Сағындым сені, достарым, Жапанды кезген партизан, Жолбарыстай жортқан түн, Жер астында жанған шам:.ч Арқырай ұшқан алаурап Пулеметтен атқан оқ, Жабықсам, жалғыз сырласын Жадыратар сен де жоқ. Жапанда жалғыз бір қала Жаныма менің «тас қорған». Жақында еді ол мана, Жан досыма не болған?.. Жатырмын мұнда мен неге, Жарағым қайда бес қару?! Жалынбас ғұмыр пендеге.....
Өтер күн, сағымдайын өтер жылдар, Қартаяр сансыз адам өмір зырлар, Сенімен біз жайлаған Көкше сырын Жыр етер сұңқылдаған талай ділмар. Қауданды, қарағайлы жерін де айтар, Сүйікті қыз көзіндей көзін де айтар, Жаз бен қыс баурайында мекендеген, Меймандос берекелі елін де айтар. Біреулер сырлы, жұмбақ қызын да айтар, Бұлт басқан тау өркештен күзін де айтар, Мақтасар аспанын да, жерін - дағы Қыратты, жоңышқалы түзін де айтар. * * * Жүр менімен енді ілгері сен бірге, Бақыт пенен мехнатты жең бірге. Мезгіл-мезгіл үрлеп ыстық лебіңмен.....
Су сылдырап аққан кез еді, Кешке арықтың бойында. Жастар күліп жатқан кез еді, Әуестеніп ойынға. Достым, сонда біз екеуміз, Бақшада гүл жамылып, Жаттық ұзақ, ағаш төнді, Алдына алқа тағынып. Талай сырлар, талай жырлар, Ағытылды, жырланды. Талай күйлі, сұлу сөздер, Ақтарылды сырланды. Сонда сенің жүрегіңде, Арман бар еді, сыр бар еді. Сол сырыңды айтқаныңда, Менен басқа кім бар еді?........
Отандық танымал әнші Серікбол Сайлаубек қасында жүрген сенімді досы нағыз алаяқтың өзі болып шыққанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, ол адам тек оны ғана емес, өзге жандарды да "лақтырып" кеткен. Сонымен қатар, әншң танысының кесірінен 18 жастағы бойжеткен асылып өлгенін де айтты деп жазады nur.kz"Талантым-тағдарым" бағдарламасына сілтеме жасап.
Серікбол Сайлаубек талай адамға қиянат жасап келген жігітті мүлдем адам санатына жатқызбайтынын жеткізді. Әнші ол сияқты жандарды шайтан деп есептейді.
Өнер иесі өзін алдап кеткен азаматтың кесірінен жас ару асылып қалғанын да жасырмай айтты.
Уа, барша әлеумет, Сардарға бата берейік. Біріміз қалмай, бәріміз, Батырға түгел ерейік. Кәріміз бен жасымыз, Патшаға қарсы аттанып, Ер қаруы бес қару, Бойымызға ілейік. Бостандық үшін ту ұстап, Батырға өміртілейік. Қаһарман қол - сарбаздар, Көк тілгендей жарқылдап, Найзағайдай төнейік. Қарсы келген дүшпанды, Жермен - жексен көмейік. Батыр киген ақсауыт, Оқ дарысын демейік.....
Әппақ аққу, әппақ қаз, Келер жылы болар жаз. Әппақ көңіл, әппақ таң, Ғұмыр деген тым - ақ аз. Көкте ұшқан пірлерім, Сендермен бірге бірледім Сендермен ұшып түрлендім. Тілегімді қабыл ет, Алдыма келген пендемнің Сырқауын емде, тездеп жаз!
*** Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, Бата алған тамам бақсы асқан ата. Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен, Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда.....
Жасырмай айтар болсам жан сырымды , Тағдырым қарауылға қанша ілінді. Ерліктің қос қанаты деп білем мен, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.
Елдің ерлігін тану үшін қашанда оның әрі тұлғаларымен ,айқындала түсетінін биіктерден барып білесің.Тарих көшінде миллиондардың атын шығаратын бірегей бір туар тұлғалардың да қажеттігі осыдан шығар.Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлова, М.Мәметова , Х.Доспанова ерліктерін көрінген ер шыдай бере алмайтын сұрапылда қан майданның қақ ортасында жүріп ерлік көрсеткен қазағымның қаһарман қыздары.Жарты әлемге ықпалын жүргізіп келген Кеңес Одағының барлық ұлтын жас ұрпағына қайсарлықтын,жігерліктің ,отансүйгіштіктің өнегесі ретінде ұсынылып келген қаһарман.Жангешті ерлігінен соң қазақтың аяулысына,аруақтысына айналып,есімін мыңдаған сәбилерге сыйлаған өзінің тірі ескерткіштерін көбейтіп кеткен қазақ қызы. Кешегі қызыл империяның ресми идиологиясы Әлияның құның әрине,кеміткен жоқ.Керісінше оның ісін өзін аяулы тағдырын ұрпақ тәрбиесіне «ұрпақ болғанда комсомолдармен пионерлер » тәрбиесіне мейілінше пайдаланды.Әлия – аты аңызға,ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің,текті қыздардың кіндігін кескен жердің перзенті......
Әрбір жанның қасында өзі сенім артарлық,бар сырымен бөлісетін сырласы,өмірлік серігі болады.Ол әрине,сенің ең адал досың.Дос деп кімді айтады?Дос деп бар қуанышыңды бөлісетін,қиын сәтте жаныңнан табылатын,сенен еш нәрсені аямайтын, адал жанды айтады.Сені әрқашан жігерлендіріп отырады,құлағанда сүйеніш болады.Жылағанда жұбатып,қуанышыңда әркез бірге болатын жан.Міне,осындай жанды нағыз дос деп айтуға болады.
Осындай адал сенімді дос бәрінде бірдей бола бермейді.Біреуі адал,біреуі амал.Жақсы досты табу үшін де ,ең алдымен өзіңді дұрыстау қажет. Өзің жаман болсаң,жақсы досты несін іздейсің?!Сен қандай болсаң,жолда сондай достар жолығады.Қазақта сөз бар «Жігітті жолдасына қарап бағала».Бұл мағынаны аша келгенде, сенің жолдасыңның өзің секілді болатынын айтады.Яғни,сен қандай болсаң, жаныңдағы серігің дәл сондай.Сондықтанда өзіңе адал дос іздесен, ең алдымен өзіңді жөнде.......
Менің бала көңілімдегі ойлар тізбегі алдымен «Менің атым Қожадағыдай» көз алдымнан өтетіндей. Себебі, бала кезімізден Қожа туралы кино көріп өстік. Кейіннен кітабын қызығып оқыдық. Ауылда Қожа мен Жанарға, Жантасқа ұқсайтын балалармен дос болдық. Кітабындағы әр кейіпкер жанымызға жақын болды. Мектеп директоры мен Майқанова апай ше? Шыр-шыр етіп, балаларға білім береді, жақсы, тәрбиелі болуға шақырады. Міне, осы кітап арқылы біз өзіміздің жақсы-жаман жақтарымызды біліп, ой қорытамыз.
Иә, кітап – менің ақылшы досым. Кітап – әрі, бар білім-ғылымның қайнар көзі. Қазіргі кезде жаңа технологиялардың дамуына қарамастан, кітаптың алатын орны мен үшін өзгермейді. Ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітаптың бетін ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғатын, жаңа құндылықтарын үйренесің.
«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» деп текке айтылмаған шығар. Кітап оқыған адамның шетте қалмасы анық. Өмірге келген жас бала, негізінен тәрбиені үш ортадан көріп, біліп алады. Ол – отбасы, жүрген ортасы және білімі. Мен өзім осы үш ортадан тәлім алып, ақыл түйемін. Егер бала үнемі кітап оқыса ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ұғады, неден үйреніп, неден жирену қажеттігін түсінеді деп ойлаймын.......