Пән: География Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды Сабақ мақсаттары: Мұхит суының тұздылығына сипаттама жасайды Мұхит суының температурасына сипаттама жасайды. Оқушылар атлас картаны қолдана отырып мұхит суының қасиеттерінің таралуы бойынша талдайды. ....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Қоршаған орта. Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні. Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе) Сабақ мақсаты: Жануарларды қорғау тақырыбы бойынша эссе жазады......
Сабақтың қысқаша мазмұны: Ақпараттық оқу сауаттылығы түсінігіне тоқталу. Танысу сәті «HELLO» әдісі, «Кітапты тап» ойыны. Сыныпты 2 топқа бөлу. «Кітапты тап» ойынының тапсырмасы: Тақтаға кітаптардың мұқабасын іліп, оқушыларға сол кітапты кітапхана ішінен өздері тауып алып келу. Оқушылардың бойында оқу сауаттылығын даумыту.....
Сабақтың тақырыбы: Reading for Pleasure/ Чтение для удовольствия/ Кітап – ең сабырлы ұстаз
Мақсаты: Ағылшын тіліндегі кітаптардың мәтінін оқу мен саралау (анализ) арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Сабақтың қысқаша мазмұны: Әр топқа әр түрлі мәтін беру. Оқу және тыңдау қабілеттерін дамыту мақсатында «Penguin», баспасының кітаптар жинағынан мәтіндерін оқып, аудио жазбасын....
Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы - 361 млн км,Мұхит суының басты қасиеті-температурасы мен тұздылығы.Терендеген сайын суының температурасы төмендей түседі: 3000-4000 м,аралығында +2°-0°. Дүниежүзілік мұхит суының құрамы: суда еритін тұздар, газдар, органикалык және ерімейтін т.б. заттар.1 литр мұхит суындағы тұздың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Ол промилле арқылы өлшенеді. Мұхит суының орташа тұздылығы-35 0/о.Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық. Қызыл теңізде, 41"/ю.Мұхит суынын беткі температурасы полюстерге қарай төмендей түседі.Дүниежүзілік мұхит мұздықтары бір жылдық, көп жылдык, қалкыма (айсберг) больш бөлінеді. Мұхит пен материк арасындагы өзара байланыс - муссондар болып табылады.Мұхиттың белгілі бір бөліктерін ашып жатқан зор көлемді суды - су массалары деп атайды. Су массалары: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық болып бөлінеді. Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғал айналасында беткі ағыстар пайда болады. Мұхиттык ағыстар: Солтүстік пассат ағысы, Гольфетрим,-Солтүстік Атлант ағысы, Канар суық ағысы. Бразилия ағысы, Батыс желдер ағысы, Бенгал ағысы.....
Ұлыбритания¬¬-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде корольдің билігі мен өктемдігі бүтіндей үкіметтің министрлер кабинетінің қолында. Ұлыбританияның заң шығаратын өкіметі- екі палаталы парламент (құрамында король, лордтар палатасы және қауымдық палата). Екінші дүниежүзілік соғыстан жеңімпаз болып шыққанмен де, Ұлыбританияның экономикалық және саяси позициясы едәуір әлсіреді. Адам шығыны Бірінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда аз болды, бірақ материалдық шығындары бірнеше миллиард фунт стерлингке жетті. Ол АҚШ-ка ұзақ уақыт бойы экономикалық және саяси тәуелді болып қалды. Ұлыбритания өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны жөнінен жетекші капиталисттік елдерден көп кейін қалды. Бұл жылдардағы жағдайды Ұлыбританияның соғыс жылдарындағы премьер-министрі У.Черчиль «Триумф және қасірет» деп атады. 50 жылдардың соңында ГФР, ал 60 жылдардың соңында Жапония өнеркәсіп өнімін өндіру дәрежесі жөнінен Ұлыбританияны басып озып, оны капиталисттік дүниеде 4-орынға ығыстырды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін империалзмнің, оның ішінде Британ империясының отарлық жүйесі күйрей бастады. Ұлт- азаттық қозғалысының мықтап өрлеуіне байланысты Британ империалистері Үндістанға тәуелсіздік беруге (1947) мәжбүр болды, бірақ елді діни наным бойынша екіге бөлінді. Бирма мен Цейлон (Шри Ланка) егемендік алды (1948). Езілген халықтардың күресі Ұлыбританияны отар елдерінің бәріне дерлік тәуелсіздік беруге мәжбүр етті. Отарлық империяның ыдырауы ағылшын империализмін күрт әлсіретті, бірақ Ұлыбритания көптеген бұрынғы иеліктерінде едәуір экономикалық және саяси позицияны сақтап қалды. Ұлт-азаттық қозғалысына қарсы күресу мақсатымен Ұлыбритания агрессиялық блоктарын ұйымдастыра бастады. Таяу Шығыс пен Африкадағы отарлық позицияны нығайту үшін Ұлыбритания 1956 жылы Франция және Израильмен бірге Египетке қарсы қарулы шабуылы жасады. Совет Одағының, басқа да социалисттік елдердің Египетті қолдауы және дүние жүзіндегі прогресшіл жұртшылықтың қарсылық білдіруі нәтижесінде Ұлыбритания мен оның одақтастары Египетке қарсы соғысты тоқтатуға мәжбүр болды. ....
Соғыстың басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан бастады.Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты.Қауырт соғысжүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлық әскерінің үштен екі бөлігін топтастырды. 1939ж 3 қыркүйекте Англия мен Франця Польшамен одақтасты міндеттерін орындау мақсатында Германияға соғыс жариялады.1939ж 19қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдеді. Польшаға қарсы қауырт соғыс жоспарын іске асыру үшін неміс әскерінің барлық түрлері бір мезгілде екпінді шабуылға шықты.Сонымен қатар неміс ұшақтарын поляк қалаларын үздіксіз бомбылаумен болды.Немістер алғашқы күндері-ақ поляк әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып , Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алды Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді .Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйеккедейін шайқасты ,алайда күш тең емес еді. 1939ж 28 қыркүйекте Достық және шекаралар туралы кеңес- герман келісіміне қол қойылды .Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп жатқан соғыс поляк бөлімдері берілді .Осылайша Польша мемлекеті төртінші түсті . Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. 1939жылғы 23 тамызда кеңес-герман келісім бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының ықпал аймағы болуға тиісті еді. 1939ж қазанда КСРО Финляндияға Щығанағындағы бірнеше аралды Карел мойнағының және Рыбачий түбегінің бір бөлігін ауыстыру туралы және Ханко аралын жалға беру туралыталап қойды .Ханко аралында кеңес әскери –теңіз базасын салуды жоспарлады .Финляндия негізгі талаптарға келісті , бірақ Ханко аралын беруден бас тартты ,бұл Финлядияның қаіпсіздігіне нұқсан келтіретін еді .Қараша айында Финляндиямен шекараға кеңесә скерлері топтастырыла бастады.1939ж 26 қарашада Кеңес үкіметі Финляндияға әскерлерін шекарадан 25 шақырым алысқа алып кету туралы талап қойды . Фин үкіметі тура осындай қашықтыққа кеңес әскерлері шекарадан шегінсе ,бұл талапты орындаймыз деді .Алайда Кеңес Одағын қанағаттандырмады . 1939ж 30қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс жарияламай-ақ , Финляндияға шабуыл жасады. Бұл 1920 жылғы кеңес фин бейбіт келісімшартын , 1932 жылғы бір –біріне шабуыл жасамау туралы кеңес- фин келісімшартын және Гаага конвенциясын бұзу еді . Сонымен қатар бұл 1939ж жарияланған Финляндияға бейтараптылығын бұзу еді . Сондықтан бұл соғысты ірі мемлекеттің ұсақ мемлекетке күш көрсету деп есептеп , Ұлттар Лигасын Кеңес Одағына басқыншы деген айып тағып , оны 14 желтоқсанда Лига қатарынан шығарып тастады ....
Өнеркәсіп – бұл өндірістік сала. өйткені кез келген дайын бұйым міндетті түрде азды-көпті өнеркәсіптік өңдеуден өтеді. өнеркәсіптің қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтыды. Оған негіз болған қолөнер орта ғасырларда мануфактуралық өндіріске, ал ол өз кезегінде сан салалы өнеркәсіпке ұласты. Бұл өзгерістерге алдыңғы қатарлы елдерде өнеркәсіп өндірісін жолға қою үшін қажетті бастапқы күрделі қаржының жинақталуы және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуы түрткі болды. Жалпы алғанда, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптен тұратын қазіргі заманғы индустрия алуан түрлі өндірістерді жиынтығы болып табылады. өнеркәсіп өндірісі мен салаларының қаржыны, ғылымды, еңбекті, шикізатты, энергияны және суды қажет ету деңгейі әртүрлі. Өнеркәсіп өнімінің 10%-ы (өзіндік құны бойынша) өндіруші салаға тиесілі болса, қалған өнімді өңдеуші кәсіпорындар береді. Қазіргі заманғы өңдеуші өнеркәсіп байырғы (тас көмір, қара металлургия, кеме жасау және тоқыма), жаңа (автомобиль жасау, алюминий өндіру, химиялық талшықтар мен пластмасса өндірісі) және ең жаңа салалары (микроэлектроника, робот жасау, есептеуіш машиналар жасау, атом және аэроғарыш өндірісі және т.б.) қамтиды. өнеркісіп өндірісі құрылымы жағынан ғана емес, ұйымдасуы және орналасуы жөнінен де күрделі жүйе болып табылады. өнеркәсіптің орналасуына әсер ететін факторлар ел экономикасының даму жағдайына сәйкес ұдайы өзгеріске түсіп отырады. Бұл әсіресе өңдеуші өнеркәсіптің орналасуынан айқын көрінеді. Өнеркәсіптің жаңа салаларын орналастыруда еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері (білім және кәсіби деңгейі), көлік, байланыс, экологиялық жағдай, ғылыми-техникалық әлеует шешуші рөл атқарады. Өнеркәсіптің байырғы және жаңа салалары ірі өнеркәсіпті аудандардың қалыптасуына ықпал етті. Алғашқы өнеркәсіпті аудандар (Орта Англия, Рур, Силезия, Орталық Ресей, Орал) көмір алаптары мен метеллургия, тоқыма өндірісі негізінде қалыптасты. Жаңа өнеркәсіпті аудандар өндірістің күрделі сипатымен және оның орналасуына ықпал ететін факторлардың жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Дамыған елдерде ескі өнеркәсіпті аудандардың еңбек ресурстары мен дамыған инфрақұрылымы негізінде жаңа аудандардың қалыптасуы байқалады. Өнеркәсіптің орналасуына «астаналық» фактор да әсер етеді. Жаңа индустриялық аудандар өнеркәсіптің ел астанасы мен ірі қалаларының маңында шоғырлануынан пайда болуда. Мұндай аудандарда ғылымды көп қажет ететін ең жаңа өндірісті іске қосуға мүмкіндік бар, сонымен қатар өндірілетін өнім ірі тұтыну көзіне де бағдарланады.....
Адамдар ең негізгі өзіндік белгілері бойынша: яғни терісінің түсіне, бет бейнесіне, дене құрылысына, шашына және көздерінің бітіміне қарай үш улкен нәсілге: еуропоеидтерге, манголойдтерге және негроидтерге бөлінеді. Бұл нәсілдер өте ертеде пайда болған және олардың атаулары да олардың шыққан жерлеріне сәйкестендіріліп берілген. әрбір нәсілдерден олардың кейбір белгілері жөнінен бір-бірінен айырмашылықтар жасайтын жеке тармақтар пайда болды. Мысалы : еуропеоидтерге екі тармаққа- солтүстік және оңтүстік, манғолоидтер екі тармаққа- азиялық және америкалық, негроидтер екі тармаққа-африкалық және австралиялық болып бөлінеді, ал кейбір әдебиеттерде австралоид атауымен жеке нәсіл ретінде беріледі. Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты. Әр түрлі нәсілдерге жататын халықтардың бір-бірімен аралас некелесіп, ұрпақ беруі, барлық адамзат баласының биологиялық бірлігін көрсетеді. Бұл қайтымсыз процесс және де дүние жүзі халқының көпшілігін нәсілдік құрауыштары жағынан ала құлалыққа немесе әр түстілікке әкеледі. Сондықтан да мұндай жагдай, әсіресе иммиграция басым елдерде байқалады. (АҚШ, латын Америкасы т.б. аймақтар). Латын Америкасының көптеген халықтарын қалыптастыруға үш үлкен антропологиялық тип өкілдері қатысты. Дүние жүзінің белгілі бір халықтарының құрамында әр нәсілдік топтың өкілдері болуы немесе бірнеше ұлттардың бір-бірінен ерекшеленген антропологиялык айырмашылығы болмауы да мүмкін. Мысалы, Қытай, Тибет тіл жанұясында сөйлейтіе халықтардың барлығы да монғолоидтер, ( қытай, тибет, дұнған, чжуан, бирма т.б. халықтар). Ислам филасофиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш, Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзінше ұштастыра жаратады, яғни жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлігі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Адамзат тарихының өн бойында дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі болады. Бірінші жағдайға байланысты оның тотемизм, анемизм, натуризм, шаманизм, фетешизм, политеизм (бір тәңірлі ), монетим,(бір тәңірлі ), деизм (әлемді жаратқан соң оның одан дамуына араласпайтын,белгілі бір тұрпа күйінде емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім ) т.б. түрлері пайда болды. Діннің тайпалық – халықтық (мыс, иудаизм ) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. ....
Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.
ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ТАБИҒИ ҚОРЛАР ДАУЫ
Жердi бөлiсе алмай таусылған кейбiр елдер ендi мұхит пен теңiз түбiне таласуда. Өйткенi, сарқылуға айналған табиғи ресурстардың игерiлмеген бөлiгi судың астында сақтаулы. Жер бетiндегi түгелiсiп бара жатқан табиғи ресурстар үшiн күрес қыза түскен. Мұнай мен газ, бағалы және түрлi түстi металл, тасымал жолдары шектеулi көмiрсутегiлер әлемдiк саяси сахнаның күн тәртiбiне шықты. Кремль дайындаған “Ұлттық қауiпсiздiк стратегиялары” атты құжатта әлемдiк қорлар жолындағы тайталас Арктика, Таяу Шығыс, Баренцево мен Каспий теңiздерi, Орталық Азиядағы көмiрсутегiлерге бай мемлекеттерде орын алуы мүмкiн екендiгi айтылған. Халықаралық агенттiктер тарапынан ұсынылған деректерге сүйенсек, алдағы 10-15 жылда Жер шарында табиғи ресурстарды иемденудi көздейтiн күрес жиiлейдi. Өйткенi, жұмыр Жерге бұйырған мұнай мен газдың игерiлмеген бөлiгi (100 миллиард баррель) Солтүстiк Мұзды мұхиттың түбiнде жатыр. Қазiргi кезде миллиардтаған “қара алтынға” қожалық ету құқығына АҚШ, Дания, Норвегия, Канада мен Ресей таласуда. Тiптi, АҚШ, Канада мен Ресейдiң мұхит жағалауына тұрғызған әскери қалашықтары бар, ал қарулы қақтығыстарға дайын тұрған әскери қару-жарақтар кез келген сәтте берiлуi мүмкiн бұйрықты күтiп, қаңтарылған. Орыстар әскери-теңiз күшiнiң үштен екiсiн солтүстiк бөлiкке шоғырландырса, оларға қарсы Құрама Штаттардың әлемдi айбынымен ықтырған Екiншi флоты тұр. Мамандардың көпшiлiгi алдағы онжылдықта Жер шарында болмаған ең сұрапыл соғыс осы энергоқорлардың соңғы сарқыны сақталған Солтүстiк Мұзды мұхиттың төңiрегiнде болатынын айтады. Ресми деректерге сүйенсек, Арктиканың жағалауына жататын 5 мемлекет – АҚШ, Канада, Дания, Норвегия мен Ресей тек өздерiне тиесiлi жағалауда 200 мильге ғана иелiк етсе, мұхиттың қалған бөлiгi ешкiмнiң қожалығында емес. Мұхиттың бөлiгiн барынша молынан қарпып қалуға тырысқандарға БҰҰ тарапынан талап қойылды: егер мүдделi мемлекеттер мұхиттың өзге бөлiгiндегi елмен шектесетiн шекараларды анықтаса, мұхиттағы қосымша бөлiкке ие болады. ....