Қазақ тілі | Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі

КІРІСПЕ
Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында.
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар П.М. Мелиоранский [5], Н.И. Ильминский [6]және т.б. түркітанушылар еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көреткен сөйлемдері бүгінгі таным тұрғысынан алғанда жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды. Түркі тілдес халықтар ғалымдары да құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеу нысаны етіп алып қарастырды. Олардың қатарында М.З. Закиевтің «Синтаксический строй татарского языка», А. Жапаровтың «Синтаксический строй киргизского языка», Н. З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтардың авторлығымен жарық көрген «Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Синтаксис», Г.Г. Саитбатталовтың «Синтаксис сложного предложения в башкирском языке», К. Чонбашиевтың «Сложные предложения в русском и киргизском языке», Н. Нартыевтің «Строй сложного предложения в современном туркменском языке», сондай-ақ «Грамматика хакасского языка», «Грамматика татарского языка» т. т. еңбектерді атап өтуге болады. Аталған мәселе төл ғалымдарымыздың да назарынан тыс қалмады.
Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол нысаны құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір, М. Серғалиев, Б. Шалабай еңбектерінің мәні зор.
Диплом жұмысының өзектілігі.
Қазіргі қазақ тілін мектепте, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытудың өзіндік қиыншылықтары бар. Оның басты себебі, біріншіден, іс жүзінде бір-бірімен сабақтас, белгілі бір жүйемен оқытылуға тиіс білім беру сатыларының бағдарламалары арасында байланыстың жоқтығы болса, екіншіден, оған сәйкес жазылатын оқулықтарда берілетін материалдардың мазмұнының арасындағы елеулі айырмашылықтар. Аталған сәйкессіздік тіл білімінің барлық салаларында да орын алатындығын мойындауымыз керек. Айталық, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны қанша, оған қай дыбыстар жатады деген мәселеге қатысты әр автордың оқулығынан әр түрлі жауап алуға болады. Бұл жайт бағдарламалар мен оқулықтарда берілген құрмалас сөйлемнің түрлеріне де қатысты. Сондықтан оны айқындау ісі жұмыстың өзектілігін танытады.
Диплом жұмысының мақсат-міндеттері
Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихына шолу жасау;
- құрмалас сөйлемдерді топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау;
- әр ұстаным бойынша құрмаластарды жіктеу;
- аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық