Қанай мен Жанай

Бұрынғы заманда бір байдың екі ұлы, екі қызы болған екен. Үлкен баласының аты Жанай, кіші баласының аты Қанай екен. Үлкен қызының аты Апан, кіші қызының аты Ұпан екен. Сөз салып, құда түсем деушілерден қарындастарын қызғанған екі ағасы Апан мен Ұпанды елден жасырып, елсіз бір тауда сақтайды.

Күндерден күн өтті. Бір күні екі ағасы аңға кетті. Екі қыз бір көлге келіп, бастарын жуып отырып сырласты: «Осы екі ағамыз бізді өздері алайын деп жүр ме, кісіге бермейді»,– десті......
Ертегілер
Толық

Майлықараша

Ертеде бір бай болған екен. Ол байдың үш баласы болған екен, үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ, ең кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп, жолға шығады. Сонда Майлықараша:

— Ей, ағалар, мен де бір барайын, – деді.

Ағалары:

— Жарайды, жүрсең жүр, – деді.

Үшеуі әке-шешесімен қоштасып, жолға шықты. Жолда келе жатып бір үлкен тасқа келді. Сол тастың түбіне түнеді. Үшеуі жатарда Майлықараша:

— Ағалар, мені орталарыңа жатқызыңдар, – деді. Екі ағасы орталарына алып жатады.......
Ертегілер
Толық

Бақыт құсы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен.

Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде басынан күн, аяғынан ай туып, қасында екі қозы қошқар соғысып жатыр екен. Қазанқап «екі қошқарды айырайын, әйтпесе сүзісе-сүзісе бастары жарылар да бай маған ұрысар» деген оймен айғайлап тұра жүгіремін дегенде, өз даусынан өзі шошып оянып кетеді. Оянса, түн әлі қараңғы. Қозылар қотанда тып-тыныш жатыр. Ол аң-таң болып біраз отырды да ертеңіне байдың баласы......
Ертегілер
Толық

Пеш көсесі

Бұрынғы заманда бір кедей адам өмір сүрген екен дейді. Мал дегеннен ешбір малы болмай, үйінде тек сары мысығы болған екен. Кедейдің жалғыз ұл баласы болған екен дейді.
Кедейдің баласының бір мінезі: далаға шықпай, пеш түбінде сары мысығы екеуі отырады екен дейді.
Күндерде бір күн баланың әкесі, шешесі дүниеден өтіпті. Баланың жасы да он бес-он алтыға келіп қалыпты. Оны көршілер пештің түбінен шықпаған соң «Пеш көсесі» деп атайды. Бала пештің түбінен шықпапты, бірақ сары мысығы өте пысық әрі күшті болып, баланы асырапты. Демек, түрлі аңдарды ұстап әкеліп тұрыпты.......
Ертегілер
Толық

Құламойын Құлеке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.......
Ертегілер
Толық

Баласын жоғалтқан Күнше

Ертеде Күнше дейтін бір жесір әйел болыпты. Ол күндердің бір күні өзінің құрым лашығынан жалғыз баласын ұрлатып алып, зар илепті. Күншенің мұндай күйге ұшырағанын көрген ел-жұрты қатты налыпты. «Бейшараға қалай жәрдемдесеміз?» – деп өзара кеңеседі.
Арада төрт жыл өтеді. Қанша іздегенмен бала табылмады. «Толыбай деген сыншы бар, соған барып арыз айт», – деп, ауыл адамдары Күншеге ақыл айтты.......
Ертегілер
Толық

Махмуд пен Жолдас

Бұрынғы уақытта Қырым қаласында Арзы деген атақты саудагер болыпты. Өзі сауда жасағанымен, қарауындағы жұмсайтын адамдар мен кедейлерге қайырымды болыпты. Соның үшін оны халық жақсы көріп, Арзы мырза деп атаған екен. Соның малын алып, жұмсап байыған адамдар Арзымен санаспай, оған қарсы байлық салыстырып, қарсы болғандар көп болыпты.
Себебі Арзының жалғыз баласы әлі жас екен. Осыны пайдаланып, Арзының саудасын жасап жүрген сатушылар үш жыл бойына Арзыға зияннан басқа пайда бермепті. Арзының өзі керуен тартып, сауда жасауға үйіндегі арғы-бергісін басқаратын адамы болмапты.......
Ертегілер
Толық

Ақбай

Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты.
Сөйтіп жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті. Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп, салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.......
Ертегілер
Толық

Әбдірахман патша

Бұрынғы заманда Әбдірахман деген патша болыпты, оның үш баласы болған екен. Үлкенінің аты - Ахмет, ортаншысы – Сахмет, кенжесі – Жебірейіл екен. Әбдірахман балалары ержеткенше, ешқайсысына қыз айттырмапты. Жиырма үшке толған үлкен баласы Ахмет әкесіне келіп: «Маған қыз айттыратын уақыт жетті емес пе, әке!» – депті. Әбдірахман патша мұнысын мақұл көріп: «Балам, айтқаның болсын, әуелі үйге барып, қолыңа жүген ал, жылқыға барып, қалағаныңды ұста, ер-тұрманыңды сайла, қару-жарағыңды ал, алты айлық азығыңды ал да маған кел, барар жол, қылар ісіңді кейін айтамын», – дейді......
Ертегілер
Толық

Хан Шалқан

Баяғы бір өткен заманда елге қатал Шалқан деген хан болыпты. Ол бір күні ерігіп отырып, іші пысқаннан кейін, жанына тазысын ертіп, сауыт-сайманын киіп, боз жорға атқа мініп, серуен құрып, саяхатқа шықты. Жолда келе жатып, бір дөңнің астынан жұмыртқадай аппақ, әдемі бір жалғыз үйді көреді. Бұрын бұл жерде ешқандай қоныс орналаспаған, мидай жазық, жапан далада жалғыз үйдің тұруы өте бір керемет нәрсе екен.......
Ертегілер
Толық