай-талай ұрпақтар аңыз етіп айтатын болар.Бұл қасіретті сұм соғысты ұмыту мүлдем мүмкін емес.Бірақ сол қасіретті күндердегі болған жайғдайлардың барлығы да қаз-қалпында, жүректегі соғыс салған жараның орны сияқты үңірейіп әлі тұр. Ұлы Отан соғысының жеңісіне бүгінде жетпіс бір жыл толуда.Иә,адам баласының тарихына белес болып енген тарихи жеңіс оңайға түскен жоқ.Расында да мұның бәрін ұмыту мүмкін емес......
Шығармалар
Толық

Ардагерлер-естелігі соғыстың

Ұмыт болған , ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім.
Ұрпақ үшін тозбайтұғын ,бітпейтін,
Ардагерлер-естелігі соғыстың
Соғыс атты суық сөздің аты өшіп, бейбіт өмір кешіп отырғанымызға 71 жыл толады. Ел басына күн туып, етігімен қан кешкен сол бір сұрапыл жылдарда мыңдаған қазақстандық майданға кеудесін от пен оққа төсеп, отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады. Қаншама боздақ азаттық үшін жандарын пида етті. Өмір мен өлім белдескен алапат айқаста халқымыздың Отанға қажымас қайраты мен жарасты ынтымағының арқасында Ұлы Жеңіс келді. Осыдан 71 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғыс, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын. Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқтадық!......
Шығармалар
Толық

Ардагерлердің ерлігі көңілден кетпес

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздерінде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
М. Әміреұлы
Соғыс жаңғырығы жылдан - жылға алыстап барады. Ол туралы кинолардан, деректі фильмдерден көреміз. Әйтсе де өткенге көз жүгіртпей, болашаққа бағдар жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс -Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы Ұлы Отан соғысы болды. Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанып, Отан- Анасын қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келді. Соғыс салған қасірет әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кетті. Ұлы Отан соғысы тарихы туралы қаншама шығарма жазылып, қаншама кино түсіріліп жатса да, оның тарихына еш уақытта нүкте қою мүмкін емес.
Үстімде сұр шинелім,
Ақсаңдай басып келемін,
Ұмытса да достарым,
Ұмытар ма мені елім, – деп ақын ата Қасым Аманжолов жырлағандай, елі үшін қасық қаны қалғанша арпалысқан ер мінезді ерлердің ерлігін халқымыз ұмытпақ емес, ұмытпайды да. .......
Шығармалар
Толық