Медицина | ДӘРІЛЕР ДӘРІ-ДӘРМЕК ЗАТТАРДЫ ЕНГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ

Терапевтік маңызды шаралардың бірі — дәрі-дәр-мекпен емдеу. Мейіркеш сол бөлімшенің жұмысы үшін қажетті дәрі-дәрмектерді дұрыс жаздырып алып, олар-ды сақтауды дәрілерді дер кезінде сырқатқа үлестіруі және олармен емдеу әдістерін білуі тиіс. Дәріні тек ме-йіркеш таратады және сырқат адамдар тек мейіркеш кө-зінше ішуі тиіс. Бұл жұмысты кіші медициналық қызмет-керлерге немесе сырқаттың өзіне сеніп тапсыруға үзілді* кесілді тиым салынады.

ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖАЗДЫРЫП АЛУ
.Дәріханадан дәрілерді жаздырып алып, оларды бел-меде сақтау тым маңызды да жауапты іс. Рецепті жазу кезіндегі зейін қоймаушылық әсіресе қатты әсер ететін және улы заттарды жазып беруде қате жіберу, сырқатқа орны толмасзиян келтіруі мүмкін. Мейіркеш дәрі-дәрмек заттарын дүрыс ұстап тұтынудың ережелерін барынша игеруі тиіс.
Дәрілерді күнделікті жазып алдыру қажет. Дәрігер-лік аралап шығу кезінде қатысқан мейіркеш дәрігердің барлық белгілеулерін мұқият жазып алуы тиіс. Аралап шыққаннан кейін мейіркеш ауру тарихынан барлық бел-гіленген дәрі-дәрмектерді арнайы қағазға және рецеп-туралық дәптерге жазып алады, ол дәптер немесе қағаз екіге белінген: оның біреуін дәріханаға дәрі-дәрмек да-ярлауға жібереді, ал екіншісін белімшеде бақылау үшін алып қалады. Қатты әсер ететін және улы дәрі-дәрмек-тер белек дәптерге жазылады, онда сырқаттың аты-жө-ні, ауру тарихының нөмірі, күні, ампула саны жазылып, мейіркеш қолын қояды. Бөлімшенің барлық рецептурасы аға мейіркешке келіп туседі. Ол өз кезегінде рецептің дұрыс жазылғандығын тексереді де, оны белім меңгеру-шісіне апарып тексертеді, қол койғызады, міне, содан кейін барып дәріхана оны даярлауға кіріседі. Ірі ауру-ханаларда дәрі-дәрмекті белімшелсрге апаратын арна-йы көлік бөлінген.
Мейіркеш дәріханадан дәрі-дормск қабылдау кезінде дәріхана тізіміндегі жазуларды рецептуралық дәптерде-гі жазылғандармен салыстырып, дәрі-дәрмектін, мөлше-рін, сыртқы түрін текссреді де содан соң барлық дәрі-лерді арнайы шкафқа жабады. Мөлшерінде қандай да бір ауытқу немесе дәріпі даярлауда кемшілік кездессе, мейіркеш бұл жөніиде бөлімше бастығына жедел хабар-лап, ол препаратты дәріханаға қайтарады.
Дәріханадан дәрі-дәрмек заттары қолдануға дайын күйінде келіп түседі. Дәрінің сыртқы орауын ауыстыру-ға, сұйық дәріні бір шыпыдан екіншісіне құюға, ұнтақ дәрілерді немесе түймедақты бір пакетке қосуға, ұнтақ дәріден ерітінді жасауға мейіркештің құхы жоқ, сыртын-да жазуы жоқ дәріні сақтауға рүқсат етілмейді. Дәрі-дәрмекпен шұғылданғанда мейіряеш аса үқыпты және абай болуы тиіс. Сырқатты дәрімен емдемес бұрын, дәрі оралған сыртқы қағазын мұқият оқып шығуы тиіс. ....
Рефераттар
Толық

Дәрі дәрмексіз емдел

✅ 1. Тамағыңыз жыбырласа

Құлағыңызды қолыңызбен қатты басып уқалаңыз. Құлақ жүйкесін қалпына келтірген кезде, тамақтың бұлшық еттері жиырылады. Бұл жағымсыз жыбырлаудан арылуға септігін тигізеді.

✅ 2. Сыбырлап айтқан сөзді түсінбеген болсаңыз

Сыбырлаушыға оң құлағыңызбен бұрылыңыз. Оң құлақ жылдам айтылған дыбыстарды жақсы қабылдайды. Ал егер ақырын ғана шығып жатқан әуенді тыңдағыңыз келсе, сол құлағыңызды тосыңыз. Ол әуенді оң құлағыңызға қарағанда жақсы айырады. ......
Кеңестер
Толық

Дәрі дәрмексіз асқазан жұмысын жақсартудың жолы

Асқазан-ішек жолдарының біздің өміріміздегі маңыздылығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Алдымен тамақтану, сонан кейін сіңдіру, артынан дәрумендерді және пайдалы заттарды токсиндерден бөліп алу... Және күн сайын осылай. Өкінішке орай, біздің қоғамды фаст-фуд, кока-кола сынды тағамдар жаулап алды. Ал бұл асқазан үшін адам айтқысыз ауырлық әкеледі. Сондықтан болар, асқазан-ішек жолдарының қиындықтарынан зардап шегіп, дәрігер көмегіне сүйенетіндердің қатары күн өткен сайын артып келеді. Бүгінде ғылымда онға жуық асқазан-ішек ауруы белгілі болған. Ғалымдардың айтуынша, адам жүйесі мен басқа ағзалары асқазанның жағдайымен тығыз байланысты екен. Дұрыс жұмыс істейтін асқазан әдемі тері, дені сау шаш, белсенді зат алмасудың кепілі.

Оқырмандарымыздың арасында да майлы немесе тез дайындалатын тағамдарды жиі пайдаланып, асқазан-ішек жолдары ауруларына тап болып жүргендер бар болар. Ендеше, пайдалы кеңестер легі сіз үшін. Асқазанға қалай көмектесеміз? Қандай ережелерді ұстану керек? Іш қату, іштің кебуі сынды ішек аймақтарындағы жағымсыз сезімдердің алдын алуға бола ма? ......
Кеңестер
Толық