Сабақтың тақырыбы: 9 - мамыр Жеңіс күні. 8.05.2019 ж
Сабақтың мақсаты: 1941-1945 жылғы Ұлы отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер; мультимедиялық аппарат, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т.б.
Кәсіпорын жүйе ретінде өзара байланысты және өзара келісілген басқарылатын және басқарушы бөліктердең тұрады.Осы жүйе тармақтары арасында және олардың ішінде қатынастар пайда болады. Менеджменттің міндеті – бұл қатынастарды басқарудың функциясын белгілеу және солардың негізінде басқарудың заңдылықтарын ескертіп, басқарушы жүйенің құрылымын жасап шығару. Басқарудың функциясы мен құрылымы – басқарудың мазмұны мен пішіні. Функция / латынның – “атқару, қызмет ” деген сөзі / қызмет сияқты анықталады, ал басқаруға сәйкес бұл басқару бойынша қызмет болады.Бұдан шығатыны, басқару жүйесінің жұмыс істеуі – басқару функциясын атқару процесі.Шынында, басқарылатын жүйеге кез келген әсер ету белгілі бір, осы жүйелерге ортақ басқару процесінің пішінінде, ал нақты айтсақ басқарудың функцияларында жүзеге асуы мүмкін.Басқару әрекетінің мәнін түсіну үшін оған тән белгілерді білу қажет. Басқаруда әр түрлі функцияны бөлу мен оларды талдау өндірісті басқару проблемасын ғылыми талдаудың ыңғайын табуда негізгі кезең болды.Алғаш рет басқарудың функционалды талдаудың Ф.У. Тейлор мен А. Файоль жүргізді. Басқарудың функционалды тәсілінің басты белгісі – басқару функцияларының жиынтығы ретінде түсіндіріледі.Басқарудың функциясы басқарудың өз мәнін көрсететін басқару қызметінің бөлігі болып табылады. ....
Талдықорған қаласы 1944 жылы құрылған. 2000 жылдан бастап Алматы облысының орталығы болып саналады.Талдықорған қаласы Қазақстанның оңтүстік-шығысында, облыстық орталық тұсында, Жетісу Алатауының батысында, Қаратал өзенінің жағалауында орнасқан. Қаланың жер аумағы 8233га. Тұрғын халқының жалпы саны 118,3 мың адам (2003ж), 1869 Талдықроған қыстауының орнына Гавриловка селосы бой көтерді. 1922 жылы Қапал уезінің орталығы болып, қайтадан Талдықорған аталады. 1932-1944жылдары аудан орталығы, 1944-1959 жылы Алматы облысынан бөлінген Талдықорған облысының орталығы. 1968жылы Жетісу өлкесінің өндіргіш күштеоін одан әрі дамыту мақсатымен қайта құрылған Талдықорған облысының орталығына айналды. 1997 жылы облыс тағы тарқатылып, Алматы облысына қосылды. 2000 жылы 14 сәуірде облыс орталығы Алматыдан Талдықорған қаласына көшірілді. Қаланың климаты континенттік.Қаңтар айының жылдық ортақ температурасы-11-13 С, шілдеде—22-24 С.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері—350-400мм.Оның басым бөлігі наурыз-мамыр және қараша-желтоқсан айларында түседі. Жел негізінен солтүстік-шығыс, солтүстік-батыстан соғады. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының соңғы онкүндігінде түсіп, наурыздың екінші онкүндігінде ери бастайды.Талдықорған бұта аралас сұлыбас, бетеге, боз, эфемерлі-бозжусанды шөлейт белдемде жатыр. Қала аумағында шөмішгүл, қарағай, сиягүл, жаңғақ сабынкөгі, қызғалдақ, долана, шырғанақ, шұғынық гүл, кәдімгі өрік, қызыл мия, шырмауық, қарасора, алабота, жусан т.б. шөптесіндер өседі. Қалалық әкәмшілік аумаққа қарасты елді мекендер:Еркін, Заречный, Өтенай, Заря, Еңбек, Пригородное 3-ші және 5-бөлімше және экономика-технологиялық колледжінің оқу-тәжірибе шаруашылығы. Қаладағы тұрғын халықтың 51%-ке жуығы қазақтар, сондай-ақ, орыстар (36%), кәрістер(4,4%), татарлар(2,2%), украиндар(1,4%), т.б. ұлт өкілдері бар.Халықтың орналысу тығыздығы 1км –ге шаққанда 1155 адам. Қалада 1570 жұмыс істейтін ауыл шаруашылық, өнеркәсіпорыны мен ұжымдар тіркелген, олардың арасында серіктес шаруашылықтар саны—10585, 72 АҚ, 82 өндірістік кооператив бар. Өнеркәсіп бағытындағы ірі кәсіпорындарға «Қайнар», «Темір», «Қазақаккумулятор», «Темірбетон», «Ажар», «Нан», «Өрнек», «Аққу», «Сайман», «Қаласүтзауыты», «Мирас», т.б. акционерлік қоғам жатады. Ауыл шаруашылық бағытында 95, құрылыста 96 акционерлік қоғам бар. Қалада әр түрлі салаларға маманданған «Гамма» АҚ , «Механикаландырылған жұмыстар» ЖАҚ, «Құрылысшы» ӨЖ, «Шымыр» ЖАҚ, «Ақ сұққар-ай» ЖАҚ, «Талдықорған электр желілері құрылысы» АҚ, «Ақжол» ЖАҚ, «Қалалықжол құрылысы» ЖАҚ, т.б. жұмыс істейді. ....
Темперамент - 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызық-тырған мәселелердщ бірі. Оған деген қызьнушылыктың төркіні - адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның кайталан-бастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологаялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметпк ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамньщ биологиялық сипатынан көрінеді Адамдар арасындағы көптеген психика-лық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, түрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бэрі осы темпера-мент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қыр-лары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарас-тардың көптігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындай-гыны: темперамент - жеке адамның әлеуметгік тұлға ретінде қалыптасуыньщ биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Тем-яерамент кобіне адамға тума берілген әрекет-қылығының үдайы қозғалыстағы сипатын бейнелейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда түрактанған, өзгеріске келе бермейді Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераментгің әрқилы қасиеттері бір-бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізіяде түрлі темпераментгің бежілі қүрылымын түзедг Сонымен, темперамент - адамның психикалык. әрекеті-нің накты динамикасын айкындайтын психиканың дара касиет-теріяің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске туспей, езара байланыста темперамент кейпін өрнектейді Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондық-тан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс әрекетге оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орны-мен пайдаланудың жолдарын табуға бағытгалғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналык бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан тем-перамент типтері деп атаған. Темпераменттердің бүл бірігімдік (типологиялық) жүйесі өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағ-дайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның бола-шақ әрекет-қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады. ....
Еш уақытта бір адам екінші адамға ұқсамайтыны белгілі, әйтеуір бір өзгешелігімен ажыратылып тұрады. Себебі, генетикалық, әлеуметтік және интеллектуалдық негіздерінің қоспасы ғана әрбір жеке тұлғаның толық бейнесін жасап береді. Сондықтан кез-келген азамат өз психикалық қасиеттерінің, оның ішінде темпераментінің жақсы жақтарын дамытып, ал әлсіз жақтарын жұмсартуға, яғни басқа адамдармен қарым қатынасында барынша «көркем» көрінуі ғанибет емес пе?! Осының өзі осы тақырыпта игерудің өзектілігін көрсетіп отыр деуіміз орынды. Темпераменттердің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайьш оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның одан алатын әсері де мол болады. Осыған орай темпераменттердің өзгеріске түсетін ерекшеліктері буркемеленеді. Дамудың жоғары деңгейінде темпераменттерді анықтаудың қиынға соғатынының тағы бір себебін бұлардың мінез сапаларымен араласып, қарым-қатынастың жаңа формаларының ішіне еніп кететіндігінен деп ұғыну қажет. Сондықтан да біз кейде темперамент көріністерін - мінез бітімі деп, керісінше, мінез бітімдерін - темперамент ерекшеліктері деп шатастырамыз. Жүргізілген зерттеулер жүйке қызметімен темпераменттің типтері өте ерте көріне бастайтындығын аңғартқан. Мәселен Е.П.Ересь үшінші сынып оқушыларының темпераменттерін зерттегенде (9-10 жастағылар), бұлардың арасынан темперамент айқын ажыратылған барлық типтерін тапқан. Бұл жөнінде И.В. Страхов зерттеулерінде де айтылады. Зерттеу объектісі болған 39 оқушының 33-інде темпераменттің анық түрлері кездескен де, бұлардың алтауы - аралық темпераментке жатқызылған. Сангвиниктердің таза типтері - 9 адам, холериктер - 10, флегматиктер - 9, меланхоликтер - 6 адам болған....
Темперамент (латын тілінен аударғанда- “қоспа, сәйкестілік” ) деп, әдетте, адамның психикасының сипатын оның байсалдылық және қозғалтқыштық деңгейін анықтайтын туа біткен ерекшеліктерін атайды. Темперамент жеке тұлғаға тән ең тұрақты маңызды ерекшеліктерден құралады. Ол адамның жүріс-тұрысынан, оның өзіне және қоршаған әлемге деген қатынасынан білінеді. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Темпераменттің негізгі 4 типін бөліп қараймыз: 1. Сангвиник- ширақ, көпшіл, сыртқы қоздырғышқа тез жауап береді. Бұл күшті тип, ол өзін-өзі жақсы ұстай алады, байсалды келеді. 2. Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Олар тік мінезді 3. Флегматик- селқос, көп қозғалмайтын, сабырлы, ұстамды. Олар бос сөлегенді ұнатпайды, тұйық. Ұзақ және бір қалыпты жұмыс жасай алады, күтеде алады. 4. Меланхолик- селқос, біртоға. Бұл әлсіз тип, оған өзіне-өзі сенімсіздікпен жасықтық тән. Меланхолик ренжігіш, күмәншіл болып келеді.
Мінез деп- әдетте, адамның айқын көрінетін бір екі белгісін айтады. Мінез- адамның жеке психикалық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл қасиеттер оның жүріс тұрысымен іс әрәкетінен көрінеді. Мінез адамға қайталанбас ерекшелік береді, жеке тұлғаның маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Адамның мінезін ерік ерекшеліктері, сонымен бірге эмоционалдық, темпераменттік және интеллектуалдық ерекшеліктерін айқн көрінеді. Мінез белгілері- тұлғаның тұрақты қасиеттері болғанмен, өзгеруіде мүмкін. Мінез- бұл жеке тұлғаның жүріс-тұрысынан, оның іс-әрекетінен, табиғатқа, достарына, ата-аналарына, қоғамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін тұрақты және айқын белгілерінің үлесі. Мінез- әлеуметтік жағдайдың, білім алудың және тәрбиенің әсерінен біртін деп қалыптасады. Ес- адамның интеллектуалдық қабілетінің негізі. Сенің тұлғалық қасиеттерің есті жаттықтырып, дамуына, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыруыңа байланысты. Тарихтағы көптеген кеменгер адамдар өздерінің есте сақтау қабілетімен таң қалдырған. Біреулері бейнелерді, екіншілері- сөздерді, сандарды немесе түстерді немесе көңіл күйді және т.б. есте сақтай алумен ерекшелінеді. ....
Біздің студенттер жыл сайын 14 ақпанда Елбасы Н.Ә.Назар¬баевтың “Болашақ” бағдарлама¬сы¬мен Ұлыбританияның Кар¬дифф университетінде білім алып, тәкаппар Англияны білімімен, ағылшын тілін шебер білгендігімен таңқалдырған, 2005 жылы әуе апа¬тынан қаза болған магистранттар – Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлей¬манованы еске алу күнін ұйым¬дас¬тырып келеді. Болат ізденуші ре¬тінде ғылыми жұмыс¬тар¬¬мен ай¬на¬лысып, кандидаттық диссертация¬сын қорғауға дайында¬лып жүрген еді. Айнұр Лондонда тележүр¬гізу¬шілер конкурсында жеңіп шығып, “Би-би-си” телеар¬на¬сының эфи¬рі¬не шығуға жан-жақты дайындық үстінде болған. Болаттың арманы Ақтауда Ұлы¬британияның мұнай ас¬танасы – Абердине қаласын¬да¬ғыдай халық¬ара¬лық порт салуға өз үлесін қосу, Ай-нұрдың арманы Астанада ағылшын тілінде мектеп ашып, ауыл бала¬ла¬рын оқыту еді... Біз Болаттың Кеңес Одағының Ба¬тыры Ағәділ Сухан¬баевтың ұрпағы, Айнұрдың Әлия Молдағұлованың жиені екендігінен хабардармыз. Үстіміздегі жылдан бастап, кол¬лед¬ж¬де Болат Кәрентаев пен Айнұр Сүлейманова атындағы екі атаулы стипендия тағайын¬далып, беріле бастады. “Нұр Отан” ХДП-ның “Жас Отан” жастар қанатының бірінші съе¬зінде күш-жігері тасыған жас¬тардың бас қосып, ұлы істерге ұмтылыс танытуын – аға ұрпақтың игі істерінің жалғасы деп білеміз. Ал осы съезге облысымыздағы 14 делегаттың бірі болып колледж оқытушысы, “Жасыл ел” аймақтық бағдарламасының аудан бойынша төрағасы М.Жарқынбековтің баруы атамыз атындағы колледждің мәртебесі мен мерейін тағы бір көтеріп тастағандай. Студенттерді мемлекеттік қыз¬мет¬ке жас кезінен бейімдеу үшін әр топта старосталар емес, топ әкімдері сайланып отырады. ....
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпарттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады. Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда: 1) технологиялық, энергетикалық, көліктік, тұрмыстық-өндірістік процестер; 2) Күрделі агрегаттарды, кемелерді, ғарыш кемелерін, өндірістік құрылыстар мен кешендерді жобалау; 3) Цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару; 4) Ғылыми-зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау сапасын жақсарту, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеулердің барлығы автоматтандырылады. Жалпы автоматтандыру - адамды материалдар, ақпараттарды жеткізу, өңдеу, сақтау, пайдалану процестерінен босату мүмкіндігіне ие. Автоматтандырудын арқасында адамдар үлкен фирмалардағы тауарларды, мекемелердегі құжаттарды, банкідегі есептеулерді, темір-жол жүйесін басқаруды, студенттердің мәліметін, сессия қортындыларын және т.б. жүйелерді басқара алады. Автоматтандырудың мақсаты - еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстардан адамды босату. Автоматтандыру – ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты. Автоматтандырудың екінші бір пайдасы: уақытты үнемдейді және де басқаруды жеңілдетеді. Үлкен кешенді орындарды қолмен басқарудан гөрі оны автоматтандырған әлде қайда жеңіл. Автоматтандыру дәрежесі – автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы. ....
Бүгінгі студент болашақ - ертеңгі маман. Техникалық жоғарғы оқу орнының білім беру үрдісінің болашағын жоспарлау- ло эканомикалық, әлуметтік, саяси, рухани жұмыстардың қоғамдағы дамуына байланысты шешілетін мәселе. Болжаудың ең басты мақсаты: ғылыми тұрғыдан болашақты көре білу. Соған байланысты студенттерді тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың негізінде басқарудың педагогикалық шарттарын орындау керек. Болашақты ғылыми негізде болжаудың бірнеше шарттары бар: олар мыналарға жіктеледі: 1) басқару негізінде; 2) қайта құру бағытында; 3) теориялық; 4) әдісманалық негізінде; 5) жүйелі турде өзгерілуі; 6) дұрыс қарым - қатынас орнату негізінде, т.б Басқарудағы болжау жасау жалпы ортаға байланысты. Басқарудағы болжам жасау орта мен сол мекеме басшысының ой өрісіне, сезімталдығына әкеліп тіреледі. Техникалық институтта оқыту үрдісін басқарудың мазмұны мұғалімнің құндылықтың, танымдық, шығармашылық және рухани дамуын қамтиды педагогикалық қатынастың дамуын өзгертеді, жаңа әдістемелерді қолдану арқылы студенттердің белсенділігін ұйымдастыру арқылы шешідеді. Білім беру студент қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оны басқарудың мазмұны студенттің ой өрісінің дамуы, өз өмірінің нысаны болу үшін жағдай туғызуға негізделеді. Басқару қызметінің негізгі бағыттары мыналар: құрметтеу, сенім, студент пен оқушының өзара жақсы қарым-қатынасы, білім беру үрдісіне қатысушыларды табысқа жерелейтін жағдайлар туғызу, басқару, бақылау жұмысының біртұтас жалпы жүйесі, оның жеке бөліктері үшін үйлесілімдік пен студенттің ынталылығын қамтамасыз ету, өзара қарым-қатынаста түрлі шешімдер қабылдау және т.б. Педагог ғалымдардың енбектеріиде В. Сластелин, М. Галагузова, Н. Шуркова, т.б. мұғалімнің психологиялық дайындығы, теориялық білімді меңгеру, жалпы мәдениеттілік деңгейі, студентпен жұмыс ісреуге мұғалімнің жаңа технологияны игеру, өзінің жауапкершілігі, коммунативтік қабілеті, эстетикалық талғамы, т.б. педагогикалық ділгірліктер талданады. Мұғалімнің жұмысқа дайындығын төмендегіше формуламен анықтауға болады; Г- мұғалімнің жұмысқа дайындылығы; Л-психологиялық дайындығы; Т- теориялық дайындылығы; Д- технологияны меңгеру бағытында. Педагогикалық әдебиеттерді талдау және өзат тәжірбиелермен танысу мынандай жағдайларды аңғартады. Техникалық институттағы білім берудің мониторингісі кешенді - жүйелік тұрғыдан үлгілеумен тығыс байланысты болады. ....