Тоқсаба мен тоғыз жасар бала

Аққойлы би Тоқсаба деген кісі жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан жас балаға жолығып:

– Балам, бұл қозы кімдікі? – депті.

– Ата, қозы қойдікі,– депті бала.

– Әкеңнің аты жоқ па еді? – депті Тоқсаба.

– Әкемнің қара, торы, құла аты да бар, – депті бала.......
Ертегілер
Толық

Жеті шаян

Бұрынғы заманда Нұрым деген байдың Асан, Үсен деген ер жеткен екі ер баласы болыпты. Үшіншісі туғанда атын Әнуарбек қойыпты.

Әнуарбек алты айлық болғанда әкесі, жылға жете бергенде шешесі өліп, емшектегі күнінде жетім қалыпты.

Есепсіз мал-мүлік Асан, Үсеннің еркіне тиіп бұл екеуі де шарап ішіп, құмар ойнап, барды ысырап қылып, шашып-төгіп, екі жылдың ішінде барлық мал-мүліктен бүтіндей айрылып қалыпты. Киіп жүрген киімдерінен басқа сатуға түк таба алмай, бірнеше күн аштық көріп, еріксіз біреуге малай болыпты.

Лажсыздан малайлық істейтін болған соң екеуі өзара ақылдасып:

— Біз бұл күнді, өз басымызға өзіміз іздеп таптық. Бүтін елге белгілі Нұрым ......
Ертегілер
Толық

Қойшы Ғайыпберген

Ертеде Алдаберген деген шал болыпты. Шал баласыз болып, әулиеден әулие қоймай қыдырып, етегін шеңгел сыдырып, өлдім-талдым дегенде бір перзент көрген екен. Баланың атын Ғайыпберген қойыпты. Ғайыпберген он екі жасқа келгенде әке шешесі өліп, жетім қалыпты.

Ғайыпберген жастай Алдоңғар деген байдың малын бағып, күн көреді. Азып-тозып, басы таз болып, жүдеп-жадап кетеді.

Ғайыпберген жиырма бес жасқа келгенде, бай ойланып, жасынан еңбегі сіңіп еді деп, балаға бір жетім қызды алып береді. Қойдың шетіне қос тігіп, оларды бөлек шығарады. Ғайыпбергеннің қосағы өте сұлу болған екен.......
Ертегілер
Толық

Ақылды әйел

Бұрынғы өткен заманда Қожанай деген бай болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен, өзі қылжақбас, мылжың екен. Бай осы баласы туғанда бір молданы әкеліп атын қойдырыпты. Молдасы құрғыр жақсырақ ат таппаған ба, яки бай орамалды жақсы бермесіне көзі жеткен бе, әйтеуір баланың атын Тесікбай дей салыпты. Тесікбай ер жетіпті, өсіпті. Айтқанды ұқпайтын ақпа құлақ болыпты. Ел аузына қақпақ қойған бар ма: «Баласының басы тесік болғандықтан, миы да ағып түсіп қалған-ау», – дейтін болыпты.

Қожанай мұны естіп намыстанады, осының басын түзейтін ақылды келін іздеп табуды ойлайды.......
Ертегілер
Толық

Айлалы тазша

Өткен заманда бір тазша болыпты. Оның сұлу әйелі болыпты Заманындағы ханның баласы сол әйеліне ғашық болып жүреді екен. Хан баласы бір түнде келіп, тазшаның әйелін оятыпты.

Сонда әйелі тазшаға:

— Ханның баласы менің мазамды алды, – дейді.

Тазша айтыпты:

— Олай болса, мен бір жаққа жолаушылап кетейін де түнде қайтып келіп, аңдиын. Егер хан баласы келе қойса, оны ұстап алып өлтірейін! – дейді.......
Ертегілер
Толық

Қыдыр бақ және ақыл

Бұрынғы заманда қыдыр, бақ, ақыл үшеуі кездесіп қалып, ерегісе кетеді. Үшеуі ерегесіп отырып әрқайсысы өз күшін көрсетпекші болады.

Қыдыр, бақ пен ақылды ертіп алып, бір жер айдап жатқан жынды адамға барып дариды. Сонда жындының айдаған жерінен төңкерілген кесектердің бәрі алтын болып кетіпті. Жынды біраздан кейін шөлдепті. Анадай жерде бір топ керуен түсіп жатыр екен, солардан су ішіп келуге барады. Барарда: «Керуеннің иті қауып алар», – деп, қолына бір кесек алтын ала барыпты. Керуеншілерге барып, су сұрапты. Керуеншілер су беріпті. Суды ішіп алып, анадай жерде өзіне қарап үріп жатқан итке қолындағы бір кесегін атып жіберіпті.......
Ертегілер
Толық

Екі жетім

Бұрынғы заманда бір бай болған екен, ол байдың бәйбішесі және тоқалы болыпты. Бәйбішесінің бір қызы, тоқалының бір ұлы, бір қызы болыпты. Күндерде бір күн тоқалы ауырып өледі. Бәйбіше тоқалдан туған қыз бен ұлға түк тамақ, киім бермей, өнебойы қиын жұмыс істетіп жүреді екен. Бір күні бәйбіше әлгі бала мен қызға ұрсып-ұрсып:

— Қой бағып келіңдер! – деп, аштан аш далаға айдап жіберіпті. Бала мен қыз жылай-жылай қой соңында жүріпті. Баланың жылағанын қойлардың арасынан бір қошқар естіп, қыз бен баланың қасына жүгіріп келіп:

— Неге жылап отырсыңдар? – депті. Бала мен қыз бастарынан өткен қиыншылықтардың......
Ертегілер
Толық

Ермек

Ертеде бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек деген екен.

Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз сиыры болыпты. Ермек шешесін калдырып өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде бір қалаға келіп жетеді. Сонда жүріп әлдеқалай базарға шыға қалса, бір шал бір сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда»,– депті. Ермек келе жатып:

— Бұл сандыққа не сұрайсың? – депті. Шал:

— Сандығыма мың ділда сұраймын, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Момынбай мен жеті қарақшы

Ертеде өз еңбегімен дәулет құрған Момынбай деген кісі болған екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қарып-қасер, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол елде сонымен қатар дүниені құртқан, ұрлық-қарлық, зұлымдықпен аты шығып, жеті қарақшы атанған бір жеті қу болған екен. Күндерде бір күн бұл қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі: «Момынбай өз малын баққаннан басқа ешбір кәсіп қылмайды, сонда да оның дәулеті күннен-күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та дәулетіміз еш артпайды. Қой, не қылсақ та амалдап осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық», – деседі. Осылай уәде байласып жөні келсе алдап, жөні келмесе ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың азды-көпті дәулетін құртып, жоқ қылады.......
Ертегілер
Толық

Ғылманның өнері

Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әртүрлі дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен. Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып:

— Бұл Ғылман өте ақылды және өнері де көп адам екен. Осыны уәзір етсек қайтеді? – дейді. Уәзір патшадан бұл сөзді есіткен соң: «Ғылман уәзір болса, бізді орнымыздан түсірер», – деген ойға келеді де:

— Ей, патшам! Бұл Ғылманнан мен қорқамын, өйткені басқа адамдар істей алмаған нәрселерді бұл істей алады. Сондықтан бір күні сізді де, бізді де өлтіріп, өзі патша болып алар деп қорқамын, – дейді.......
Ертегілер
Толық