Егемен Қазақстан: өткенге көз тастау және бүгінгі күн.

Өр Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елінің талай күрделі тарихи кезеңдерді басынан кешкені баршамызға белгілі. Темірдей төзімді, рухы биік халық жоңғарлардың қалың қолының шабуылына төтеп берген. Қалың елмен бірігіп, бір жеңнен қол шығара білген қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбайлар азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңсе, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастаған. Қазақ жерін отарлап, бірте-бірте өз мақсатын орындап келе жатқан орыс патшалығы мен қарны жуан билерге қарсы шыға білген нағыз ерлік көрсеткен «Тебінгі теріс тағынып, темір қазық жастанған» да өр рухты, қайратты қазақ батырлары.......
Шығармалар
Толық

Егеменді елім

Мектепалды даярлық тобы
Егеменді елім менің
Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер!
Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер!
Бүгініг ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.

Жүргізуші:
Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды.
Ел халқының елбасына айналып
Шықтың қайта төр басына сайланып
Тәуекел деп абройға сүйенген
Қазағыма жетер дейсің қай халық
Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін
Ардақтаған адал достар сүйсінсін
Тұғырына қайта қонды елбасым
Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Егеменді елімді мақтан тұтамын

Егемендік... Тәуелсіз ел... Қазақстан Республикасы... Иә, бұл сөздер елін сүйетін шын патриоттар үшін қашан да болмасын ыстық естілетіні анық.
Дербес мемлекет болып, көк туымызды желбіреткенімізге аз ғана уақыт болса да уақыт өткен сайын ел өркениеті мен экономикасы жоғарғы деңгейге өрлеп, қарқынды дамуда.
Өткен күнді парақтасақ, азаттық алу үшін басымыздан нелер өтпеді десеңізші?! Халқымыздың тәуелсіздікке дейін көрмеген азабы мен тартпаған зардабы қалмады.......
Шығармалар
Толық

Мемлекеттік рәміздер - еліміздің егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – еліміздің егемендігін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын айқындайтын айшықты белгілер. Бұл мақалада рәміздердің рухани-танымдық қызметінің пайда болуы, қалыптасуы және оның құрылымының тарихи ерекшеліктеріне талдау жасауға арналған. Сондықтан автор қазақ қоғамының мемлекеттік рәміздерді құрметтеу мен білу деңгейі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрақ-жауаптар негінде әлеуметтік бірегейлікті сақтау үшін жастар арасында отансүйгіштік сезімді оятуға бағытталған рәміздердің ғылыми тұрғыда зерделенуі мен ағарту-насихаттау жұмысын жетілдіру қажет деп санайды.......
Шығармалар
Толық

Саясаттану | Қазақстан егемендігінің жариялануы және Түркия республикасымен қарым-қатынастардың басталуы, дамуы, Ясави

Кіріспе
Мұстафа Кемал Ата Түрік Түркия Республикасының 10 жылдығында сөйлеген мына керемет сөздері Түркия мен Түркістан, арасындағы ежелгі байланыстардың ең шынайы көрінісі болып табылады.
«Бүгін Кеңестер Одағымен доспыз, көршіміз. Бұл достық бізге керек. Бірақ ертеңі не болатынын ешкім де кесіп айта алмайды. Тура Осман империясы сияқты немесе Австрия-Венгрия сияқты бөлшектенуі де мүмкін. Бүгін қолында қыспаққа ұстап отырған халықтар уысынан шығуы мүмкін. Дүние жүзі жаңа бір деңгейге жетуі мүмкін.Міне, со кезде Түркия не істеуі керектігін білуі тиіс... біздің бұл досымыздың басқаруында тілі бір, сенімі бір, тегі бір бауырларымыз бар. Олпрға қолдау көрсетуге дайын емес. Дайындалу керек. Халықтар бұған қалай дайыцндалады? Рухани көпірлерін нығайту арқылы. Тіл-көпірі, сенім көпір негізімізді оралуымыз керек және оқиғалар бөлген тарихымыз ішінде бірігуіміз керек. Олардың бізге жақын жақындасуын күте алмаймыз. Біз оларға жақындасуымыз керек» деген....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Қазақ тілі-егемен Қазақстанның мемлекеттік тілі

Кіріспе.
Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке еге¬мен ел болғалы он бес жылды еңсеріп қал¬дық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтер¬ген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 15 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұрт¬шылы¬ғын, ғылыми әдебиетін, өнеркә¬сі¬бін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәс¬түрі¬нің, мұрасының қай дәрежеде еке¬нін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөл¬шері”. Яғни, қоғамның дамып өз¬ге¬руі, мәдениетінің өркендеуі тіл дең-гейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде: “Қазақ қазақпен қазақ тілінде сөйлессін” деп атап көрсетіп еді. Шынымен де, қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлес¬пеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | "Егемен Казакстан», "Казакстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдауы

Кiрiспе
«Егемен Казакстан», «Казакстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдауы.
Негiзгi курстық жумыстың мақсаты: «Егемен Казакстан» және «Казахстанская правда» газеттерiнiң қоғамдық саяси лексикалық салыстырмалы талдау мен осы екi газеттерiнiң аударылуы . ұқсастығы мен айырмашлықтарын көрсету . Осы екi газеттi талдамас алдында оның тарихын бiлу қажет болғандыктан, баспасөз тарихы мен «Правда» газетiнiң қоғамға тигiзген улесi, тарихынан малiмет бере отырып баспасөздiң қоғамға қажеттiлiгiн көрсетудi мақсат еттiк .
Қазақтың мерзiмдi баспасөзi Қазақстанның Россияға косылу натижесiнде пайда болды. Орыс халкының азат мәдениетiнiң игi әсерiмен Ш.Уалиханов, ЫАлтынсарин, А.Құнанбаевтар қазақтың демократиялық публицистикасы мен реалистiк жазба адебиетiнiң негiзiн қалады. Қазақ халқының ауыз әдебиетi мен ақын жазушыпарының шығармалары баспа жузiн көрдi. Сөйт1п XIXғ бас кезiнде және екiншi жартысында қазақ тiлiнде кiтап, газеттер шыға бастады. Сол жылдары В.И.Ленин баспасөздiң тарихын қоғамдық, демократиялық, әлеуметт1к қозғалыс тарихымен байланысты тексерiп. зерттеудi талап еттi.....
Курстық жұмыстар
Толық

Политология | КСРО ның күйреуі және Қазақстанның егемендік алуы

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Еуразияның кіндік тұсында жаңа мемлекеттің пайда болып, көк жалауын желбіреткеніне міне 15-ші жылға аяқ басып барады. Осы он жылдан астам уақыт аралығында елімізде бір ғасырға татырлық оқиғалар болып өтті. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікке қарай басқан әрбір қадамын оңай болды деп ешкім айта алмас. Өйткені, жас мемлекетіміздің алдында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін оны орнықтыру, қалыптастыру, нығайту сияқты қыруар жұмыстар тұрған болатын. Оның үстіне бұл жұмыстардың барлығын кеше ғана тоталитарлық режимде болып, демократияның не екенін білмеген елде және жоспарлы экономикадан бірден нарықтық қатынасқа көшкен елде іске асыру өте қиын болатын. Десек те, осы он жылдан астам уақыт аясында біраз шаралардың атқарылғаны белгілі.
Ең бастысы ежелгі қазақ жерінде Республикадағы негізгі көш бастаушы қазақ ұлтының төңірегінде елімізді мекендеуші 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі қамтамасыз етілді.
Саяси салада демократиялық қоғамды бетке ала отырып, кең көлемді саяси процестерді атқарудың сәті түсті. Кейбір ішкі саяси дағдарыстарға қарамастан Республикамызда Президенттік басқару орнығып, билік құрылымдарының барлық сатыларының рөлі белгіленіп, ішкі саясат саласының басты стратегиялары айқындалып іске асырылып келед ....
Дипломдық жұмыстар
Толық