«Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген», - деп ақиық ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай сан соқтырған 70жыл бойы Кеңес үкіметінің қол астында болып, байлығы мен базарын иемденіп , болашағы мен бақытын болжай алмаған қазақ деген қарапайым халық едік. Желтоқсанның желбіреген желі есіп, қазаққа «қазақ» екенін танытқан жылдарда ел есін жиып, етегін жинап, бесігін түзеді. Қазақ елінде тәуелсіздікті тәу етіп, болашаққа жөн сілтеп, тізгінінен тарта ұстаған дана да дана жан алға суырылып шықты.......
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты Айын сәуле таратты Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз. - Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін! Елбасымыз аман болсын, Еліміз тыныш болсын! - Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады? - Ту, Әнұран, Елтаңба. - Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық. - Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме? - Иә, өте жақсы көреміз. - Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?.....
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты Айын сәуле таратты Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз. - Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін! Елбасымыз аман болсын, Еліміз тыныш болсын! - Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады? - Ту, Әнұран, Елтаңба. - Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық. - Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме? - Иә, өте жақсы көреміз. - Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер? .....
«Ер- ел тірегі» деген қанатты сөздер бар. Айтса, айтқандай-ау!.. Бейбіт күнде дүйім халықтың ішер ас, киер киімін қамдау сияқты материалдық сұраныстарынан бастап, олардың тамырын тереңге тартар рухани қажеттіліктерін де орнына келтіре білген, ал қиын-қыстау замандарда түтеген борандардың өтіне шығып, еліне ықтасын бола білген қаншама ардақты ата-бабаларымыздың есімдері тарихта қалды десеңізші. Сөйтсек, тұтас әлемге тұтқа болған сол бір пәруана жандар ең әуелі өз Отанының мызғымас тірегіне айнала білген екен ғой. Ақтығында біздің батырларымыздың көзінің тірісінде, қайта құру дәуірінің бізге берген бақыты- Азаттық, Еркіндік, Егемендік тұсында тағы да сол халық ортасынан тағы бір азамат шығарды. Ол-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ......
1940 жылдың 6 шілдесінде қарапайым қазақ отбасында, бір перзентке зар болып, әулие - әмбиені аралап, құдайдан бала сұраған Әбіш пен Әлжанның шаңырағын шаттыққа толтырған періште сәби бүгінде еңселі елді басқарып, Ұлы адам боларын кім білген? Ауыртпалығы мен қиыншылығы мол сұм соғыспен тұспа – тұс келген балалық шақтың да қызығы аз болғаны белгілі. Тумысында ерекше жаратылған ұлы тұлғаның болмысы бөлек. Ерекше зейіні мен қабілеті, көрегендігі мен еңбекқорлығы – тамырын тереңге жайған бәйтеректей қазақ елін барша әлемге мойындатты. Елбасы халық арасынан шықты. Себебі ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі және қазір де солай. Және де ол кісі қазақ жерінде туған ең дара азаматтарының бірі де бірегейі. Қазақ халқы: «Әкеден — ақыл, анадан — мейір» демей ме. Елбасының жақсы азамат болып қалыптасуына ата – анасының қосқан үлесі шексіз.......
Қазақстан тәуелсіздігі – бұл ғасырлардан аса тарихы бар қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жеткен жетістігі мен асқан асуы.
Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.
Үстіміздегі тәуелсіздік алуымызға себепші болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 29жыл, Тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл толады. Бұл жылдар тарих үшін қамшының сабындай қысқа уақыт болғанымен, қазақ елінің мемлекет болып қалыптасуына, оның дауына жол ашқан сәтті мерзім болып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлем елдері арасында өзіндік даму үрдісімен орын ала білді. Сонымен қатар өз ерекшеліктерімен қоса батылдығымен, табандылығымен әлемге атын шығарды. Бұл жолда елбасымыздың еңбегі өлшеусіз – қажырлы жұмыстың, саналы саясаттың арқасында Қазақстанның экономикалық, әлуметтік салалардағы реформалары, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық бірлікті сақтаудағы істері, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүзеге асырылып жатқан шараларын бүгінде әлем елдері мойындап отыр. Бұл дегеніміз тәуелсіздігіміздің арқасында жеткен ең үлкен жетістігіміздің бірі болып саналады.
Қазақстан мемлекетінің бүгінгі таңда ел экономикасына барынша көңіл бөліп отырғаны баршамызға аян. ТМД елдері ішінде бірінші болып экономикалық реформаларды жүзеге асырды, «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стртегиялық бағдарламасы әзірленіп, осы негізде сан түрлі экономикалық бағдарламалар туындады. Елбасының таңдауы дамудың дұрыс та сара жолы екендігін, бүгінгі таңда таразы уақыт дәлелдеп беріп отыр. Осы тиімді бағдарламалардың бағыттары бойынша қазіргі таңда көптеген жұмыстар жүргізіліп, соның ішінде агро өнеркәсібі де жақсы жұмыстардың ықпалымен қарқынды даму барысында.
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табыстардың қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз болғанымыздың арқасында Қазақстан сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды және танида береді. Дүниенің бір бұрышында Қазақ деген халықтың бар екенін және үлкен істер тындыра алатынын барша әлемге танытқан біздің ата-бабаларымыздың және елі үшін жандарын қиған батырларымыздың арқасында әлемдік деңгейде көк байрағымыз желбіреп тұр.
1991 жыл 16 желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсіздік Туы желбіреді. Содан бері 25 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар ішінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттардағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Осы саясаттардың арқасында қаншама дағдарыстардан аман-есен шығып жатырмыз. Қазірде елімізде тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биіктеп, егемендігіміздің іргетасы нығая түссін. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен тәуелсіздікпен келген халық тілеуі мәнгілік болып, Гимніміз әуеде асқақтап, Елтаңбамыздың еңсесі биік болып, Туымыз көкте шарықтай берсін демекпін.Осы тұста айта кететін жайт еліміздің тағы бір үлкен жетістігі болашақта жоспарланып отырған ЕХРО-2017 көрмесін ойдағыдай өткізсек, еліміз үшін теңдесі жоқ жетістіктердің бірі болары анық.
Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандармен тәжірибе алмасуға, яғни білім саласына қатты көңіл бөліп, жастардың сапалы білім алуға жағдай жасалуда. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Сондықтан Тәуелсіздігімізді мәнгілікке сақтап, Еліміздің Туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық! .....