Шымкент қаласы

ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше....
Шығармалар
Толық

Ордабасы

Ордабасы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданындағы таулы өңір. Ордабасы тауының қойнауында 1726 жылы Орда тігіліп, қазақтың үш жүзінің игі жақсыларының басы қосылып, жоңғар басқыншылығына қарсы күреске халықты жұмылдыру жайы ақылдасылады. «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз сол заманнан қалған.

Сол жолы біртұтас Қазақ әскері құрылып, Бас қолбасшы сайланды. Батырлығы, әдіс-айласы, соғыс тәсіліне жетіктігімен танылған кіші жүз ханы Әбілқайыр үш жүздің біріккен Қазақ жасағына Бас қолбасшы болды.
Шығармалар
Толық