Ән де адам секілді өз тағдырымен туады, өмірде өз орнын табады. Әр адамның өз ғұмыры сияқты әннің де өз тарихы бар. Ән – көңілдің ажары, адам жанының тәрбиешісі. Әннің адам сезімін әлдилеп,асқақтар құдіретін тек жүрегімен сезінер адам ғана бағалайды. Халықтың елдігін танытып,даланың жырын жырлаған әннің ұранға айналуы тарихта талай кездескені шындық.Ел басына қиындық туып, «ақтабан шұбырынды,алқакөл сұламаның» сұмдығын көрген ел «Елім-айлап» толғанып,тебіренеді. «Елім-ай» әні екі ғасыр елжандылық пен азаматтықтың ұранына айналды. Міне, нағыз өмір, өміршең өлең тек тарих пен бірге жасайды.......
Жұмыр жердегі әрбір тәуелсіз елдің қастерлеп, құрметтейтін, мақтан етіп, асқақтата ұстайтын рәміздері бар.Мұндай рәміздер тек бертін ғана пайда болған жоқ, адамзат баласының ертедегі дүние тарихында да әр тайпа, әр ұлыстың өз таңбасының, белгісінің болғанын археологиялық қазбалардан жақсы білеміз. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа рухтағы рәміздерін қалыптастыруға, дайындап жасауға шын мәнісінде әр қазақстандық үн қостық десек, асыра айтқандық болмайды. Мемлекеттік тудың үздік жобасына бәйге барысында 600-ге тарта ұсыныс жасалынған. Солардың ішінде суретші Шәкен Ниязбековтың жобасы лайық деп танылды.......
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын айқындайтын айшықты белгілер. Бұл мақалада рәміздердің рухани-танымдық қызметінің пайда болуы, қалыптасуы және оның құрылымының тарихи ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған. Сондықтан автор қазақ қоғамының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен білу деңгейі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрақ-жауаптар негінде әлеуметтік бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында отансүйгіштік сезімді оятуға бағытталған рәміздердің ғылыми тұрғыда зерделенуі мен ағарту-насихаттау жұмысын жетілдіру қажет деп санайды.......
Елдің ішкі тұтастығын сақтау үшін белгілі бір ережелер керек. Осы мақсатта Қазақ елі егемендігін алғаннан бастап, ішкі тәртіпті реттеуге тырысты. Конституциямыз қысқа мерзімде әзірленіп, халық талқылауынан өткен соң қабылданды.
Ата Заңымыз – тарихи жеңістің, халқымыздың арман-мүддесін заң жүзінде айқындаған, бүкіл әлемге Қазақстан деген азат елдің бар екендігін паш еткен беделді құжат. Конституциямызда тәуелсіз еліміздің даму бағыты, басқару жүйесі, билік тармақтары жария етілген. Қазақ халқының заң жүйесі сонау XVI ғасырдағы «Қасым ханның қасқа жолынан» бастау алады. Одан кейінгі «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сынды дала заңдарының негізінде құқықтың мемлекет құру идеясы Қазақ даласында жүзеге аса бастады.
Конституция әрбір Қазақстан азаматының заңда белгіленген мүмкіндіктерін қамтамасыз етуші. Кез келген азамат Конституциялық құқығын пайдалана отырып, заң шеңберінде әрекет ете алады. Конституция – еліміздің негізгі Заңы. Мемлекетіміздің ішкі, сыртқы саясатының негізгі бағыттарын көрсетуші. Республикамызда енгізілгелі жатқан кез келген заң Конституцияға сүйене отырып жасалынады. Ата заңымыз қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш, толерантты халық екендігінің көрінісі. Ұлтына, нәсіліне, дініне қарамай, азаматтарының құқығы ардақ тұтылған еліміз татулықтың өрнегі. Конституциямызда еліміздің демократиялық мемлекет екендігі көрсетілген. Демек, Конституциямен өмір сүру – демократияның ең жоғарғы сатысында болуды көрсетеді. Ата Заңымыз – халық таңдауы болғандықтан оны әрдайым құрметтеуіміз керек. Адам өмірі мен бостандығы ең жоғары құндылық деп бағаланған Конституциямыздың қоғам өмірінде алатын орны ерекше. Адам өмірінің басты құндылық екендігінің дәлелі Конституциямыздың 9-бөлімінің екеуі адамның бостандығы мен азаматтардың құқығына арналған.
«Біздің міндетіміз – Конституцияға ерекше құрмет білдіру» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап өткендей еліміздің тарихын қалай құрметтесек, Ата заңымызды солай қадір тұтуымыз қажет. Конституцияға құрмет көрсетіп, оның баптарын мүлтіксіз орындамайынша, қоғамдағы келісім мен тәртіпті сақтау мүмкін емес. Демек, Отанымыздың болашағының жарқын болуы тәртіпке бағынуымызда. Батыр бабамыз айтқандай: Тәртіпсіз ел болмайды, Тәртіпке бағынған құл болмайды.
Қорытындылай келе, Ата Заң – біздің күнделікті жүріс-тұрысымызды реттейтін, қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін ең маңызды құжат. Елдің дамуына үлес қосқысы келетін азамат сол құжатқа мойынсұнып оны құрметтемейінше, елдің дамуын ойлау мүмкін емес. Әрбір азамат оны қадірлеп- қастерлеуге, ардақ тұтуға міндетті.
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп, температураның жоғарлауына әкеліп соғады. Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді. .....
Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… Жүсіпбек Аймауытов.
Тіл — адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт — тілі болуы. Ұлттың тілі......
Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты. Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл шығармашылық.......