Талай кезең бір басыңнан өткіздің, Ұрпағыңды өсірдіңіз, жеткіздің. Әкеміздің аманатын арқалап, Куәсісің артта қалған көп күздің. Қашанда құптаймыз.....
Сценарий тақырыбы: Ауған оқиғасы Сценарий мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету Сценарий көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер, слайдтар Сценарий түрі: кіріктірілген – интеллектуалды тәрбие іс – шарасы (сыр - сұхбат, түсіндіру, сайыс )
1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды."Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.
1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни.....
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны....
Армысыздар, ардақты азаматтар, Отбасының тірегі, елді бастар. Құтты болып мереке баршаңызға Бақ-береке әкелсін отбасыңа! Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамырОтан қорғаушылар күнімерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан....
Құрметті Қазақстандықтар! 9 мамыр жеңіс күніне арналған балаларға өлең тақпақтарды ұсынамыз! Балабақшаға, мектептегі бастауышқа арнап жазылды. 9 мамыр жеңіс күні құтты болсын!
Ойлап-ойлап тұрдым көп, Сауал бердім білгім кеп: - Қуанышты мереке - Жеңіс күні қай күн? - деп.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі – Шығыс Қазақстан облысының тарихи көрнекі жерлерін дамытудының алғышарттары мен кездесетін проблемалары. Ал зерттеу пәні – қазіргі кездегі тарихи көрнекі жерлердің жағдайы. Жұмыстың негізгі мақсаттары. 1. Аймақтағы туристік потенциалды дамуына қажетті Шығыс Қазақстан климатын, табиғаты мен мәдени және тарихи ерекшелерін атап көрсету. 2. Шығыс Қазақстан тарихи көрнекі жерлерге жалпы сипаттама беру. 3. Шығыс Қазақстан тарихи жерлеріне туристік маршрут ұйымдастырудағы туристік фирмаға сипаттама беру. 4. Жалпы туризмді дамыту барысында кездесетін проблемалар мен перспективаларды анықтау, «Туризмді дамыту және Мәдени мұра бағдарламасына талдау ». Диплом жұмысының келесі зерттеу әдістері қолданылады: - тарихи талдау; - туристік фирмалар қызметін салыстыру; - статистикалық зерттеу ; Бұл диплом жұмысында тарихтық материалдар, әдеби мұралар, газет-журнал мақалалары, заң актілері қолданылады. Диплом жұмысының зерттеу нәтижесі өлкеде тарихи көрнекі жерлерді дамытудың мол мүмкіндігі бар екенін көрсетеді. Ол үшін бірнеше іс шараларды дәл қазір қолға алған жөн. Олар: - тарихи көрнекі жерлерді зерттеу; - « Тарихи көрнекі жерлерді қорғау » заңын қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындау; - оларды мемлекеттік бақылауды ұстап, қорғау; - қалпына келтіру шараларына мол қаражат бөлу; - өлкедегі туристік инфроқұрылымды дамыту; - отындық туристік фирмалардың ішкі туристік өнімді жарнамалау қызметін арттыру; - тарихи жерлерге ұйымдастырылатын туристік маршруттар санын ұлғайту;
Егер отандық іс-шаралар уақытында жүргізілсе, тарихымызды танитын және басқаға танытатын кезде келіп жетті. Тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін халқымыздың көне тарихқа деген қызығушылығы арта түсті. Осымен қатар төл тарихымызды тереңнен тартып түгендеуге бүгінгі күні мемлекет тарапынан барлық мүмкіндік жасалып отыр. Мүмкіндік жасалып қана қоя салған жоқ, көне тарихымыздың қайталанбас мұраларын жинап, халқымыздың рухани қазынасын байытуға белсене бел шешіп кірісті. Иә, біздің тарих – шаңы қалыңдап кеткен тарих. Ғасырлар қойнауынан инемен құдық қазғандай қиындықты бастан кешіп, жоқ іздеп, шым – шымдап шыңыраудан тамшы аулағандай, көз майын тауысып зерделеп зерттеп, өз тарихына шөлдеп отырған оқырманға ұсыну бүгінгі ғалымдардың мойындағы борышы. Неге бұлай киелі, неге азапты деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені, тарихымыз біздің ұлттық изеалогиямыздың бір алтын арқауы. Ал біздің ұлттық идеалогиямыз – тарихымыз, дініміз, тіліміз, діліміз, ғасырлар сынынан өтіп, уақыт пен болмыс қалыптастырған ұлттық дәстүріміз. Бүгінгі тарихшылар, зерттеушілер – ұлттық идеалогияны қалыптастырушылар. Сондықтан да, тарих жүгі ауыр да азапты, жауапты да ұжданды, қасиетті де киелі [1]. Қазақстан - туған жеріміз, ал туған жеріміз – тұнып тұрған байлық. Оған дәлел, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. Мысалы: Дүние жүзіндегі «Алтын адам» аса құнды қазынаға тек Египет Фараоны Тутанхаманның қызғылт алтын табыты мен маскасы ғана теңесе алар немесе 4000 жылдыққа жуық тарихы бар таңбалы ескерткіші ЮНЕСКО- ның қол асындағы көне галерея, сондай –ақ «Екінші Мекке» атанған Қожа Ахмет Иассауи мавзалейі туристердің Қазақстан жеріне деген қызығушылықтарын туғызады. ....
Әрбір халықтың тарихы бар. Тарихта адамзат тағдыры мен тылсын дүниеміздің бастауын аламыз. «Қазақ» атты ұлы халқымыздың орта ғасырдағы мәдениетін бізге жеткізген де сарқылмас деректер. Орта ғасырдағы Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, т.б. өмірі мен өнерін осы жұмыста ашып айтылған. Сан ғасырлар бойы сақталып, асыл қазына болып қалған ол ұлы ұлы ғұламалар бізге болашаққа бағыт-бағдар беретін сөзсіз. Сол заманмен бүгінді байланыстыратын – тарих.....
Кім болмасын әдемілікті жақсы көреді. Әсіресе, сұлулық сыйлау жолында қызмет етіп жүрген, осы жолды өмірлік ұстанымы етіп алған жандардың орны айрықша. Сондай жандардың бірі – негізі 1947 жылы қаланған, отандық сән әлемінің бастау бұлағында тұрған «Сымбат» сән академиясының арт–директоры Балнұр АСАНОВА. Ол Мәскеуде, Дубаида және Вашингтонда өткен Сән апталықтарына үнемі қатысып келеді. Сонымен қатар Б. Асанова – «Wһіte and black», «Cһіcco’s» және «Vіctorіa secrets» сауда белгілерімен танымал американдық «Mast Іndustrіes» компаниясының ресми дизайнері болып қызмет істеді. «Cһіcco’s by Balnur Assanova» белгісімен киімдерді АҚШ пен бүкіл әлемнің 500 өкілдігінде кездестіруге болады. Қазақстандық сән өнерінің әлемдегі орны қаншалықты? Осы сауалға жауап іздеп, Балнұр Асанованы әңгімеге тарттық. – Қазақстандағы қазіргі сән өнері туралы пікіріңіз? – Қазақстанда сән өнері жоқ деген пікірмен келіспеймін. Сән өнері сонау ерте кезден–ақ жолға қойылған. Ата–бабаларымыздың киген әрбір киімдерінің өзі қайталанбас үлгілерге жатады. Олардың тігуге пайдаланған барқыт, шибар¬қыт сияқты маталарының өзі қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие. Мысалы, Парижге барғанымда осыған көзім жетті. Атақты франциялық дизайнерлер өз еңбектеріне дәл осы барқытты кеңінен қолданып жүр. Сол сияқты велюр де бізден қалған десем артық болмас. Керек десеңіз қазіргі таңда сәнге айналған киім үлгісі, яғни пішу түрлері де қазақтың ұлттық киімінен қалған. Мәселен, еуропалықтар үшін енді ғана сәнге айналған киімдері, бұрынғы қазақтың камзолының үлгісі сияқты. Сондай–ақ, киізден тігілген сырт киімдер де шетелдерде үлкен сұранысқа ие. Бұның барлығы қазақтың қолөнерінен шыққан дүниелер. Сондықтан, Еуропа емес, Қазақстандық сән өнері әлемді аузына қарата алады. – Биылғы жылы Нью–Йоркте LACOSTE, DKNY, Y–3, MІSS SІXTY, CAROLІNA ҺERRERA, JІLL STUART, BETSY JOҺNSON, DІESEL, ANNA SUІ, CALVІN KLEІN, RALPҺ LAUREN, DONNA KARAN, TOMMY ҺІLFІGER сияқты әлемдік брэндтермен бірге коллекцияларыңызды ұсынбақшы едіңіздер? – Иә, қыркүйектің 5–12–сі аралығында Нью–Йоркте Сән апталығы – ІMG Fasһіon Week (Mercedes Benz Fasһіon week New York) ашылды. Онда АҚШ пен бүкіл әлемнің талантты дизайнерлері «Көктем–жаз–2009» жаңа маусымына арналған киім үлгілерін ұсынды. ....
Балабақша тәрбиешісіне жүктелер міндет көп. Солардың бірі жас ерекшеліктеріне байланысты балалармен ойын өлеңдерді бірге жатқа айтып, бірлесе ойнай білу, көркем әдебиет үлгілерімен таныстыратын сабақтарда бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытатын ойлы өлендерді бой сергіту сәттерінде орынды қолдана алу. Бұл міндеттерді жүзеге асыруда тәрбиешінің өзі казақ халқында, өзге халықтарда болсын, көркем сөзбен келетін кандай ойыңдар бар екенін, әсіресе, өз елінің мұрасында, тіпті ақындардың жаңа туындыларында қай шығармасын ойында пайдалануға болатыңдығын жақсы білу шарт. «Қазақ балалар әдебиеті кітапханасы» сериясымен шығарылған «Асыл сөз» жинағына пікір жазған белгілі балалар ақыны Бүркіт ЬІсқақов ойын өлеңдерге «Жасырынбақ», «Куырмаш», «Айгөлек», «Ақтүш», «Ак серек, көк серек» деп аталатын өлеңдерін жатқызады да, олардың балаларды қимыл-әрекетке баулып, денелерін ширата түсуге арналғандығын айтады. «Бөбектің буыны бекіді, бұғанасы қатты, бұрынғыдай қаз-қаз басып, тәй-тәй жүретін уақыттан өтті. Еңді белін бекем ұстап, екі аяғын тең басып, зыр жүгіретін болды. Ол өмірді танып, өзін қоршаған ортаны білуі қажег. Демек, оның бойымен бірге ойы да өсуге тиіс. Міне, ата-ана осыны ескеріп, ойын өлендермен бірге түрліше ойлы өлеңдер де ойлап шығарған. Солардың бірі — «Санамақтар». Ойын өлеңдер мен ойлы өлеңдерді өзара ажырата талдап, балаларға ұсынылатын барлық шығармаларда ойын элементтері ұшырасатының жақсы түсіндіріп, зерттеулер жазып келе жатқан белгілі ғалым Ш.Ыбыраевтың сыныптамасында балаларға арналған поэзиялық туындылар былайша жіктеледі: а) Санамақтар (считалки); ө) Бесік жыры (колыбелъная); б) Төрттүлік жыры (про животных); в) Ойын өлеңдер; г)Өтірік өлеңдер; ғ) Тақпақтар; д) Қаламақтар (жеребьевки); ж) Арнау-тілек (заплички); з) Мазақтама (дразнилки). Бұлайша жіктеудін негізінде өлеңдердің түр-сипаты, мазмұны алын-ғаңдығын ескерткен балалар әдебиетінің сыншысы: «Қаламақ», «Санамақ» тақпақтары жекелеген қызметтерді, ойын жүргізушіні тағайыңдау үшін айтылса, «Соқыртеке», «Үй артыңда қол ағаш», «Кім ұшты?» ойын процесінде тұтастық тауып, әр түрлі кимыл-қозғалыстармен бірлікте, ырғақта айтылады. Олардың танымдык, тілдік маңызы зор» Екі жастан он үш жасқа дейінгі бала негізінен кимыл, ойын баласы. «Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек. Күңдей нұрлы шағымда, Күнге жетем өрмелеп!» — деп келетін елең шумағын қай жастағы бала дөңгелене айтсаң, жарасымды. Тәрбиешілер арасыңда «бой сергіту өлеңдері» деген термин бар да, «тақпақ» тек қана сабақта жаттатылатын өлеңдер деген түсінік қалыптасқан. ....